Жұмыс бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығына арналған мжмббс негізінде құрастырылды, Астана 2006ж



бет69/102
Дата26.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143929
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
6) Тапсыру мерзімі: 2-ші апта.


7) Әдебиет: негізгі және қосымша
8) Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т. б.):
Сұрақтар:

  1. ЖИА анықтама беріңіз.

  2. ЖИА алып келетін себептер.

  3. ЖИА қауіп факторлары.

  4. ЖИА кезіндегі ауырсынудың ерекшелігі.

  5. ЖИА ЭКГ белгілері.

  6. ЖИА алдын алу шаралары.

Тесттер:

  1. «Кеуде құрбақасы» - (грудная жаба) – angina pectoris – деп аталатын науқастың аталуы :

  1. стенокардия ұстамасы

  2. тұншығу ұстамасы

  3. жүрек соғу ұстамасы

  4. жөтел ұстамасы

  5. іштің ұстама ауруы

2. Миокард инфарктісіндегі ауырсынудың стенокардиядағыдан айырмашылығы:

  1. ұзақтығы мен қарқындылығы

  2. орналасуымен

  3. сипатымен

  4. туындау механизмімен

  5. иррадиациясымен

3.Нитроглицеринмен басылатын ауырсыну:

  1. эндокардитте

  2. кардионеврозда

  3. стенокардия ұстамасында

  4. перикардитте

  5. миокардитте

4. Стенокардияға ... тән емес.

  1. зілдей басып ауру

  2. күйдіріп ауру

  3. шаншып ауру

  4. сығып ауру

  5. пышак суккандай ауырсыну

5. Жүрек демікпесі дегеніміз:

  1. сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі бар адамдағы аралас сипаты тұншығу ұстамасы

  2. ларингоспазмға /түйіліуіне/ байланысты инспираторлы тұншығу ұстамасы

  3. туа біткен жүрек ақауы бар науқастағы жөтел ұстамасы және қан қақыру

  4. бронхообструктивті синдромы бар аурудағы экспираторлы тұншығу ұстамасы

  5. физикалық жүктеме кезіндегі аралас сипатты ентігу

Есептер:
1. Бөлімшеге науқас С., 65 жаста келіп түсті. Тыныштық жағдайда ентігуге шағымданады. Науқас төсекте қолын тіреп отыр. Біршама диффузды цианоз байқалады. Тынысы шулы, стридорозды, алыстан естіледі. Тыныс алу да шығару да қиындаған.
1. dyspnoe дәлірек себебі қандай?
2. Стридорозды тыныс туралы түсінік.
3. Орталық цианоз не туралы айтады?
4. Тыныс алудың және шығарудың қиындауымен ентігу қалай аталады?
5. Кеуде клеткасын палпациялау арқылы нені анықтауға болады?
2. 2 қабырғааралықта оң жақта бірден әлсіреген 2 тон, Боткин нүктесіне қарай интенсивтілігі төмендейтін диастолалық шу естіледі. Жүрек ұшында әлсіреген 1 тон, тұрақсыз пресистолалық шу естіледі.
1. Айтылған аускультативті кқріністің себебі қандай?
2. Көрсетілген пресистолалық шу қалай аталады?
3. Осы жағдайда бөдене бытпылын естуге болады?
4. 1 тон ыдырауы пайда болуы мүмкін бе?
5. Көрсетілген шу қолтықастында естілуі мүмкін бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет