Сыртқы құлақ жолынылғалды тазалау Егерде ірің қатып қалған болса, онда ылғалды тазалау қолдануға болады. Ол құлықты тазалағандай, бірақ шприцке жай су емес, калий перманганатының немесе бор қышқылының әлсіз жылы ерітіндісін жинап жүзеге асырылады. Процедурадан соң науқас басын жуған құлағы жағына қисайтуы керек. Құлақтан сұйықтық қалдықтары шыққан соң, оны құрғақ етіп сүртеді де, 2-3 сағатқа марль тығынын қояды.
Құлаққа дәрілік заттар тамызу Құлаққа дәрі тамызу үшін, науқастың басын сау жағына қисайтады. Құлақ қалқанын сол қолмен артқа және жоғары тартып, оң қолындағы пипеткамен тамшыларды санап тамызады да (балаларға 5-6 там, ересектерге 6-8 там), құлаққа мақта тығынын қояды.
Мұрынды күту Ауыр науқастардың мұрынында көп шырыш және шаң жиналып, тынысты тарылтады. Сонымен қатар науқастың жағдайын ауырлатады.
Әлсізденген науқастар мұрынын өздері тазалай алмайды, сондықтан мейірбике оған көмектесіп тұруы керек.
Құралдар мен материалдар
Лоток, мензурка, вазелин майы, мақта тығындары, қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс.
Мұрынға вазелин майын немесе глицеринді басын шалқайта тамызып, 2-3 минуттан соң мақтамен тазалайды.
Мұрынға тамшылар тамызу Құралдар мен материалдар
Стерильді көз пипеткалары, вазелин майы, лоток, дәрі, мақта тығыны, дез. ерітіндісі бар ыдыс.
Науқасты жатқызып немесе отырғызып, басын артқа шалқайту керек. Егер мұрынында бөлінділер мен қатпалар болса, мақтамен тазалап алу керек. Көз пипеткасымен мұрынның екі бөлігіне де жететіндей етіп қажет дәрі мөлшерін алып алу керек. Сол қолмен мұрын ұшын көтеріп әр бөлікке тағайындалған мөлшерін тамызу керек.
Мұрын қуысын бөлінділер мен шырыштан құрғақ және ылғалды тәсілдермен тазалауға болады. Шырыш пен іріңді мұрын жолдарынан, вазелин, ментол немесе басқа майлармен малынған мақтамен тазалайды. Егер қатпалар болса, оны зарарсыздандыратын ерітінділермен жуу керек. Бір мұрын жолына құйылған ерітінді, екінші жолмен немесе ауыз арқылы науқас ұстап отырған лотокқа ағады.