Лиофильдік коллоидтық жҮйелер
Лиофильдік коллоидтық жүйелердің түзілу шарттары мен термодинамика-лық тұрақтылығы. Ребиндер-Щукин критериі. Критикалық эмульсиялар. БАЗ ерітінділерінде мицелла түзілу. Мицелла түзілудің термодинамикасы мен меха-низмі. БАЗ мицелласының құрылысы. Мицелланың өлшемі мен пішіні. Мицел-ла түзілудің критикалық концентрациясы (МТКК). Мицелла түзілудің екі моделі. Крафт нүктесі. Ионды және ионсыз БАЗ-дың МТКК-сы. МТКК –сына көмірсутек радикалдар ұзындығының, қарсы иондардың концентрациясының және температураның әсері. МТКК-сын анықтау әдістері. Лиофильдік коллоидтық жүйелерді түзуге бейім сабындар мен полимерлер. Сабын – су жүйесіндегі гидрофобтық әрекеттесулер. Солюбилизация, солюбилизацияның биологиялық жүйелердегі ролі(майлардың организмдегі ассимиляциясы, дәрілердің сіңуі). БАЗ-дың жуғыштық әсерлерінің механизмі. Мицеллалық катализ.
Үлкен молекулалық қосылыстар (ҮМҚ). Макромолекуланың құрылысы. ҮМҚ-тың термодинамикалық қасиеттері. Агрегаттық күйлер. ҮМҚ-тың еріт-кішпен әрекеттесуі. ҮМҚ ерітінділері күйінің теңдеуі. ҮМҚ-тың еруі және ісі-нуі. ҮМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы, оптикалық қасиеттері, диффузиясы, ос-мостық қысымы. Шын лиофильді және лиофобтылардың аралығына жататын жүйелер, коацерваттар, бентонит сазының дисперсиялары.
Достарыңызбен бөлісу: |