Жұмыс бағдарламасы «Жалпы фармацевтикалық практика» өндірістік тәжірибе бойынша Мамандық: 5В110300 «Фармация»


Тәжірибе бойынша есепке дайындау реті мен қорғау мерзімі



бет4/10
Дата06.06.2023
өлшемі208 Kb.
#99131
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
РП-Общая-фармацевтическая-практика-4-курс каз (2)

2.8. Тәжірибе бойынша есепке дайындау реті мен қорғау мерзімі
Өндірістік тәжірибе бойынша студенттер кафедра меңгерушісінің шешімімен құрылған комиссия алдында дифференцирленген сынақ тапсырады. Өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша сынақты тапсыру бекітілген балдық-әріптік жүйемен тәжірибенің соңғы күні бағаланады.


Студенттердің өндірістік тәжірибе кезінде орындайтын жұмыстарының түрлері:

  1. Дәріханалық ұйымның мақсатын, міндеттерін және миссиясын анықтау және қажетті ақпараттық мәліметтерді алу жұмысы.

  2. Дәріханалық ұйымның ұйымдық құрылымымен, басқару үрдісімен ұйымдастырылу құқықтық формасының ерекшіліктеріне сәйкес танысу жұмысы.

  3. Дәріханалық ұйымның фармацевтикалық мамандармен жұмыс істеу жүйесімен танысу жұмысы. Мамандарды жұмысқа іріктеп алу үрдісімен танысу. Фармацевтикалық мамандардың кәсіби және квалификациялық құрамын талдау. Дәріханалық ұйымда мамандарды материалдық және моралдық ынталандыру, білімдерін жетілдіру жүйесімен танысу.

  1. Дәріханалық ұйымда іс-қағаздарын және құжаттар айналысын ұйымдастыру жұмыстарымен танысу. Іс-қағаздары номенклатурасымен танысу және жүргізу.

  2. Дәріханалық ұйымдардың негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау және жобалау жұмыстарының ұйымдастырылуы. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді: тауарлардың босатылу көлемі, тауарлар қоры жалпы және таза пайда мөлшерінің жобалану әдістерімен танысып, меңгеру жұмыстары.

  3. Дәріханалық ұйымдарда тауарлы-материалды құндылықтарды есепке алу және финанстық-экономикалық жұмыстардың есебін жүргізу: негізгі заттарды, тауарлар қозғалысын, басқа да материалдық құндылықтарды, еңбекті және еңбек ақыны, ақша қаражаттарын және есеп айырысу операцияларын, тауарлы-материалды құндылықтардың тізімге алынуын есептеу, айлық есеппен бухгалтерлік балансты құрастыру жұмыстары.



Өндірістік тәжірибені келісімді өту күндері мен уақыттары
Өндірістік тәжірибе өтудегі жұмыс уақытының ұзақтығы - 6 академиялық сағатты құрайды, өткізілу ұзақтығы - 12,5 күн.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет