3. ПРАКТИКАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ 1.Білуі керек:
құжат жүргізу (мемлекеттік стандарт, оқулық, тақырыптық, сабақ жоспары, бейнелеу өнері сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыстар жоспары, тәрбие жұмысының жоспары және т.б.);
жоғары сыныптардағы оқушылардың тәрбие жұмыстарының деңгейі;
жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері;
оқу тәрбие жұмыстарының психологиялық аспектілері (сабақтың психологиялық құрылымы, оқушылар мотивациясы, педагогикалық этика, танымдық жұмыстардың ерекшеліктері, қарым-қатынас, сабақтағы микроклимат);
биология пәні бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;
пәнді меңгере білу және білім деңгейі;
сыныптағы тәрбие процесі (даму заңдылықтарының есебі, субъект-субъективті қарым-қатынас, әлеуметтік жеке белсенділік, жоғары сынып оқушыларының мінез-құлқы және мотивтері);
мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмыстары.
2. Орындау:
сынып жетекшісі мен көркем еңбек пәнінің мұғалімі қызметін;
қазіргі инновациялық технологияларды, интерактивті әдістерді қолданып оқытуды жүргізу;
қазіргі заманғы компьютерлік технология мен оқу құралдарын пайдалану;
оқу-тәрбие процесі ұйымының негізіндегі қарым-қатынас, жеке формалар және ата-аналармен жұмыс істеу тәсілінің бірлестігі (ата-аналар жиналысына дайындық, интервью, анкеталық сұрақтар);
оқушылармен профориентациялық жұмыстар;
жалпы мектептік тәрбиелеу шараларының психологиялық-педагогикалық қорытындысы;
пән бойынша оқушылармен бірге жалпы мектептік шараларды дайындау және өткізу (пәндік кештер, апталықтар, олимпиада, конкурстар, білім күні);
ұжымдық шығармашылық жұмыс негізіндегі жалпы мектептік тәрбиелік шараларды өткізу (тақырыптық кештер, күзгі бал және т.б.).