Тақырып 2.8 ХІV- ХVІІІ ғғ. басындағы қазақ мәдениеті Қазақтардың дәстүрлі көшпенді мәдениеті. Төрт түлік малды ұстау. Еңбек құралдары. Қарулану. Кәсіп түрлері және үй құралдары. Сауда-саттық және сауда жолдары.
Халықтың рухани мәдениеті. Салт-дәстүрлер. Наурыз. Діни және басқа да мерекелер. Наным- сенімдер. Халықтың ауыз-әдебиет шығармашылығы. Ойшылдар, ақын, жыраулар: Майқы би, Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспанбет, Марғасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларының негізгі идеялары.
Қазақстанның қала мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның әр аудандарындағы қала құрылымы. ХVІІ- ХVІІІ ғ. ғ. басындағы қала мәдениетінің құлдырауы, оның негізгі себептері.
Ауызша тарихи дәстүрлер, оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша тарих, Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қадырғали Қасымұлы Жалаиридың еңбектерінің маңызы.
Медицинаның жағдайы. Халық медицинасының дамуы.
3 бөлім. Жаңа замандағы Қазақстан (ХVІІ-ХХ ғ. басы) Тақырып 3.1 ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстанның жаңа заманға аяқ басуы: теориялық аспектілер мен проблемалар. Кезеңдері. Тарихнама және дерек көздері.
Қазақстанның халықаралық орны: ерекшеліктері мен болашағы. Қазақстан Орталық Азия жүйесінде.
ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай. Қазақстанға жонғарлардың шабуылы. «Ақтабан шұбырынды». Қазақ-жонғар қатынастары. Жонғар әскеріне қарсы қазақ қоғамының бірігуі. Жонғарларға қарсы халықты басқарған қолбасшылар. Бұланты және Аңырақай шайқастары. Жонғар шапқыншылығының зардаптары. Қазақ-жонғар әскерінің халықтың ауызша тарихында орын алуы.
Тақырып 3.2. Жаңа заман жағдайындағы Қазақстан мен Ресей. ХV- ХVІІ ғғ. қазақ-орыс қатынастарының алғы шарты. ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қатынасы. Қазақстан І Петрдың «Шығыс саясатының» жүйесінде. Казактық отарлау.
Қазақстанның Ресейге қосылу қарсаңында: тарихнама және дерек. Әбілқайыр хан-мемлекет және саяси қайраткер, қолбасшы. Қазақстан ХVІІІ ғ. екінші ширегінде Ресейдің ішкі саясатымен байланысты.