Жұмыс бАҒдарламасы қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы пәнінің 050203 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған


Дәріс 12. Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы



бет7/11
Дата12.05.2023
өлшемі273 Kb.
#92371
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 12. Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы.
Шығыс ағартушылығының(жәдидизм) мәні. Қазақстандағы мұсылмандық-түркілік жәдидизмнің ұлттық түрі. Ұлы Абай және "Алаш" интеллектуалды қозғалысы. Түркия, Египет, Қырым, Еділ-Орал аймақтарындағы рухани орталықтардың рөлі. Исмаил Гаспралы жөне оның ой-пікірлерінің Қазақстанға әсері. Жаңаәдістік (жәдидтік) мектептер - оқу саласындағы реформаның мәні мен маңызы. Жәдидизм кезендері - мәдени-ағартушылық (1905 жылдан дейін) және саяси (1905 жылдан кейін). Жәдидизмнің қайшылықтары. Шығыс ойшылдарының өз жобаларын діни негіздеуге жөне синтез идеясын жасауға тырысуы. Түркі халықтарының жаңа интеллектуалды элитасы - мұсылмандық реформаторлықтың көрнекті өкілдері.
Дәріс 13. Қазақ ағартушылығының мазмұны.
Демократиялық бағыттағы алғашқы оқымыстылар, реформатор-ағартушылар. Ш.Уәлиханов - жаңа қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі ғалым-шығыстанушы. Ы.Алтынсариннің көзқарастары. Ағартушылық қызметі- Мұса Шорманов шығыстық-батыстық синтездің философиясын ұстанған қазақтың алғашқы қайраткерлерінің бірі. Оның үлы Садуақас Шорманов. Жәңгір хан ~ билеуші реформатор. 1841 ж. Бөкей ордасында алғашқы мұсылмандық-еуропалық мектептің ашылуы. Өзге де прогрессивті бастамалары, Жөңгірдің және оның ұрпақтарының мәдениетке қосқан үлесі. Дәуір және Абайдың идеялық-адамгершіліктік ізденістері. Абай және қазақ халқының рухани мұрасы. Қазіргі кезеңдегі Абайтану мәселелері. Абай Құнанбайұлының дүниетанымының қайнар көзі. Данышпан Құнанбай қажының әкелік рөлі. Жаңа, оқымысты қазақ идеалы (ежелгі ұлттық-сопылық "жауанмард" концепциясын шығармашылық қайта ойлау негізінде дамыту). Абай өлеңдері. "Ғақлия" ("Қара сездері").
Абайдың жаңашылдығы. Абай мектебі - оның ұрпақтары, туысқандары, достары және шәкірттері. Поэзиядағы - шығыс тақырыбы, орыс әдебиетінің аудармалары.


Дәріс 14. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасыны мұрасы.'
Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы, оның дүниетанымы мен және идеалдары. XX ғ. басындағы Қазақстандағы ағартушылықтың таралу жолдары. «Алаш» бағдарламасындағы мәдени-ағартушылық мәселе. XX ғ. басьндағы жәдидизмнің саясаттануы. Империядағы «мұсылмандық қозғалы және оған қазақтардың қатысуы.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани жандануының қазіргі замандық процесстерінде ХІХғ. аяғы - XX ғғ.басындағы қазақ және шығыс ойшылдары мен зиялыларының өркениеттік сұхбат туралы, исламның ұлттық-түркілік ерекшеліктері мен дінді терең талдау жөніндегі идеяларының маңыздылығы. Жаңа қазақ элитасы өкілдерінің көркемдік және ғылыми мұрасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет