Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/90
Дата07.01.2022
өлшемі1,88 Mb.
#16968
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90
Байланысты:
Биосфера эволюция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті 

 

Оқу  (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) 

 

Басылым: бірінші 

 

ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым 



 

жаратылысы  жөніндегі  жалпы  көзқарастар  негізінде  қалыптасқан. Жер Күн жүйесіне  енетін 

9 ғаламшардың бірі екенін сендер 6-сыныптан білесіңдер. Ол бұдан 4,5-4,6 млрд жыл бұрын 

пайда  болды.  Жерді  кұрайтын  алғашқы  заттар  есебінен  литосфера,  гидросфера  және 

атмосфера  кабаттарының  (шамамен  3,7-3,8  млрд  жыл  бұрын)  қалыптаса  бастау  мерзімімен 

бұл кезең аяқталды. 



Жердің  геологиялық  даму  кезеңі -  Жер  қыртысының  алғаш  қалыптаса  бастау  сәтінен 

қазіргі кезеңге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Осы аралықта жер кыртысында әр түрлі тау 

жыныстары түзіледі. Жер қыртысы ғаламшарымыздың ішкі күштері әсерінен сан рет  күшті 

қозғалыстарға  ұшырап  отырған.  Бұл  қозғалыстар  жер  қыртысының  өзгеруіне  ықпал  еткен. 

Екінші  жағынан,  тау  жыныстары  сыртқы  күштер  әсерінен  ұдайы  үгіліп  отырған.  Үгілген 

борпылдақ  жыныстар  бір  орыннан  екінші  орынға  тасымалдануы  нәтижесінде  шөгінді 

жыныстарының  жаңа  қабаттары  қалыптасқан.  Жердің  ішкі  қабатында  өте  жоғарғы 

температурада пайда болған лавалар жер бетінің жарықтары аркылы көтеріліп жанартаулар 

пайда  болған.  Оның  сыртқа  тегілген  лава  жыныстары  біршама  жерге  таралған.  Мұны 

эффузиялық  тау  жыныстары  дейді.  Магманың  жер  бетіне  шықпай  қалған  бөліктері  жер 

астында  бірте-бірте  пайда  болған  мөлшеріне  қарай  суынып  қатайған,  сөйтіп  олардың 

есебінен магмалық интрузиялык тау жыныстары қалыптасқан. Осылайша, Жер қыртысының 

қүрамы біртіндеп күрделене түседі. Бүл құбылыстар мезгіл-мезгіл түрақты түрде байқалады. 

Материктердегі  ойыстар  мен  теңіз  табанындағы  шөгінді  қабаттарында  әр  түрлі  өсімдіктер 

мен  жәндіктердің  тасқа  айналған  қалдықтары  ұшырасады.  Бұл  әрбір  геологиялық  дәуірдің 

тек өздеріне ғана тән тіршілік дүниесі болғандығын дәлелдейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет