Жұмыс бАҒдарламасы қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы пәнінің 050203 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған



бет4/11
Дата12.05.2023
өлшемі273 Kb.
#92371
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс.

Тәжірибе

Зерт.

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

1.

Кіріспе.

1

1




3

4

2.

Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті.

1

1




3

4

3.

Ежелгі түркі мәдениеті.

1

1




3

4

4.

Ислам ықпалымен рухани жаңғыру және оның мәдени-өркениеттік мазмұны. Исламның таралуының кезеңдері мен маңызы, сипаты мен ерекшеліктері.

1

1




3




5.

Ортағасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі.

1

1




3

4

6

Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері.

1

1




3

4

7

Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны (тарихи- мәдениеттанулық враптама).

1

1




3

4

8

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері.

1

1




3

4

9

Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы.

1

1




3

4

10

Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы.

1

1




3

4

11

Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы

1

1




3

4

12

Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы.

1

1




3

4

13

Қазақ ағартушылығының мазмұны.

1

1










14

ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасының мұрасы.

1

2




4

4

15

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі.

1

1










Барлығы:

15

15




30

60
3. ПӘННІҢ КУРСТЫҚ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Дәріс1. Кіріспе.
«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» курсы ежелгі дәуірден бастап ХХ ғ. басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұлттық мәдениет – бұл күрделі, көп құрамды құрылым, өзара байланысты және иерархиялық бағынышты құрылымдық элементтерден тұратын жүйе. Рухани мәдениет мазмұнына діни- философиялық идеялар мен көзқарастар, идеалдар мен ілімдер, космогониялық білімдер, культтер, дәстүрлер, ритуалдар, өнер жазу, көркем әдебиет және т.б сияқты компоненттер жатқызылады.
Дәріс 2. Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті.
Қазақстан территориясындағы этно - және мәденигенездің екі кайнар көзі көпғасырлы ежелгі ирандық және ежелгі (орта азиялық) түркілік арақатынас туралы түсінік. Архаикалық мәдениет ерекшеліктері: синкретизм, ұжымдық қисынға дейінгі ойлау сипаты және т.б. «Авеста» ежелгі Қазақстан тайпалары туралы. Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, діні мен өнері. Ежелгі ирандық «нанымдардың, зороастризмнің, буддизмнің таралуы. Тілдер. «Аң стилің өнері. «Есік қорғаны» және ежелгі сақтар өнерінің әлемдік маңызы. Қола және ерте темір дөуірлеріндегі петроглифтер.


Дәріс 3. Ежелгі түркі мәдениеті.
Дәуірдің этнолингвистикалық сипаттамасы. Түркі тілдері. Руналық жазу. ҮІІІ ғ. Орхон жазбалары рухани мәдениеттің көрнекті ескерткіші ретінде. Ежелгі түркілік генеалогиялық аңыздар. Көшпелілік, оның этномәдени және архаикалық-психологиялық аспектілері. Көшпелілер мен отырықшы өркениеттер арақтынасының мәдени-тарихи алғышарттары және мәдени трансформация мәселесі. Қытайлық-конфуциалық өркениетпен қарым-қатынас. Орталық Азияның рухани мәдениетіндегі түркі-ирандық (соғдылық) синтездің көрінісі. Зороастризмнің, буддизмнің, христиандықтың, манихейліктің таралуы. Діни-миссионерлік бағыттағы (буддистік, манихейлік және т.б. жазбалар) ежелгі ұйғыр жазбаларының ескерткіштері. Қазақ халқының дүниетанымындағы, әдет-ғұрпындағы тәңіршіліктің көріністері.
.

Дәріс 4. Ислам ықпалымен рухани жаңғыру жэне оның мәдени-еркениеттік мазмұны.
Этикалық дінге (исламға) бет бұру зандылығы. Табиғи (тарихқа дейінгі) және этикалық діндер үғымы. Ұлттық-тайпалық политеистік культтен әлемдік монотеистік діни жүйелерге дейінгі діни сана сатылары. «Діннің, шариғат -«нәпсінің (табиғатты) жеңу және табиғат жаратушысы - Аллаға бағыну. Өркениеттік алға жылжу, "нағыз адамның " (К.Ясперс) дүниеге келуі. Өркениетгік сатының белгілері. Субөркениеттік модификациялар (субмәдениеттер), синтез және синкретизм туралы ұғымдар.
Тәңіршілдік пен ислам арасындағы ежелгі түркі тайпалары. Мұсылмандық құндылықтар жүйесі. Исламныц таралуының кезеидері мен маңызы, сипаты мен ерекшеліктері. Мұсылман өркениетінің жетістіктеріне Қазақстан түркілерін тартуда Араб Халифатының, Саманидтер мемлекетінің рөлі. Х-ХІІ ғасырлар - түркілердің жаппай исламдануының кезі. Сопылық бауырластықтардың қызметі. Рухани ұстаздар ("өулие", "баб"). Арыстан Баб, Ысқақ Баб, Әбдүжәлил Баб(Хорасан Ата). Исламның ұлы уағыздаушысы, ақын - сопы Қожа Ахмет Яссауи тұлғасы. Түркілердің ислам әлеміне интеграциялануының қорытындылары.


Дәріс 5. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі.
Түркілер Халифаттың білім мен ғылым жүйесінде. Қарахандық мәдени ренессанс. Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар. Түркі-ислам синтезінің жүзеге асуында "Шығыстың Аристотелі" - Әбу Насыр әл-Фарабидің түлғасы. Дүниетанымы: теоцентризм, универсализм. Қазіргі замандағы фарабитану жетістіктері. Махмұд Қашғаридың "Диуани лүғат ат түркі" - түркі мәдениетінің энциклопедиясы ретінде. Түркілердің тілі, рухани өмірі, діні, фольклоры туралы мәліметтер. Сырдария мен Жетісу қалаларынан шыққан мүсылмандық Шығыстың ғалымдары. Жазу, әдебиет. Араб тілінің таралуы және оның сакральды мәртебесі. Медреселер мен мектептер. Қүран мен Хадистер: олардың түркі өлеміне тигізген рухани әсері. Фарси тілінің түркілердің мәдени өміріне ықпалы. Жаңатүркілік әліпбидің (араб графикасында) пайда болуы. Ұлттық және жалпымұсылмандық мәдени компоненттердің өзіндік ерекшеліктерін сақтау, орнықтыру және үндестіру проблемалары.
Әдебиет және суфизм. Қарахандық әдеби дәстүр. Жүсіп Баласағүни. "Қүдатғу Білік" шығармасының көркемдік-эстетикалық және идеялық-философиялық негіздері. Ахмед Иугінеки және оның "Хибат ул хақайық" туындысы. Түркі-мұсылмандар дінінің сипаттамасы. Мистицизм мен теологияның гүлденуі. Суфизмнің түркілік мектебі жөне оның тарихи миссиясы. Суфизмнің дамуына және Орталық Азия халықтарын діни ағартуда




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет