2 бөлім. Орта ғасырдағы Қазақстан Тақырып 2.1 Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VІ-Х ғ.ғ). Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.)- Еуразиядағы алғашқы көшпенді мемлкет. Түрік тайпаларының саяси күшеюі және мемлекеттің құрылуы. Қағанат шекарасының кеңеюі. Византиямен, Иранмен, Қытаймен арақатынас. Батыс–Түрік қағанаты (603-704 ж.ж) және оның Жетісудағы орталығы. Әскери-әкімшілік жүйе, этностық-әлеуметтік бөлімдер. Билік үшін талас-тартыс. Қытай қарсыластығы. Түркештердің көтерілуі.
Түркеш қағанаты (704-756 ж.ж.) мемлекетің құрылуы. Түргештердің Тан династиясымен және Орта Азия арабтарымен күресі. Арабтардың Оңтүстік Қазақстанға экспансиясы. 751 жылғы болған Талас үшін тарихи ұрыс және аймақтағы мұсылман мәдениетінің саяси әсері. Тайпалар арасындағы жоғары билік үшін күрес. Қарлұқтардың күшеюі.
Қарлұқ мемлекеті (766-940 ж.ж.). Жетісудағы мемлекеттің құрылуы. Қашқарды қарлұқтардың басып алуы, Ферғанаға әсері. Қарлұқтардың тайпалық құрамы және орналасуы. Әскери-әкімшілік жүйе. Шаруашылық.. Қалалар мен тұрғылықты жерлер. Рухани мәдениет. Саманидтермен күрес, Талас жеріне дейінгі шекараның кеңеюі. Қарлұқтардың әскери билігінің исламға біртіндеп қарауы. Күрестердің өршуі.
Оғыз мемлекеті.( ІХ ғ. аяғы-Х ғ. басы). Оғыздардың печенектер тайпаларын Сырдария мен Арал аймақтарынан ығыстыруы. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Оғыздардың қимақтармен, қыпшақтармен, қарлұқтармен, хазарлармен, бұлғарлармен этносаяси байланысы. Қоғамдық құрылым, щаруашылық, қалалар, тұрғылықты жерлер. Сауда-саттық пен кәсіптің дамуы. Селжүктермен күрес. Оғыздардың саяси әлсіреуі.
Қимақ қағанаты (ІХ ғ. аяғы-Х ғ. басы) мемлекеттің құрылуы. Қимақ қоғамындағы көнетүркілік салт-дәстүрлердің дамуы. Қимақтардың тайпалық құрамы және орналасуы. Қыпшақтар мен құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақ қағанатына саяси тәуелділігі. Қимақтардың жекелеген халықтармен этносаяси және мәдени байланысы. Қоғамдық құрылым, шаруашылық-мәдени типтер, қалалар мен сауда-саттық. Қыпшақ әскери басқаруының күшеюі. Қағанаттың құлауы.
Қазақстанның VІ-Х ғ.ғ. экономикалық және мәдени өмірі. Көшпенділер өркениеті, оның даму ерекшелігі. Шаруашылық-мәдени типтер: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалар мен тұрғылықты жерлер. Дала мен қала. Ұлы Жібек жолы. Көне түркілік жазба және түркі мәдениетінің ескерткіштері. Ислам мен мұсылман мәдениетінің таралуы: христиан, будизм, манихей. Белгілі ғұламалар мен жазушылар: Йолығ Тегін, әл-Фараби, Жанах әл- Кимеки.