Грек
және
рим
әдебиетінің
синтезі Цицеронның
жан-жақты
шығармашылығында іске асырылды. Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды:
саяси бағытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық және
теориялық философия туралы 19 трактаты, аса маңызды психологиялық құжат,
латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы деректеме болып
табылатын 800-ден астам хаты бар.
Цицерон адвокаттық қызметіне б.э.д. 80-ші жылдардың аяғында кірісті. 63 ж.
ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі: ол Сенатта
басшы роль атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 ж. император Цезарь
жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген
шығармалар жазды: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешен өнерінің
тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар. Цицерон рим әдебиетінде бұрын
болмаған көркем философиялық прозаны жетілдіруін мақсат етті. Ол этика,
метафизика, тану теориясының әр түрлі мәселелерін қамтитын және рим көпшілігін
грек философиясының ең маңызды бағыттарымен таныстыратын еңбектердің
сериясын шығарды. Цицеронның маңызды жетістіктерінің бірі – латын тілінде
философиялық терминологиясын шығару.
Б.э.д 44 ж. бастап Цицерон қайта саясатпен айналысады. Оның атақты
«Филиппики» еңбегі Антонийге қарсы күрестің әдеби ескерткіші болып есептеледі
(«Филиппики» деген атты Цицерон грек шешені Демосфеннің Филипп
Македонскийге қарсы сөздерінен алған).
Цицерон еуропалық мәдениет тарихына үлкен ықпал жасады. Ол рим
прозасының асқан шебері болып саналады. Оның аты шешен деген сөздің синонимі
болды. Цицерон еңбектері Қайта өркендеу дәуірінде, XVII-XVIII ғғ., ХІХ ғ. да
жоғары бағаға ие болды. Ол ағылшын және француз философ ағартушыларына
(Дидро, Вольтер т.б.), француз революциясының жалынды шешендеріне (Марат,
Робеспьер), А.Н.Радищев пен декабристерге үлкен әсер етті.
Публий Марон Вергилий (б.э.д. 70-19 жж.) – римнің даңқы шыққан ақыны.
Оның өмірі аңызға айналған. Вергилий солтүстік Италияда қолөнерші отбасында
дүниеге келген. Алгашқы білімді Кремонада, соңынан Миланда алған. Римде
риторикалық білімін жетілдірген.
110
Вергилийдің жас кезінде жазған өлеңдері «Ұсақ өлеңдер» деген шағын жинақ
болып шықты (ақын өлгеннен кейін). Бұл өлеңдер неотериктер поэзиясының және
эпикурей мектебінің әсерімен жазылған.
Вергилийдің алғашқы маңызды шығармасы – «Буколики» («Бақташы жыры»)
б.э.д. 42-38 жж. жазылған. Жинағында ақын идиллиялық өмірді (табиғат аясында
тыныштықта өмір сүру) мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысады. «Буколики»
дүниежүзілік әдебиетінде ерекше орын алады. Вергилий рим әдебиетінде бұрын
болмаған буколикалық жанр енгізді.
«Буколики» шығармасының арқасында Вергилий рим ақындарының алдыңғы
қатарына шығады. Ол Меценаттың үйірмесіне кіреді. Ақынның келесі шығармасы –
«Георгики» («Егіншілік туралы дастан») император Октавиан Августке арналған.
Вергилийдің 7 жыл жазған еңбегі 4 кітаптан тұрады (егіншілікке, жемістерді
өсіруіне, мал шаруашылығына, бал араларды өсіруіне арналған). Шығармаларында
ақын шаруаның еңбегін дәріптейді, Италия халқының, тарихи қайраткерлерінің,
табиғатының даңқын шығарады.
Әйгілі ақын Вергилий «Энеида» дастанын жазды. Ол «Энеида» дастанына 10
жылға жуық еңбек сіңірді.Вергилий грек және рим мифтерін зерттеді. Ол дастанда
Троя қорғаушылардың бірі, әйел құдайдың баласы Эней туралы айтты. Эней өрт-
жалынға оранған қаладан асыл заттарды емес, өзінің әбден қартайған әкесін арқалап
шығады. Әдеттен тыс шым-шытырық оқиғалардан кейін ол Италияға қоныстанады.
Эней өлген әкесімен дидарласу үшін өлілердің жер астындағы патшалығына түседі.
Сол арада дана қарттың рухы Энейге оның ұрпақтары Римнің негізін қалайтынын
және халықтардың аса қуатты әміршілері болатынын болжап айтады. Вулкан құдай
Энейге арнап қалқан соғып, оның бетіне Рим тарихындағы болашақ оқиғалар мен
Августың салтанат құруын бейнелейді. Эней өзінің болашақ ұрпақтарын, олардың
арасынан Римге тыныштық орнататын, тіпті Римнен шалғайдағы Халықтарды
қаһарымен қалтырататын «құдіретті Августы» да көреді.
«Энеида» салтанатты және әуезді өлеңмен жазылған. Вергилий дастанда
ерлікті, өз борышына адалдықты, үлкендерге деген құрметті дәріптейді. Ақын
гректер мен римдіктердің діни нанымдарын, ежелгі аңыздарын империяны және
Августың өзін әсірелей дәріптеу үшін шебер пайдаланды.
Гораций Флакк (толық аты Квинт Гораций) - (б.д.д.65 – 8 жж.) Италияның
оңтүстігінде Венузияда дүниеге келген. Ол азаттық алған құлдан туған. Рим және
Афиныда білім алған. Азамат соғысы басталған кезде әскерге кетеді. Алғашқыда
республикашылар жағында болғанымен, кейін император Августың сарай ақыны
болған.
Гораций өлең жазуға б.з.д. 42 ж. бастап кіріседі. 30-шы жж. ақынның екі
жинағы шығады. Гораций «Одалар», «Сатиралар», «Хатттар», «Эподтар» т.б.
кітаптардың авторы. Оның үш шығармасы әдеби тақырыпқа жазылған.
Горацийдің
111
Горацийдің өлең өнерін мадақтаған «Ескерткіш» одасы жаңа заман
ақындарына үлгі болған. (Г.Р.Державин, А.С.Пушкин т.б.). Горацийдің ақындық
сырын ашқан «Поэзия ғылымы» еңбегін кейін классицизм теоретиктері пайдаланған.
Гораций мұрасы Еуропа поэзиясының әсіресе XVI - XVIII ғғ. лирика жанрының
қалыптасуында аса зор роль атқарды.
Б.д.б. І ғ. Римнің ұлы ғалымы Лукреций мәңгі өлмес құдайлардың болуын
жоққа шығарды. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен
жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Лукрецийдің пікірі
бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан
денелерін, Жерді, тірі заттарды, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге
өлетін жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарды.
Апулей Луций (б.д.б. 124 ж. шамасы - өлген жылы белгісіз). Африка
Мадаврада туып өскен атақты рим жазушысы. Дәулетті жанұядан шыққан.
Карфагенде риторикалық білім алған, Афиныда философияны оқыған. Көп
саяхаттаған. Римде адвокат қызметін атқарып, латын тілін үйренді. Карфагенде
тұрған кезде үлкен жетістіктерге жетті. Апулейге тірі кезінде үлкен статуя
орнатылды.
Философ және маг аталған Апулейдің шығармашылығы әр алуан. Ол латын,
грек тілдерінде жазды. Оның философиялық, жаратылыстану тақырыптарына
жазылған еңбектері, әр түрлі жанрда жазылған поэтикалық шығармалары бар.
Апулейдің грек тілінде жазған шығармалары сақталған жоқ. Латын тілінде жазылған
шығармалардың көбі сақталды: философиялық трактаттар және «Метаморфозы»
немесе «Алтын есек» атты үлкен роман (қолжазбаларда роман «Метаморфозы» деп
аталған, IV ғ. әйгілі христиан жазушысы Августин оны «Алтын есек» деп атайды).
Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек» романының авторы болып кірді. Романда ІІ
ғасырдағы Рим провинциясы тұрғындарының тұрмысы, рухани өмірі бейнеленген.
«Алтын есек» Еуропа әдебиетіндегі бірінші психологиялық роман.
Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға айналып, одан қайта адам
кейпіні оралған адам туралы фольклорлық аңыз антикалық әдебиетте Апулейге
дейін болған. «Метаморфозы» грек шығармасының өңделген түрі. Апулей грек
жазушысы Лукиан шығармасының сюжетін көптеген эпизодтармен кеңейтті.
Апулейдің финалы да Лукианнан өзгеше.
Бас кейіпкер киген есектің маскасы адамдардың мінез-құлығын сатиралық
түрде көрсету үшін үлкен мүмкіндік берді. Апулей шығармасында провинциялық
қоғамның таптарын әр түрлі жағдайларда көрсетеді; ол құлдарды қатал
пайдалануды жасырмайды, шағын жер иелерінің қиын жағдайын бейнелейді.
Сонымен қатар, Апулей шығармасындағы дін мен театрға байланысты ойларының
үлкен мәдени-тарихи құндылығы бар. Эпизодтар бай фольклорлық және новеллалық
материал береді; соның ішінде, романға кіргізген үлкен әңгіме (екі кітаптың
көлеміндей) - «Амур мен Психея» туралы ертегі. Бұл халық ауыз әдебиетінде кең
112
тараған ертегілік сюжеттердің бірі: құбыжыққа тұрмысқа шыққан қыз келісімді
бұзады; күйеуі жоғалып кетеді; әйелі оны іздеп кетеді де ұзақ саяхаттан кейін оны
табады.
«Метаморфозы» романы орта ғасырда кең таралған. Апулейдің кейбір
новеллаларын Боккаччо пайдаланған. Әсіресе, «Амур мен Психея» туралы ертегі
үлкен жетістіктерге жетті. Бұл сюжет әдебиетте кеңінен пайдаланды (Лафонтен,
Виланд, Богданович әдебиетте, Рафаэль, Торвальдсен - бейнелеу өнерінде).
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1.
I Пуни және II Пуни соғысы нәтижесі?
2.
Эллиндік әлемнің сипаттамасы?
3.
Ш Пуни соғысының салдары?
113
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
Ежелгі дүние тарихын пәні бойынша практикалық (семинар)
сабақтарын өткізу үшін әдістемелік нұсқау
Семей 2015 ж.
114
5В011400 «Тарих» мамандығының 1 курс студенттеріне «Ежелгі дүние
тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарын өткізу үшін
әдістемелік нұсқау құрастырылған.
Құрастырушы: ________________________________________
115
№1 тақырып Ежелгі Шығыс.
Мақсаты: Ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің пайда болуымен танысу,
Ежелгі Шығыстағы мемлекет пен оның формалары мен даму ерекшеліктері
туралы білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары:
5.
Алғашқы таптық мемлекеттердің пайда болуы.
6.
Ежелгі Шығыс халқы және тілдік топтары.
7.
Ежелгі Шығыстағы құлдық, оның ерекшеліктері.
8.
Ежелгі Шығыстағы мемлекет оның формалары мен даму
ерекшеліктеріне сипаттама.
Тапсырма: Ежелгі Шығыс халықтарының тарихы, Ежелгі шығыстағы
өркениет тарихы бойынша білімдерін бекіту және оқу дағдыларын
қалыптастыру
Әдістемелік нұсқау: Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы ортақ
заңдылықтар мен олардың өздеріне тән ерекшеліктеріне тоқталу, алғашқы
таптық мемлекеттердің пайда болуы, Ежелгі Шығыс халқы және тілдік
топтары, Ежелгі Шығыстағы құлдық, оның ерекшеліктері, Ежелгі
Шығыстағы мемлекет оның формалары мен даму ерекшеліктерін ашып
көрсету. Ежелгі Шығыс елдеріндегі құлиеленушіліктің антикалық құл
иеленушіліктің ерекшелігін жете түсіндіру.Ежелгі Шығыс халықтары және
тіл топтары туралы тарихи мағлұмат беру.Ежелгі шығыстық қауымдар
жүйесі, олардың эволюция және ежелгі шығыс қоғамының әлеуметтік-
экономикалық құрылымындағы оның рөлі туралы түсінікті қалыптастыру.
Ежелгі Шығыс халықтарының дамуындағы жалпылық және өркениелікті
түсіндіру. Ежелгі Шығыс елдерінде бастау алған даму жолдарының
астарында, оның қаншалықты қиыншылықты жолдардан өткенін және
бүгінгі адамзат қоғамына негіз болуында.Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің
дамуындағы қоғамдық бірлестіктердің орны туралы түсінікті қалыптастыру.
Есеп беру түрі: Семинар сабағында студент ауызша жауап береді.
№2 тақырып Ежелгі Египет.
Мақсаты: Ежелгі Египет туралы білімді бекіту және оқу дағдыларын
қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары:
1. Құлиеленушіліктің пайда болып дамуы мемлекеттің шығуы.
2. Египеттің бытыраңқылыққа ұшырап номдарға бөлінуі.
3.Экономикалық жағдайы мен қоғамдық қарым- қатынастар,пирамидалар,
храмдар салу кезі.
4.Египетті біріктіру үшін күрес кезі ХХҮІ Саистық династия. Оның
сыртқы саясаты.
Тапсырма: Египет тарихнамасына сипаттама беру, мемлекеттің пайда
болуына, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына сипаттама бере
отырып білімдерін бекіту.
116
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Құлиеленушіліктің
дамуындағы ерекшеліктерді талқылау,Египеттің бытыраңқылыққа ұшырап
номдарға бөлінуіне сипаттама беру, Экономикалық жағдайы мен қоғамдық
қарым-қатынастармен Ұлы пирамидалардың Джосер,Хеопс, Хафры, храмдар
салынуы. Ежелгі патшалық кезеңіндегі Египеттің экономикалық өрлеуі.
Ежелгі египет егіншілік және қолдан суару жүйесінің қалыптасуы. Қолөнер
және сауда байланысы. Египетті біріктіру үшін күрес кезі патшалықтардың
құрылуына, экономикасына және Саистың өрлеуі және елдің ХХУІ Саис
династиясы билігінде жаңадан бірігуі. Оның сыртқы және ішкі саясаты.
Египеттің гректермен байланысы. Б.э.д. УП-УІ ғ.ғ. Египеттің экономикалық,
әлеуметтік, саяси жэне мәдени дамуының негізгі процестері. Египеттіктердің
гиксостармен күресі және оларды ел территориясынан қуу. ХУШ династия
фараондарының жаулап алулары және қуатты египет империясының
құрылуы. Жаулап алынған территориялардың интенсивті түрде қаналуы.
Ежелгі египет экономикасының гүлденуі. Таптық және әлеуметтік
құрылымындағы өзгерістеріне талдау жасау.
Есеп беру түрі: Семинар сабағында студент ауызша жауап береді.
№3 тақырып Ежелгі Месопотамия.
Мақсаты: Ежелгі Месопотамияның тарихы бойынша деректерге
тоқталу,Алғашқы мемлекеттердің пайда болуы, Месопатамия туралы жазба
деректерге сүйене отырып білімдерін бекіту.
Негізгі сұрақтары:
1.Жершаруашылығы, ирригациялық жүйелер, пиктографиялық жазулар
алғашқы өркениет белгілерінің пайда болуы.
2. Ірі қала оталықтарының пайда болуы; Ашшур,Мари,Ниневия қала
мемлекеттері.
3.Хаммурапи заңдары.
Тапсырма: Алғашқы мемлекеттердің пайда болуына тоқталу керек, заңдар
мен дипломатиялық құжаттар, шаруашылық жазбалар, антикалық
авторлардың еңбегіне сүйене отырып, шумер аккад жазбаларының мәнін
ашып көрсету, археологиялық қазбалар кезінде табылған деректерді талдау
және оның маңызын көрсету.
Әдістемелік нұсқау: Студент бұл тақырып бойынша Жершаруашылығы,
ирригациялық жүйелер, пиктографиялық жазулар алғашқы өркениет
белгілерінің пайда болуы, ірі қала оталықтарының пайда болуы;
Ашшур,Мари,Ниневия қала мемлекеттері, Хаммурапидің билікке келуі.
Хаммурапи заңдары туралы білім дағдыларын қалыптастырылуы керек.
Солтүстікке қарай Мари және Эшнуына патшалығы орналасуы. Бұл барлық
мемлекеттер Оңтүстік және Орталық Қосөзенде өздерінің үстемдігін көрсету
үшін өз араларында күрес тартыстарға тоқталу. Мари және Эшнура күшейген
Ашшурмен күресте әлсіруі, ал Аарса Эламиттердің қысымына шыдауға
мәжбүр болуына.
Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында
орналасты. Ниневия қала мемлекетінің сән-салтанатымен, архитектурасымен
117
әйгілі болуы. Қала кітапханасындағы түрлі мәтіндер жазылған 20 мыңнан
астам бедерлі тақталар сақталуына сипаттама беру.
Хаммурапи заңдарының
маңызына тоқталу. Бұл заңдар қабылданған уақытына тоқталу. Хаммурапи
заңдарының Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды
ескерткіші ретінде қарастыру. Хаммурапи заңдарына талдау жасау. Заңдағы
әлеуметтік
теңсіздіктің
салыстырмалы
түрдегі
жоғарғы
дәрежесі
бейнелеу.. Хаммурапи
заңдары
ежелгі
Кіші
Азияның
өзінен
кейінгі
заңдарына елеулі ықпал етуін қарастыру.
Есеп беру түрі: Семинар сабағында студент ауызша жауап береді.
№4 тақырып Кіші Азия мен Закавказье.
Мақсаты:
Кіші
Азия
мен
Закавказье
елдерінің
халықтарымен
шаруашылығы, деректер мен тарихнамасы және даму кезеңдері туралы
білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары:
1.Хетт патшалығы: таптық жіктелу,құлиеленушіліктің дамуы, сауда, қолөнер,
аграрлық қатынастар, әлеуметтік жіктелу.
2.Ван
/Урарту/
патшалығы:Жерөндеу,
және
малшаруашылығымен
айналысқан тайпалық одақтардың пайда болуы, жеке меншіктің шығуы.
3. Менуа патша кезіндегі Урарту.
Тапсырма: Студент Хетт мемлекетінің тарихманасы мен деректеріне
тоқталу, сына жазулар, иероглифтік текстер. Хетт қалалары мен қоныстары,
ондағы табылған заттай деректерге сипаттама беру, Ежелгі патшалық
тұсындағы тақтық жіктелуне, мәдени материалдық ескерткіштеріне, Жеке
меншіктің шығуына сипаттама беру,Урарту мемлекеттің пайда болуына және
ішкі және сыртқы саясатына тоқталу.
Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырып бойынша студент Хетт патшалығы:
таптық жіктелу,құлиеленушіліктің дамуы, сауда, қолөнер, аграрлық
қатынастар, әлеуметтік жіктелу,
Хетт
патшасы Куссар Анитастың кезінде
Ассирияға бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі. Оның
Нес, Хеттусас қалаларын басып алуына, Ежелгі хетт әулетінің негізін
салушы Лабарна Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның
мұрагері Хаттусилис кезінде Цальпа мен Кіші
Азияның оңтүстік-
шығысындағы бірқатар облыстарын басып алуы.
Ван /Урарту/ патшалығы:
Жерөндеу, және малшаруашылығымен айналысқан тайпалық одақтардың
пайда болуы, жеке меншіктің шығуы, Закавказьенің табиғат жағдайы және
географиялық ортасына сипаттама бере отырып ауыл шаруашылығы және
қолөнердің дамуына талдау жасау, мүліктік жіктеліске сипаттама беру.
Урарту мемлекетінің күшеюі және Сардури I және Ишпуини тұсында оның
орталықтануы.Менуа патша кезіндегі Урартудың әлеуметтік- экономикалық
жағдайын жан-жақты қарастыру керек.
118
Есеп беру түрі: Семинар сабағында студент ауызша жауап береді.
№5 тақырып Ертедегі Жерорта теңізінің Шығыс жағалауы мен Аравия.
Мақсаты: Ертедегі Жерорта теңізінің Шығыс жағалауы мен Аравия туралы
тарихи деректер мен тарихнама сүйене отырып қолөнермен сауданың дамуы
туралы білімдерін бекіту.
Негізгі сұрақтары:
5.
Халқы мен шаруашылығы.
6.
Финикия сауда қаларының гүлденуі.
7.
Дамаск патшалығы.
8.
Б.з.д. ІХ-ІІІ ғғ. Карфаген.
Тапсырма: Ежелгі Шығыс Жерорта теңізі маңындағы мемлекеттердің даму
кезеңдеріне сипаттама беру, Қолөнермен сауданың дамуына тоқталу керек,
Дамаск және оның көрші жерлерді қосып алу мен әлсіреу себептерін талдау.
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Ертедегі Жерорта теңізінің
Шығыс жағалауы мен Аравияның халқы мен шаруашылығы, Финикия сауда
қаларының гүлденуі,
Бұл аймақты мекен еткен халықтардың желге тиіп,
күнге күйген түрлеріне қарап, гректер оларды (файнекес) - қоңыр түстілер
десеп атауы, ал египеттіктер (фенеху) - кеме жасаушылар деп атауының
себептеріне тоқталу. Осы ұғымдардың нәтижесінде Финикия түсінігінің
қалыптасуы. Финикияның Тир, Библ және Сидон қалалары Жерорта теңізінің
жағалауында орналасқандықтан сауда жолдарының тоғысатын орны ретінде
салыстыру. Қалаларда шеберлер, қолөнершілер, зергерлер, ағаш пен піл
сүйегін өңдеушілер, мөлдір шыныдан әр түрлі бұйымдар жасаушылар және
қара қошқыл түске боялған маталардың өндірілуі.
Дамаск патшалығы, ел
ішіндегі шиеленістер мен әлеуметтік жіктелу. Ішкі және сыртқы саясатқа
тоқталу, Әлеуметтік – діни реформалар оның мәні мен маңызын талдау, ұлы
державалық сатыға дейін өрлеу кезеңіне тарихи деректер мен ғылыми
зерттеулер негізінде сипаттама беру. Қала мемлекеттердің пайда болуына
сипаттама беру, Карфагенге Египет, Хетт, Вавилон, Ассирия мәдениетінің
әсері. Б.з.д. ІХ-ІІІ ғғ. Карфаген, Аравия түбегіндегі ертедегі мемлекетінің
ежелгі кездегі дамудың ерекшеліктері мен мемлекеттік бірлестіктер туралы
зерттеулерін талдау керек.
Есеп беру түрі: Семинар сабағында студент ауызша жауап береді.
№6 тақырып Ежелгі Иран.
Мақсаты: Ежелгі Иран тарихына тоқтала отырып, қоғамдық құрылысы мен
олардың этногенездік шығу тегі туралы білімді бекіту.
Негізгі сұрақтары:
1. Ежелгі Эламның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуындағы
өзгерістер.
2. Эламның күшеюі және көрші мемлекеттермен байланысы.
3.Ахемидтер тұсындағы Парсының өрлеуі.
4.Парсы державасының экономикалық, әлеуметтік,саяси дамуы.
119
Достарыңызбен бөлісу: |