Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: бірінші
ЕҰУ Ф 703-13-17 Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым
және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да
ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі
көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан
пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың
ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған
сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала
бастады.
Фрэнсис Бэкон ұсынысы
Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626 жж.)
міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі
діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді
талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер
етті.
Франческо Реди ұсынысы
XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698 жж.)
тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол 1668
жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен
жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал
беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы
шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда
болмайтынын дәлелдеп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |