Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет23/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72
Қанағаттанарлықсыз
Бағалауға сай:
Р (0-49)



Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

-Жағдайлық есептерді шешу



Бақылау түрі



Бағалау



Бағалау критерийлері

Жағдайлық есептерді дайындау және шешу, кіші топпен жұмыс.



Өте жақсы
Бағалауға сай:
А (95-100);
А- (90-94)



Жұмысқа белсенді қатысса, шынайы ойлау қабілетін көрсетсе, тақырыпты меңгеруде терең білім көрсетіп, талқылауда басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін пайдаланса қойылады.

Жақсы
Бағалауға сай:
В+( 85-89);
В (80-84);
В- (75-79).

Жұмысқа белсенді қатысып, тақырыпты меңгергенін көрсетсе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса қойылады.

Қанағаттанарлық
Бағалауға сай:
С+ (70-74);
С (65-69);
С-( 60-64);
D+( 50-54)

Жұмыс барысында белсенсіздік танытса, түсінбеушіліктер не қате жіберіп, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.



Қанағаттанарлықсыз
Бағалауға сай:
Р (0-49)



Топпен бірге жұмысқа қатыспай, оқытушыға жауап беруде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, жауап беруде ғылыми терминологияны қолданбаса қойылады.

-Тест тапсырмаларын орындау



Бақылау түрі



Бағалау



Бағалау критерийлері

Тест тапсырмаларын орындау



Өте жақсы



86-100% дұрыс жауап

Жақсы



75-85% дұрыс жауап

Қанағаттанарлық



50-74% дұрыс жауап

Қанағаттанарлықсыз



50%-дан кем дұрыс жауап



Студентің өзіндік жұмысы бағалау:
Егер пән 1 кредитті құраса, онда студент 1 СӨЖ орындайды, егер де 8 кредит болсаонда студент 8 СӨЖ орындайды. СӨЖ-на максималды балл – 4: тапсырманы толығымен, қойылатын талапқа сай және белгіленген мерзімде тапсырылғанда ғана қойылады. СӨЖ белгіленген мерзімде тапсырылмаған жағдайда қойылатын баға 1,0 балл төмендетіледі.
СӨЖ орындау түрлері - презентация, реферат дайындау, тест тапсырмаларын және жағдайлық есептер құрастыру.
СӨЖ тақырыптары жұмыс бағдарламасының ТЖ-на сәйкес болуы керек. (СӨЖ кафедра көрсеткен мезгілде тапсырылып, журналға балл қойылады);
СӨЖ себепті жағдай болғанда ғана мезгілінен кейін тапсырылады.
СӨЖ- дің сұрақтары аралық бақылау, емтихан сұрақтарына енгізіледі.
Пәнді оқып біткен соң СӨЖ тақырыптары бойынша орташа балл есептеледі, ол баға ағымды бақылауда есепке алынады.
СӨЖ-ді орындау түрлеріне қойылатын талаптар;
Реферат - тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;
Реферат бағалау баяндаудың нұсқалығы, нақтылығы, реттілігі, мәселені жақсы білуі, кәсіби дайындығы, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.
Презентация - оған қойылатын талаптар: Стиль - безендірудің бір тұтас стилі, презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек және қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон - салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек,
негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифтер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;
Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет