4-жағдаят Тапсырманы аяқтаудың ең қиын кезеңінде топта жағымсыз жағдай орын алды, еңбек тәртібі бұзылып, соның нәтижесінде жұмыста ақауларға жол берілді. Басшыға кім кінәлі екені белгісіз, бірақ оны анықтап, жазалау керек.
Сіз топ көшбасшысының орнында қандай әрекет жасар едіңіз? Сіз үшін қолайлы шешім нұсқасын таңдаңыз.
А. Бұл оқиға туралы фактілерді анықтауды тапсырманы орындау аяқталғанға дейін кейінге қалдырамын.
Ә. Тәртіп бұзушылық бойынша күдіктілерді өзіме шақырып, олардың әрқайсысымен көзбе-көз қатаң сөйлесемін және кім кінәлі екенін атауды талап етемін.
Б. Оқиға туралы өзім ең сенімді деп санайтын жұмысшыларға хабарлаймын, оларға нақты кінәлілерді анықтауды және маған айтуды тапсырамын.
В. Ауысымнан кейін топтың жиналысын өткіземін, жұртшылықтың алдында кінәлілерді анықтауды және оларды жазалауды талап етемін.
5-жағдаят Сізге өзіңізге орынбасар таңдау мүмкіндігі ұсынылды. Бірнеше кандидатура бар. Үміткерлер келесі қасиеттерімен ерекшеленеді. Кімді таңдайсыз?
A. Бірінші үміткер ең алдымен, ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, жұмыста өзара сенімділік және ынтымақтастық ахуалын қалыптастыруға тырысады, жанжалдардан аулақ болуға тырысады, мұны барлығы бірдей дұрыс түсіне бермейді.
Ә. Екінші үміткер көбінесе ортақ істің мүддесі үшін «кім екеніне қарамастан» қарым-қатынасты ушықтыруға дейін барады, өзіне тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімі жоғары.
Б. Үшінші үміткер қатаң ережеге сәйкес жұмыс істегенді жөн көреді, өз міндеттерін орындауда әрқашан ұқыпты, қарамағындағыларға талап қоя біледі.
В. Төртінші үміткер жігерлілігімен, жұмысқа жеке қызығушылығымен ерекшеленеді, өз мақсатқа жетуге бар күшін жұмсайды, әрқашан істі аяғына дейін жеткізуге тырысады, қарамағындағылармен қарым-қатынас барысында болуы мүмкін шиеленістерге аса мән бермейді.
6-жағдаят Сізге өзіңізге орынбасар таңдау ұсынылады. Үміткерлер жоғары тұрған бастықпен қарым-қатынас жасау сипаты жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Кімді таңдайсыз?
A. Бірінші үміткер бастықтың пікірімен немесе бұйрығымен тез келіседі, оның барлық тапсырмаларын нақты, сөзсіз және белгіленген мерзімде орындауға тырысады.
Ә. Екінші үміткер бастық өзінің алдында беделді болған жағдайда ғана бастықтың пікірімен тез келісе алады, оның барлық бұйрықтары мен тапсырмаларын беріле және жауапкершілікпен орындай алады.
Б. Үшінші үміткер – бай кәсіби тәжірибесі мен білімі бар жақсы маман, шебер ұйымдастырушы, бірақ басқалармен сыйыса алмайды, қарым-қатынасқа баруы қиын.
В. Төртінші үміткер – өте тәжірибелі және сауатты маман, бірақ жұмыста әрқашан дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылады, өзіне кедергі келтіргенді ұнатпайды.