4. Тығыз байланыс Ауру дамыған сайын науқас пен оны күтуші адам арасындағы қарым-қатынас қиындай түседі. Қомқорлықтағы адамға шаршағаныңызды білдірмей, бойыңыздан оны соңына дейін тыңдауға күш табудың маңызы зор. Науқаспен неғұрлым көп қарым қатынас жасалса, сырқат та соғырлым баяу дамиды.
әңгімеге тартып немесе бір нәрсе сұрар алдында, науқастың сізді тыңдап жатқанын тексеріңіз. Егер тыңдамаса, оны қызықтыруға тырысыңыз;
науқаспен анық, асықпай сөйлесіңіз. Көзіңізді оның көзінің деңгейінде ұстауға тырысыңыз;
сүйіспеншілік пен жан жылуын көрсетіңіз. Науқасты қайта-қайта құшақтап, қолын ұстаудан, оған қарап күлімсіреуден қорықпаңыз;
науқас жаңылысып жатса да, оның сөзін мұқият тыңдаңыз. Абайлап, сыпайылықпен оны дұрыс бағытқа салыңыз;
Оның қандай қимылдарға немесе сөздерге жақсы назар аударатынын анықтап, қарым-қатынас барысында соларды қолдануға тырысыңыз.
5. Сыртқы көрінісі Альцгеймер науқастарын сыртқы көрінісі бойынша бірден тануға болады. Егер бұған көңіл бөлмесек, науқас дұрыс, үйлесімді киінуден қалады.
Бірінен кейін бірі киілетін киімді ретімен орналастырыңыз;
Киім таңдаған кезде пішімі күрделі, түймесі мен ұсақ ілгегі көп киімдерден аулақ болыңыз. Резеңке немесе жабысқаққа негізделген киімдер ыңғайлы. Матасына да көңіл аударыңыз, ол денеге жағымды тиетіндей болуы керек;
Науқастың үстіндегі дұрыс киілмеген киімді дұрыстап, оның жақсы кигенін, бірақ осылай болса, одан да жақсы болатынын айтыңыз;