13-жағдаят Жақында Сізді өзіңіз бірнеше жыл қатардағы қызметкер болып жұмыс істеген еңбек ұжымының басшысы етіп тағайындады. Сіз қарамағыңыздағы жұмысқа жиі кешігіп келетін әріптесіңіздің кешігу себептерін анықтау үшін 8 сағат 15 минутқа кабинетіңізге шақырдыңыз, бірақ күтпеген себептермен өзіңіз 15 минутқа кешігіп келдіңіз. Ал қарамағыңыздағы адам уақытында келіп, Сізді күтіп отыр.
Кездесуде Сіз әңгімені неден бастайсыз?
А. Өзімнің кешіккеніме қарамастан, оның жұмысқа кешігуінің себебін дереу түсіндіруін талап етемін.
Ә. Қарамағымдағы әріптесімнен кешірім сұрап, әңгімені бастаймын.
Б. Сәлемдесіп, өзімнің кешігуімнің себебін түсіндіремін, содан кейін: «Қалай ойлайсыз, Сіз сияқты өзі де жиі кешігетін басшыдан не күтуге болады?» деген сұрақ қоямын.
В. Жұмыстың мүддесіне орай, әріптесіммен әңгімені басқа уақытқа ауыстырамын.
14-жағдаят Бірде Сіз бірнеше өндіріс жетекшілерінің қарамағындағы қызметкерлермен қалай жақсы қарым-қатынас жасау туралы пікірталасына қатыстыңыз. Сізге көзқарастардың бірі ерекше ұнады. Қайсысы?
A. Бірінші көзқарас: «Қарамағыңыздағы адам жақсы жұмыс істеуі үшін, оған дербес көзқараспен қарап, оның тұлғалық ерекшеліктерін ескеру керек».
Ә. Екінші көзқарас: «Мұның бәрі ұсақ-түйек. Адамдарды бағалаудағы ең басты нәрсе – олардың іскерлік қасиеттері, еңбекқорлығы. Әркім өзі орындауы тиіс жұмысты жасауы керек».
Б. Үшінші көзқарас: «Менің ойымша, егер қарамағындағылар өз басшысына сенім білдіріп, оны құрметтеген жағдайда ғана басшылықта жетістікке қол жеткізуге болады».
В. Төртінші көзқарас: «Бұл дұрыс, дегенмен жұмыстағы ең жақсы ынталандыру – бұл нақты бұйрық, лайықты жалақы, лайықты сыйақы».
15-жағдаят Сіз мектеп директорысыз. Қайта құрылымдаудан кейін Сізге жаңа штаттық кестеге сәйкес бірнеше бағыттар бойынша штатты қайта жасақтау керек болады.
Сіз қандай жолмен әрекет етесіз?
A. Мен істі өзім қолға алып, педагогтердің барлық тізімдері мен жеке істерін зерттеймін, ұжым жиналысында өз жобамды ұсынамын.
Ә. Бұл мәселені шешуді кадр бөліміне ұсынамын. Өйткені бұл олардың жұмысы.
Б. Қақтығыстарды болдырмау үшін барлық мүдделі тұлғаларға өз тілектерін білдіруді ұсынамын, жаңа педагогтерді қабылдау бойынша комиссия құрамын.
В. Алдымен жаңа топтарды/бағыттарды кім басқаратынын анықтаймын, содан кейін осы адамдарға жұмыс тобының құрамы бойынша өз ұсыныстарын беруді тапсырамын.