Жұмыс бағдарламасы Пән: «Медицинадағы геномды технологиялар» Мамандық: «Мейірбике ісі» Оқу сағатының



бет1/6
Дата22.06.2023
өлшемі251,5 Kb.
#103008
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
РП-геном-тех.4к.СД-каз.




ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

044 -30/15-01.4к.-63(398)
13 беттің беті

«Медицинадағы геномды технологиялар» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы






«Бекітемін»
Оқу-әдістемелік жұмысы және
тәрбие ісі жөніндегі проректоры
Анартаева М.Ұ.______________ «____»_______________ 2013 ж.


Жұмыс бағдарламасы


Пән: «Медицинадағы геномды технологиялар»
Мамандық: «Мейірбике ісі »
Оқу сағатының/
(кредиттің) көлемі: 90 сағат (2 кредит)
Оқытылатын курс
пен семестр: 4 - VIII


Шымкент – 2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 2006 жылғы МЖМБС сәйкес Медицинадағы геномды технологиялар пәні бойынша құрастырылды.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде қайта талқыланды, хаттама № « » 2013ж.


Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М.
Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында қайта талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.
Төрағасы: Патсаев А.Қ.

Әдістемелік Кеңесте бекітілді, хаттама № « » 2013 ж.



2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе: Геномдық технология – бұл ДНҚ молекуласы құрылымындағы вариацияларды айқындауға, нуклеотид қатарын анықтауға, рекомбинантты ДНҚ молекуласын алуға, олардың репликациясы мен зерттеу мақсатына қарай талдау жасауға арналған ауқымды және әртүрлі әдістер топтамасы. Қазіргі кездегі геномдық технологияны шартты түрде ДНҚ алу және бөліп шығару (химиялық синтез, ПТР, ДНҚ-зонд, гибридизация және т.б.), сканерлеуші (жаңа аллельдер мен гибридизация және т.б.) скринирлеуші (белгілі гендер мен аллельдердің детекциясын), функциональды (транскриптердің, гендер өнімін зерттеу) геномдық технологиялар деп бөлуге болады. Геномдық технологияларды медицина мен фармация саласында қолдану аясы күрделі тұқым қуалайтын аурулардың (рак және т.б.) генетикалық алғышарттарын айқындау мақсатында генетикалық тестілеуді, кәсіптік факторлар әсеріне тәуелді адамдардың генетикалық мониторингін, әлеуметтік маңызды аурулар (АҚТҚ, туберкулез және т.б.) мен тұқым қуалаушылық патологиялар қауіпті топтарын айқындау мақсатында генетикалық скринингі қамтамасыз етеді. Геномдық технологияларды әртүрлі ауруларды диагностикалау және алдын алу мақсатында қолдану қазіргі заманғы медицинада маңызды бір бағыттардың бірі болып отыр. Сонымен қоса жекеленген предиктивті медицина белсенді даму алды. Жекеленген медицина мақсаты нақты бір науқасқа сай келетін дәрі табу және кейбір жағдайда оның генотипіне сәйкес науқасты емдеу сызбанұсқасын құрастыру болып табылады.
Жекеленген медицина кең мағынасында геномика негізінде жеке емдеу құралдарын құрастыру, ауруға бейімділігін айқындауға арналған тестілеу, алдын алу, емдеу мониторингі және диагностика мен емдеуді біріктіріретін интегральді медицина болып табылады. Жекеленген медицина үшін молекулалық диагностикалаудың маңызының бірнеше аспектілері бар: ауруды ертерек айқындау және нақты емдеу шараларын таңдау; молекулалық диагностика негізінде тиімді әрі қауіпсіз деп саналатын препараттармен емдеу; молекулалық диагностика мен терапия интеграциясы, емдеу мониторингі мен болжамдарды анықтау.
Сонымен қоса соңғы жылдары қарқынды түрде наномедицина дамуда. Осы терминді бүгінгі күні нанотехнологияларды пайдалана отырып ауруларды мониторингілеу, диагностикалау және емдеу деп түсінеді. Наномедицинаның дамуы ғалымдарға аурулардың молекулалық негізін түсінуге мүмкіндік берген протеомика және геномиканың революциялық жетістіктерімен тығыз байланысты. Медицинада нанотехнология қолданылуының 5 негізгі аймағын бөледі: белсенді дәрілік заттарды жеткізу, емдеудің нанометрлік деңгейіндегі емдеу құралдары мен жаңа әдістері, in vivo диагностикалау, in vitro диагностикалау, медициналық имплантаттар. Соңғы жылдары фармацевтикалық және медициналық өндірісте нанотехнологияға деген қызығушылық әлдеқайда артты. Болашақта нанотехнология медицинада инновацияның қозғаушы күші ретінде негізгі бір роль алады.
Студент «Медицина және фармациядағы геномдық технологиялар» курсында медицина және фармация саласында геномдық технология әдістерін қолдану және патологиялық жағдайларды емдеу мен диагностикалаудағы маңызымен танысады. Бұл эпидемиология және гигиена саласындағы маманның алған білімдерін өз саласында пайдаланудың теориялық базасын қалыптастырады.
2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттерде генодық технологияның молекулалық – генетикалық әдістерін және оларды адам денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуде қазіргі заманға сай білімдерін қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:

  • Адамның тіршілік ортасын салауаттандыру мен адам геномын зерттеуде патологиялар айқындау үшін гигиеналық және медико-профилактикалық шараларды жүргізудегі молекулалық-генетикалық әдістердің рөлі туралы түсінік қалыптастыру;

  • теориялық және практикалық медицинада қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы көзқарас қалыптастыру;

  • жиі таралған адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алу және диагностикалау үшін тұқым қуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді уйрету;

  • қоршаған ортаны қорғау және салауатты өмір салтын жүзеге асыру принциптеріне молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізудің этикалық, құқықтық және гигиеналық нормалары туралы түсінік беру;

  • тұқым қуалайтын аурулар бойынша деректердің электрондық және ғылыми әдебиеттердегі жұмыстардың қорын пайдалану дағдыларын үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент міндетті:
Білуі тиіс:

  • геномды зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістерін; тұқымқуалаушылық материалдың құрылымдық-қызметтік ұйымдасуының гендік, хромосомалық және геномдық деңгейлерін;

  • тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болу тетіктері мен себептерін және олардың адамның тұқымқуалаушылық патологияларының пайда болуындағы рөлі мен дамудың туа біткен ақауларын алдын алудың негізгі принциптерін;

  • молекулалық-генетикалық әдістер мен технологиялардың медицинада қолданудың негізгі принциптерін.

  • Халықаралық тілдегі молекулалық-биологиялық және генетикалық терминологияны білуі.

Істей білуі тиіс:

  • қалыпты және патология жағдайындағы реттелу мен өзін-өзі реттеудің қорғаныштық қалыптасатын процестерін түсіндіру; қоршаған орта факторларының денсаулыққа әсерін бағалау және аурулардың алдын алу үшін жасалатын іс шаралар жиынтығын құрастыруда геномды зерттеудің молекулалық – генетикалық білімді пайдалануы:

  • хромосомалардың әр түрлі типтерін, адамдардың қалыпты және патологиялық кариотиптерін ажырата білу;

  • адамдардың тұқым қуалайтын ауруларының дамуын болжау үшін генеалогиялық әдісті қолдана білу;

  • арнайы анықтама материалдарын, молекулалық – биологиялық және генетикалық терминологияларды, деректердің электрондық генетикалық базаларын қолдана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет