Жұмыс бағдарламасы пән, пән коды Қоршаған орта және халық денсаулығы Мамандық 5В110400 «Медициналық- профилактикалық іс»



бет36/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,33 Mb.
#68417
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
электронды оқулықтар
1.Экология человека: учебник/под ред., А.И.Григорьева, -М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008-240+эл.опт.диск (DVD-ROM)
2.Шигаева М.Х. Экология микроорганизмов /Электронный ресурс/: учебное пособие.- Электрон. Текстовые дан. (12,9 Мб)- Алматы: Қазақ ун-ті, 2002. - 1 эл. опт.диск (CD-ROM)


6.Қортынды сұрақтар:
1.Ластанған топырақтың халық денсаулығына тигізетін әсері қандай?
2. Топырақ ластануының табиғи факторларын атаңыз.
3. Топырақ ластануының антропогендік факторларын атаңыз.

№5


  1. Тақырыбы: Қалалардағы және ауылды елді мекендердегі қоршаған ортасы және халық денсаулығы.



2.Мақсаты: Қазіргі жағдайда қалалық және ауылды елді мекендерді қоршаған ортасының жағдайы және халық денсаулығына әсерін түсіндіру.


3.Дәріс тезистері
Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында өнеркәсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінде урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация –қалалану –латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар аумағының өсуін білдіреді.
Қазіргі жағдайларда адамның қоршаған ортамен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді.
Қазіргі жағдайда қалалық және ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары – аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға бөлу және санитарлық - гигиеналық нормаларды қатаң түрде сақтау.
Аумақты дұрыс таңдау және оны аймақтарға бөлу халық тұратын өңірлерді дұрыс орналастыра білудің, оны сәулеттендірудің және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден - бір алғы шарты.
Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада – оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға алғанда оның материалдық және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі өмірдің әлеуметтік - экономикалық факторлары ескерілуі қажет.
Ауылдық жерлердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты болады. Мәселен, дәлірек айтсақ, ауылдың өндірістік аймағы селитебтік аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық - қорғау аймағын сақтай отырып, жердің бедері бойынша төмен орналасуы керек.Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшіліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет