Дәріс 8. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері.
Ислам-қазақ дәстүріндегі орталық, жүйеқұраушы элемент. Мәдениет жүйесіңдегі исламның экзистенционалдық, гносеологиялық, идеал туғызушы, өркениетті, ретке келтіруші, бақылаушы, біріктіруші, қорғаушы қызметтері. Қазақ исламының мінездемесі. Суннизм, ханафиттік мазхаб, суфизмнің әсері. Алтын Орда дәуірінің діни жетістіктерімен сабақтастық.
Исламдағы "бес парыз" және оны қазақтардың орындауы. "Бата" беру. Бөбекке азан шақырып ат қою. Мұсылмандық жеке есімдердің таралуы. Сүндетке отырғызу рәсімі. Неке қию. Полигамия және оның мазмұны. Мұсылмандық жерлеу рәсімі. Мұсылмандық сәулет өнері (мешіт, мазарлар). Мұсылмандық кітаби мәдениеттің әсері. Ұлттық-мұсылмандық діни дәстүр.
Дәріс 9. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы.
Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы. Фольклор жанрлары. Ертегілер мен аңыздар. Мақал-мәтелдер. Салт-дәстүр жырлары - беташар, жар-жар, сыңсу, өсиет, қоштасу, естірту, жоқтау, бесік жыры т.б. Батырлар жыры. Казақ эпостарының тарихшылдығы. Лироэпостық жырлар. Діни және шығыстық сюжеттегі дастандар мен поэмалар (киссалар). Араб-парсы классикалық әдебиетінің бай мұраларын қазақтардың меңгеруі. Қазақтардың этно-мәдениетіндегі ақын жыраулардың рөлі. Көшпелілердің шешендік өнері.
Дәріс 10 Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы.
Ислам өркениетінің құлдырауы және көшпеліліктің дағдарысы - тоқырау мен европалықтардан жеңілудің алғышарты ретінде. Дәстүрлі білім беру мен діннің дамуындағы қайшылықтар. Идеялық және рухани бастамалардың әлсіреуіне байланысты қазақ дәстүрінің жүйе ретінде ыдырауы. XIX ғ. білім беру және теологиялық оқыту жағдайы. Діни білімнің жағымды жақтары. Дәстүрлі білімнің жағымсыз жақтары. Дін басылары, ақсүйектердің (қожа мен төрелер) моральдық кері кетуі, олардың жаңа дәуірдің "шақыруларына" жауап бере алмауы.
Дәріс 11. Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы.
Әдеби-ақындық мұра. Дәстүрлі бағыттағы ақындар мен ойшылдар ("зар заман", "кітаби" ақындар, айтыскерлер және т.б.) Философиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, тарихи және діни тақырыптарға ақындардың ауызша суырып салушылығы(импровизация), ұлттық эпостарды орындау.
Діни және тарихи-патриоттық тақырыптардағы поэмалар және жырлар
Қисса-дастандар мен шығыс хикаяларын орындаушылар мен таратушылар. Орынбор, Уфа, Троицк, Астрахань, Орал, Қазан, Санк-Петербург типографияларында қазақ қисса-дастандарының басылып шығуы. Тарихи жырлар. Музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі.
Дәстүрлі музыканың дамуы. Өнердің дамуындағы жа.іа бағыттар. Абайдың, Ахмет Байтүрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Шәкәрім Қүдайбердіұлының музыкалық мұрасы.
Достарыңызбен бөлісу: |