Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата08.12.2022
өлшемі227,93 Kb.
#56037
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:
а) изотипті
б) аллотипті
в) идиотипті
Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі
жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен
сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А
1
, А

болып бөлінеді.
Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол
генетикалық маркерлерге байланысты.
Идиотиптілігі — бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір
иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары
болады.
Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының
немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті
антиденелер өнеді.
Иммуноглобулиндердің класы.
Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10 %. Эволюциялық дамуда ең көне
иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік
иммуноглобулин М В-торшаларға антиген танитын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды
ауруларды қолдайды.
8


Иммуноглобулин М инфекция түскенде, вакцинацияда бірінші синтезделеді, авидтігі
жоғары, ағзаны бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен
белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Ағзаға түскен антигенге әуелі иммуноглобулин М түзіледі.
Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-нің синтезіне көшеді.
Қан сарысуында 0,4-2,2 г/л. Иммуноглобулин М ең ірі молекулалары, бес мономерден
құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып ағзадан шығарып
жібереді. IgМ ағзаға антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Жатырдан өте
алмайды. Нәрестелерде тек инфекцияға қарсы пайда болады. IgМ антигенге фагоциттерді
белсендіріп шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет