1.Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының даму ақаулары (сан сүйегінің тума шығуы бұлшықеттік қисық мойын, маймақтық)
2. Оқу сағатының саны: 7 сағат 20 мин.
3. Тақырыптың өзектілігі: ТҚА -ң туа пайда болған ауруларының мәселесі әлі де толық шешілмеген. Тірек-қимыл (аппаратының) жүйесінің даму ақауының ішінде санның шығуы жиі кездеседі. Туа біткен деформациясы ішінде 1-ші орында тұр. Кеш қалған диагностика ауыр асқынуларға алып келеді. Бұл проблеманың маңыздылығы, бұл аурудың алын-алу мүмкін емес. Хирургиялық емдеудің сұрақтары да толық шешілмеген.
Қисық мойын деформациясы жиі кездеседі, бұл басты тұрақты дұрыс ұстай алмау мен сипатталады. Бұның себебі әр-түрлі болып келеді. Емдеуді ертерек бастап, тұрақты емдесе толық жазылуға әкеледі. Қисық мойын үшінші орында тұрады және барлық аурулардың 15%-н қүрайды.
Туа пайда болған маймақтық (шотаяқ). ТҚА-ң даму ақауларының ішінде ең жиі кездесетіні болып табылады, Емдеу және алдын алу қазіргі уақытта әлі де маңызды.
4. Сабақтың мақсаты: Интерндерге ауруларды курациялауды, хирургиялық операцияларға қатыстыруды, шиналар қоюды, R-грамманы оқып, осы патологиядағы аурулардың емін және ерте диагностикалаудың тәжірибелік әдістерін меңгеруді үйрету.
Дәрігер - интерн білуге тиіс: ТҚЖ-ң ақауларының таралуын, патогенезін, клиникалық көрінісін, лабораториялық, рентгенологиялық және аспаптық зерттеу әдістерін;
туа пайда болған маймақтық және қисық мойынның клиникасын және диагностикасын;
консервативті және оперативті емдеу принципін, реабилитация әдістерін.
Дәрігер істей білу тиіс:
ТҚА-ң туа пайда болған даму ақаулары бар балаларды тексеруді жүргізуді;
анамнезді дұрыс жинау, науқасты дұрыс клиникалық қарауды;
осы патологияға күдік тудырған балаларды тексеруді;
лабораториялық, рентгенологиялық және аспаптық зерттеу әдістер мен тексерудің нәтижелерін талдауды;
ажырату диагностикасын жүргізуді, жіктелуге сәйкес диагноз қоюды;
оперативті емнің әдістерін таңдауды;
операцияға дейінгі және операциядан кейінгі ем тағайындауды;
клиникалық және рентгенологиялық тексеру нәтижелеріне қарап диагноз қоюды;