Тақырып 1.2 Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір Қола дәуірі (б.д.д ХVІІІ –ІХ ғ.ғ.). қола дәуірінің жалпы сипаттамасы және кезеңдері. Мал шаруашылығының дамуы: мал бағу шаруашылығы, жайылымдар, көшпелі мал шаруашылығына көшу. Патриархат. Дүние мүліктік теңсіздік, жеке отбасының пайда болуы. Этикалық қоғамның дамуы.
Қазақстан территориясындағы Андроновтық және Беғазы –Дандыбай мәдениеті. Үй тұрмысы, тұрмыстық шаруашылық, дін мен мәдениет. Археологиялық ескерткіштер (қоныстану, мазарлар, кен ісі, петроглифтер): Тасты-Бұлақ, Атасу, Таутары, Тамғалы-тас т.б. артефактар типологиясы. Ескерткіштердің таралу аумағы. Керамика. Өндіріске металл құралдарының енуі, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы. Кенді қорыту жағдайының дамуы. Қыш құюшылар, құмырашылар ортасының пайда болуы. Жерлеу рәсімі. Ботай, Тоқсамбай қалалары.
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттер (б.д.д. VІІ-ІІІ ғ.ғ.), Сақтар (б.д.д. VІІІ-ІІІ ғ.ғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына көшу. Еуразияның ұлы даласы және скифтік-сақтық қоғам. Қазақстан жеріндегі скифтер мен савроматтар. Қазақ мемлекетілігінің тарихы мен сақ тайпалық мемлекеті. Сақ жазбасы- мемлекеттіліктің маңызды бөлшегі ретінде. Дамыған өнер, мифология және дін. Жауынгерлік ұйымдардың жоғары дәрежесі. Диқаншылық, кәсіп, сауда. Ауылдық жерлер мен қалалар. Ассириямен, Мидиямен, Парфеямен, Иранмен байланыс.
Үйсіндер мен қаңлылар (б.д.д. ІІ ғ.-б.д V ғ.). Жетісу жеріндегі үйсіндер мемлекеті. Сырдария жеріндегі қаңлылар мемлекеті. Әскери жүйе. Туыстық тайпалық жүйе-әскери және мемлекеттік ұйымдар негізі. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланысы.
Ғұндар. Орталық Азиядағы алғашқы қоныс аударушы тайпалық бірлестіктер (б.д.д. ІІІ ғ.-б.д.д. Іғ.). Ғұн тайпаларының батысқа көшуі. Ғұндардың Шығыс және Орталық Қазақстанда Юбань мемлекетін (б.д.д. ІІ-V .ғ.ғ) құруы. Басқарушы династия. Рулар мен тайпалар иерархиясы. Әскер ұйымдағы ондық жүйе. Мал шаруашылығы, егін шаруашылығы. Жазу-сызудың дамуы және қалалар. Тәңірге табыну.