10-жағдаят Екі топтың арасында инновацияларды енгізу туралы жанжал туындаған еңбек ұжымына сырттан шақырылған жаңа басшы келді. Сіздің ойыңызша, ол ұжымдағы психологиялық ахуалды қалыпқа келтіру үшін қалай әрекет еткені дұрыс?
A. Ең алдымен, ескі тәртіпті жақтаушылардың дәлелдерін байыпты қабылдамай, жаңаны жақтаушылармен іскерлік байланыс орнату, қарсыластарға өзінің үлгісімен және басқалардың үлгісі арқылы ықпал ету.
Ә. Ең алдымен, бұрынғы жұмыс стилінің жақтастарын, қайта құрудың қарсыластарын сендіруге және өз жағына тартуға тырысу, талқылау барысында олардың көзін жеткізу арқылы ықпал ету.
Б. Ең алдымен, активті таңдап, оған ұжымдағы жағдайды қалыпқа келтіру, активке сенім арту, әкімшілік пен қоғамдық ұйымдарды қолдау шараларын ұсынуды тапсыру.
В. Ұжымның даму перспективаларын зерттеу және өнімнің сапасын жақсарту, ұжымға бірлескен еңбек қызметінің жаңа перспективалық міндеттерін белгілеу, ұжымның озық жетістіктері мен еңбек дәстүрлеріне сүйену, жаңаны ескіге қарсы қоймау.
11-жағдаят Өндірістік бағдарламаны аяқтаудың ең қиын кезеңінде ұжымыңыздағы қызметкерлердің бірі ауырып қалды. Қарамағыңыздағылардың әрқайсысы өз жұмысын орындаумен айналысады. Жұмысқа келмеген адамның жұмысы да тиісті мерзімде орындалуы керек. Бұл жағдайда не істеу керек?
A. Қызметкерлердің қайсысының жүктемесі аз екенін қараймын және «Сіз мына жұмысты аласыз, ал Сіз мына жұмысты аяқтауға көмектесесіз» деп тапсырамын.
Ә. Мен ұжымға: «Бұл жағдайдан қалай шығу керектігін бірге ойланайық» деген ұсыныс жасаймын.
Б. Ұжым активінің мүшелерінен өз ұсыныстарын айтуды сұраймын, оларды топ мүшелерімен алдын ала талқылап, содан кейін шешім қабылдаймын.
В. Мен ең тәжірибелі және сенімді қызметкерді өзіме шақырып, жұмыста жоқ адамның жұмысын орындап, ұжымға көмектесу туралы өтініш жасаймын.
12-жағдаят Сізде әріптесіңізбен жағымсыз қарым-қатынас туындады. Мұның себептері Сізге толық түсініксіз делік, бірақ жұмысқа зияны тимеуі үшін қарым-қатынасты қалыпқа келтіру керек.
Сіз бірінші кезекте не істер едіңіз?
A. Жағымсыз қарым-қатынастың шынайы себептерін анықтау үшін әріптесімді ашық әңгімеге шақырамын.
Ә. Ең алдымен, оған қатысты өзімнің мінез-құлқымды саралауға тырысамын.
Б. Әріптесіме:«Біздің дүрдараз қарым-қатынасымыз жұмысқа зиянын тигізеді. Әрі қарай қалай жұмыс істейтініміз жөнінде келісетін кез келді» деймін.
В. Біздің қарым-қатынасымызды білетін және оны қалыпқа келтіруде делдал бола алатын басқа әріптестеріме жүгінемін.