хирургия мен травмотологияда шұғыл жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге;
2.5 РЕКВИЗИТКЕ ДЕЙІНГІ: Мейірбике ісінің негіздері, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі, клиникалық фармакология, медициналық психология.
2.6 РЕКВИЗИТТЕН КЕЙІНГІ: мейірбике ісіндегі менеджмент пен әкімшілік процесс, ЕПУ – дағы инфекцияны бақылау, төтенше медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық көмек.
2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ 1 кредит Хирургия кіріспе. Жалпы медициналық білімдегі хирургиялық медицинаның мәні. Хирургияның даму тарихы. Хирургиялық бөлімшеде мейірбикенің жұмыс орнының ұйымдастырылуы, таңу және емшара бөлмесіндегі жұмыстың ерекшелігі. Асептика және антисептиканың Ресей мен Европада дамуы. Асептиканың қазіргі замандағы мәні. Қоздырғаштар, жұқпаның шығу көзі. Операциялық жазықты дайындау. Хирургтың қолын операцияға дайындаудың қазіргі әдістері. Дисмургия туралы түсінік. Жұмсақ таңғыштың түрлері. Қатты таңғыш түрлері. Жалпы жансыздандыру, жансыздандыру, түсініктемесі, оның түрлері. Ингаляциялық және ингаляциялық емес жансыздандыру. Наркоз кезіндегі асқыну және операциядан кейінгі ерте асқыну кезеңі, алдын алу, емі. Жергілікті жансыздандыру, түрлері және жергілікті жансыздандырудың амалдары. Қан кету синдромы, оларды құрайтын синдромдар. Гемостатикалық терапия. Қан құю тарихы. Қан қызметінің ұйымы. Донорлық қан топтары, оны анықтау. Резус – фактор және оны анықтау. Хирургиялық науқастарға және оның туыстарына кеңес берудің ерекшеліктері.