2.2Тәжірибе мақсаты: студенттердің фармацияның басқарылуы мен экономикасының теориялық білімдерін жүйелендіру және дәріханалық ұйымдардың ұйымдастыру басқарушылық, финанстық-экономикалық жұмыстарын жүргізудің тәжірибелік дағдыларын бекіту.
2.3 Тәжірибе шаралары:
дәріханалық ұйымның мақсаты, міндеттері және миссиясы туралы ақпараттарды алу және анықтау;
дәріханалық ұйымның ұйымдастырылу құрылымымен және жұмысын басқару үрдісімен ұйымдық-құқықтық формасын ескере отырып танысу;
дәріханалық ұйымның мамандармен жұмыс істеу жүйесімен (мамандарды іріктеу үрдісі, фармацевтикалық мамандардың кәсіби және квалификациялық құрамы, мамандардың білімін жетілдіру, моралдық және материалдық ынталандыру жүйелерімен) танысу;
дәріханалық ұйымда іс-қағаздары мен құжаттар айналысын ұйымдастырумен танысу;
дәріханалық ұйымдардың негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдаумен және жобалау әдістерін ұйымдастырып жүргізумен танысу;
дәріханалық ұйымдардың негізгі экономикалық көрсеткіштерін жобалау үрдісімен (тауарлардың босатылу көлемін жоспарлау, тауарлар қорын нормалау, материалдық шығындарды және пайданы жобалау) танысу;
дәріханалық ұйымдарда тауарлы-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу (тауарлардың қозғалысын, ақша қаражаты мен есеп айырысу шоттарын есепке алу, еңбек ақыны есептеу, тауарлы-материалдық құндылықтарды тізімге алу) дағдыларын жақсарту;
дәріханалық ұйымның финанстық-шаруашылық жұмысының айлық есебін және бухгалтерлік балансын құрастыру дағдыларын бекіту;
фармацевтикалық қызметті тұтынушыларға кеңес беру және тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын жақсарту.
2.4 Тәжірибені өтудің соңғы нәтижесі:
Өндірістік практиканы өту кезінде студент меңгеруге тиісті дағдылар:
дәріханалық ұйымның (фармацевтикалық фирманың) мақсатын, міндеттерін және миссиясын анықтай білу;
ұйымдық-құқықтық формасын ескере отырып дәріханалық ұйымды басқару құрылымын анықтай білу;
фармацевтикалық мамандармен жұмыс істеуді ұйымдастыра білуі және қызметкерлерді жұмысқа іріктеу, қабылдау жүйесін жүзеге асыру дағдыларын меңгеру;
дәріханалық ұйымның (фармацевтикалық фирманың) іс-қағаздары номенклатурасына сәйкес іс-қағаздарын жүргізу және құжаттар айналысының тиімділігін жақсарту дағдыларын меңгеру;
дәріханалық ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау және жобалау әдістемелерін қолдана білу;
тауарлардың босатылу көлемін жобалау және тауарлардың нормативтік қорын нормалау дағдылары;
шығын түрлерін бөлек статьялар бойынша және жалпы көлемде, жалпы және таза пайда мөлшерлерін жобалау, дәріханалық ұйымның (фармацевтикалық фирманың) рентабельділігін анықтау дағдылары;
дәріханалық ұйымның негізгі заттарын, тауарларының қозғалысын, басқа да құндылықтардың есебін жүргізуді ұйымдастыру дағдылары;
дәріханалық ұйымда еңбекті, еңбек ақыны, ақша қаражатын, есеп айырысуды есепке алуды ұйымдастыру дағдылары;
дәріханалық ұйымда тауарлық-материалдық құндылықтарды тізімге алуды ұйымдастырып жүргізу дағдылары;
дәріханалық ұйымның қаржы-фармацевтикалық іс-әрекеті туралы айлық есебін және бухгалтерлік балансын жасау дағдыларын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |