Ситуациялыкесептер: Төсекте ұзақ жатқан науқаста құлақтың шуылдауы, бітелуі, нашар естуі дамыды. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз қандай? Әрі қарай не істейсіз? Қандай процедура қолданасыз? Ол қалай жасалады?
Стационарлы емде жүрегі ауыратын науқас емделуде. Ауыз қуысын қалай күтесіз?
13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады
14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)
Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет
7 – cабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру
2. Сағат саны: 180 мин (100%)
Сабақ түрі: практикалық
Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларға ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыруды үйрету
тәрбиелік: Оқушыларда ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ) 1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.