Жұмыс бағдарламасы коллоидтық химия



бет3/12
Дата07.01.2022
өлшемі186,5 Kb.
#19115
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
99305-1

Тақырыптар


Сағат саны

Дәріс

Зерт.

СӨЖ

1

Кіріспе. Заттың коллоидтық күйі. Коллоидтар жайында түсінік

3

7

5

2

Молекулярлық әрекеттесу және фаза бөліктерінің беттік ерекше қасиеттері. Фазалар бөліну шекарасы. Фазааралық тартылу күші.

3

7

5

3

Адсорбция. Адсорбциялық қабаттар және олардың дисперсті жүйелердің қасиеттеріне әсері

3

7

5

4

Дисперсті жүйелердің түзілуі. Лиофобты және лиофильді коллоидты жүйелер

3

7

5

5

Дисперсті жүйелердің молекулярлы – кинетикалық қасиеттері. Броундық қозғалыс теориясы. Дисперстік жүйелердегі седиментация

3

7

5

6

Коллоидтық жүйелердің оптикалық қасиеттері. Коллоидтық жүйелердегі жарықтың таралуы және поляризациясы.

3

7

5

7

Коллоидтық ерітінділер. Коллоидтық бөлшектердің құрылысы.

3

6

5

8

Коллоидтық дисперсті жүйелер.

3

6

5

9

Дисперсті жүйелердің электрлік қасиеттері. Электрофорез, электроосмос. Екіншілік электрлік қабаттың құрылысы.

4

6

5

10

Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы. Агрегативті және седиментациялық тұрақтылық. Зольдер және суспензиялар. Көбіктер және эмульсиялар. Полимерлердің коллоидты дисперсиялары. Аэрозольдер.

4

6

5

11

Дисперсті жүйелердің және қатты денелердің физико – химиялық механикасы. Дисперсті жүйелердің механикалық қасиеттерін сипаттау. Дисперсті жүйелердің реологиялық қасиеттері.

4

6

4

Барлығы:

36

72

54

«Коллоидтык химия» пәнінең күнтізбелік жоспар


недели


Лекционные занятия

Лабораторные занятия

№ занятия

Часы

Тема

№ занятия

Часы

Тема

1

1

1

1

1

3

1

2

1

2

1

1

3

1

3

2

1

2

2

3

2

4

2

2

2

2

3

2

5

3

1

3

2

3

2

6

3

2

3

2

3

2

7

4

1

4

2

3

2

8

4

2

4

2

3

2

9

5

1

5

3

3

3

10

5

2

5

3

3

3

11

6

1

6

3

3

3

12

6

2

6

3

3

3

13

7

1

7

3

3

3

14

7

2

7

3

3

3

15

7

1

7

3

3

3

16

8

2

8

4

3

4

17

8

1

8

4

3

4

18

8

2

8

4

3

4

Итого




27







54






Теориялык курстың мазмұны

Кіріспе


Заттардың дисперстік күйдегі қасиеттерін және беттік құбылыстарды зерт-тейтін коллоидтық химияны физикалық химияның бөлімі ретінде қарастыру. Бізді қоршаған ортаға біртұтас химиялық көзқарастың қалыптасуы. Заттың кол-лоидтық күйі. Коллоидтық жүйелер – адамзат тіршілігінің материалдық негізі. Коллоидтық химияның ауыл шаруашылығында, металлургияда, химиялық жә-не басқа өнеркәсіп салаларындағы маңызы. Коллоидтық жүйелердің жалпы қа-сиеттері. Дисперстік жүйелерді фаза-аралық әрекеттесу қарқындылығына, дис-перстілігіне және фазалардың агрегаттық күйіне байланысты жіктеу. Лиофиль-дік және лиофобтық коллоидтық жүйелерге тән ерекшеліктер, олардың өзара-сындағы және ерітінділердегі, сонымен қатар үлкен молекулалы қосылыстар дисперсияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтар. Қазақстандағы коллоид-тық химия.
Дисперстік жүйелердің молекулалық-кинетикалық жӘне оптикалық қасиеттері

Дисперстік жүйелердің молекулалық-кинетикалық қасиеттері. Ерітін-ділер мен дисперстік жүйелердің молекулалық-кинетикалық қасиеттерінің уни-версалдылығы(әмбебаптығы). Броундық қозғалыс. Эйнштейн және Смолухов-ский бойынша броундық қозғалыс теориясы. Орташа ығысу. Коллоидтық жүйе-лердегі диффузия. Фик заңы. Диффузия коэффициентінің бөлшек өлшемдеріне тәуелділігі. Коллоидтық жүйелердегі осмостық құбылыстар, олардың биологи-ялық процестердегі ролі. Перрен-Больцманның седиментациялық-диффузиялық тепе-теңдігі. Авогадро санын есептеу. Седиментация. Сведберг, Свен-Оден жә-не Фигуровский бойынша седиментациялық талдау. Интегралды және диффе-ренциалды таралу қисықтары. Беттік ауданды анықтау. Моно- және полидис-перстік жүйелер. Седиментация процесін материалдардың өлшемдері бойынша жіктеуде, аэрозольдерді жиып алуда, газдарды тазартуда, суспензияларды тұн-дыруда т.с.с қолдану. Гравитациялық және ортадан тепкіш өрістеріндегі седи-ментация заңдылығы.

Дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері. Дисперстік жүйелердің опти-калық қасиеттерінің ерекшеліктері. Жарық шашырауы, Тиндаль эффек-тісі. Рэлей заңы. Жарық шашыраудың толқын ұзындығына, концентрацияға, бөлшектердің өлшеміне, дисперстік фаза мен дисперстік ортаның сыну көрсет-кішіне тәуелділігі. Жарық жұтылуы. Ламберт-Бугер-Бэр заңы. Бұл заңды ылай-лану ортада қолдану. Жұтылу коэффициенті, экстинкциясы, оптикалық тығыз-дық.

Коллоидтық химиядағы құрал-аспаптық әдістер. Нефелометрия коллоидтық жүйелердің концентрациясы мен дисперстілігін анықтау әдісі деп қарастыру. Бөлшектердің анизометрлігі мен бағдарласуының әсері. Дисперстік жүйелердегі жарық сәулесінің қосарланып сынуы. Бөлшектердің пішінін анық-тау. Түсті жүйелердің оптикалық тығыздығы және Ламберт-Бугер-Бэр теңдеуі. Дисперстік жүйелердің түстеріне дисперстіліктің әсері. Турбидиметрия бөл-шектердің концентрациясы мен өлшемдерін жалған жарық жұтылу бойынша анықтау әдісі деп қарастыру. Геллер теңдеуі бойынша бөлшектердің өлшем-дерін анықтау. Ультрамикроскопия. Электрондық микроскопия. Оларды бөл-шектердің концентрациясы, өлшемдерін және пішіндерін анықтау үшін қол-данылуы.


Коллоидтық химиядағы беттік құбылыстар
Молекулалық әрекеттесулер. Фазаның шекаралық бөлу қабаты, оның күш өрісі. Беттік керілу. Беттік қабаттың термодинамикасы. Гиббстің артық шамалар әдісі. Өзара еруі шектелген сұйықтықтың беттік бөлу қабатындағы қаныққан ерітіндінің фаза-аралық керілуі, Антонов ережесі. Жұғу, шеттік бұрыш. Юнг теңдеуі. Адгезия және когезия. Адгезия жұмысының шеттік бұрышпен байланысы. Дюпре-Юнг теңдеуі. Капиллярлық қысым. Лаплас заңы. Қаныққан бу қысымы мен ерігіштіктің жанасатын беттердің беттік қисығына тәуелділігі. Томсон (Кельвин) заңы. Фаза-аралық керілуді анықтау әдістері.

Қатты дене – газ шекаралық бөлу қабатындағы беттік құбылыстар. Адсорбция, адсорбенттер және адсорбаттар. Физикалық және химиялық ад-сорбция. Адсорбция изотермасы. Мономолекулалық адсорбция. Ленгмюр ад-сорбциясының изотермасы. БЭТ (Брунауэр, Эммет және Теллер) полимолеку-лалық адсорбциясының теориясы. Біртекті емес бетке адсорбция. Адсорбция-лық коэффициент. Адсорбцияның энергетикалық параметрлері.

Ерітінді – газ шекаралық бөлу қабатындағы беттік құбылыстар. Гиб-бстің фундаменттік(іргелі) теңдеуі. Беттік керілудің ерітіндінің концентрация-сына тәуелділігі. Беттік активтілік. Беттік активті (БАЗ) және беттік инактивті (БИАЗ) заттар. БАЗ молекуласының дифильдік құрылысы. БАЗ молекулалары-ның гидрофильді-липофильді балансы (ГЛБ) туралы түсінік. Дэвис, Гриффин бойынша ГЛБ-ты анықтау. БАЗ-дың биологиялық айрылуы және оның табиғи су қоймасы үшін маңызы. БАЗ молекуласының өлшемі мен құрылысының ад-сорбцияға әсері. Дюкло-Траубе ережесі. Беттік қабатта адсорбат молекуласы-ның бағдарласуы. Шишковскийдің эксперименттік теңдеуі, оның Гиббс және Ленгмюрдің теориялық теңдеулерімен байланысы. Беттік керілуді анықтау әдістері: капиллярлық көтерілу әдісі, көпіршіктегі максималды қысым әдісі, сақина жұлыну әдісі, сталагмометрлік әдіс, Вильгельми әдісі. БАЗ ерітінділерін талдау үшін беттік керілу изотермаларын қолдану. Ленгмюр таразысы. Екі өл-шемді (беттік) қысым. Беттік пленкалар (қабыршақтар) күйінің теңдеуі. Беттік қабыршақтардың түрлері. БАЗ-дың молекулалық константаларын анықтау. Бе-локтардың мономакромолекулалық қабаттары және полимолекулалық қабыр-шақтары.

Қатты дене – ерітінді шекаралық бөлу қабатындағы беттік құбылыс-тар. Молекулалық адсорбция (электролит емес заттардың адсорбциясы). Оның түйіскен фазалардың молекулаларының табиғатына, еріген затқа және беттің құрылымына тәуелділігі. Ребиндердің полярлықты теңестіру ережесі. Адсорб-циялық хроматографияның физикалық-химиялық негіздері, аналитикалық жә-не препаратты түрде хроматографияны қолдану. Электролиттердің қатты ад-сорбенттерге адсорбциясы. Таңдамалы және алмасу адсорбциясы. Ионалмас-тырғыштар. Организмнен улы заттарды сорбциялық әдістермен шығару. Илю-сорбция. Плазмосорбция. Ионалмасу адсорбциясының топырақтануда, су та-зарту процестеріндегі ролі. Беттік құбылыстардың ғылым мен техникадағы маңызы. Хемосорбция (газдарды құрғату және тазалау, микроэлементтер мен микроүстемелерді бөліп алу), флотация. Экологиялық мәселелерді шешуде адсорбциялық процестерді қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет