2.5 Тәжірибенің реквизитіне дейін:
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері.
Фармацияның басқарылуы және экономикасы.
2.6 Тәжірибенің реквизитінен кейін
1. Фармация саласындағы менеджмент және маркетинг.
2.7 Тәжірибенің мазмұны
Практика базасының жалпы сипаттамасымен танысудың және алынған ақпараттар негізінде дәріханалық ұйымның (фармацевтикалық фирманың) мақсатын, міндеттерін және миссиясын қысқаша жазып көрсету.
Базалық дәріханалық ұйымның (фармацевтикалық фирманың) ұйымдық құ-рылымын және басқару үрдісін талдау. Құрылымдылық бөлімдерінің ұйым, фирманың ұйымдастырылу құқықтық формаларына сәйкес сипаттамаларын беру.
Дәріханалық ұйымның (фармацевтикалық фирманың) фармацевтикалық мамандармен жұмыс істеу жүйесімен танысу. Базалық дәріханалық ұйымның мамандарды жұмысқа тарту, іріктеп алу және орналастыру жүйесімен танысу. Ұйымда қолданылатын мамандарды жұмысқа тарту әдістерімен, мамандарды бағалауға қойылатын нормалар мен талаптармен танысып, оларды жазып көрсету.
Дәріханалық ұйымда іс-қағаздары мен құжаттар айналысының ұйымдастырылып жүргізілуі. Дәріханалық ұйымның іс-қағаздары номенклатурасына сәйкес құжаттардың толтырылу, жүргізілу тәртіптерімен танысып, жазып көрсету.
Дәріханалық ұйымның негізгі экономикалық көрсеткіштерімен және оларды талдау, жоспарлау әдістерімен танысу. Тауарлардың босатылу көлемі, тауарлардың нормативтік қоры, материалдық шығындар және пайда көрсеткіштерінің сипаттамалары. Тауарлардың босатылу көлемін, сатылған тауарлардың көлемін жаңа тауарлармен қамтамасыз етуді есептеу, шығын көлемін жалпы түрде жэне статьялар бойынша, пайда мөлшерін жоспарлаудың әдістемелік негіздерін меңгеру. Фармацевтикалық ұйым, фирмалардың рентабельділігін анықтау.
Дәріханалық ұйымдардың қаржы-экономикалық іс-әрекеті бойынша есеп беру және тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін ұйымдастырып жүргізу. Есеп құжаттарымен танысу. Негізгі заттардың, тауарлар қозғалысының және басқа да материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Еңбекті төлеу және еңбек ақы есептерін жүргізудің заңдылық, нормативтік-нұсқаулық құжаттарымен танысу және есеп құжаттарын қысқаша жазып көрсету. Ақша қаражаты есебін жүргізуді ұйымдастыру. Тауарлық-материалдық құндылықтарды тізімге алу құжаттарымен, толтырылу тәртіптерімен танысу. Дэріханалық ұйымның өндірістік-фармацевтикалық іс-әрекеті туралы айлық есебінің құрылымымен, безендірілу тәртіптерімен танысу. Бухгалтерлік счеттармен, бухгалтерлік баланстың құрылымымен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |