7-жағдаят Сіз қызметкерлермен немесе қарамағыңыздағылармен бейресми жағдайда қарым-қатынас барысында қандай әрекеттерге бейім боласыз?
A. Іскерлік және кәсіби мүдделер тұрғысынан жақын әңгімелер жүргізу.
Ә. Сұхбаттасуға бағыт-бағдар беру, даулы мәселелер бойынша пікірлерді нақтылау, өз көзқарасын қорғау, бір нәрсеге басқалардың көзін жеткізуге тырысу.
Б. Әңгімелесудің жалпы тақырыбын ұстану, өз пікірін мойындатуға тырыспау, ортақ көзқарасты ұстану, өз белсенділімен ерекшеленуге тырыспау, тек сұхбаттасушыларды тыңдау.
В. Жұмыс туралы сөйлеспеуге, қарым-қатынасқа дәнекер болуға тырысу, өзін еркін ұстау және басқаларға мұқият болу.
8-жағдаят Ұжым мүшесі мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде етіп, сөз бергеніне қарамастан, Сіздің тапсырмаңызды екінші рет орындамады. Сіз қалай әрекет етер едіңіз?
A. Оның тапсырманы орындауын күтесіз, содан кейін соңғы рет ескертіп, оңашада қатал сөйлесесіз.
Ә. Тапсырманың орындалуын күтпей, оның орындамау себептері туралы сөйлесемін, тапсырманың орындалуына қол жеткіземін, уақытында орындамағаны үшін материалдық тұрғыдан жазалаймын.
Б. Ұжымда беделді тәжірибелі қызметкермен жұмыс тәртібін бұзушыға не істеуге болатыны туралы кеңесемін. Егер мұндай қызметкер болмаса, қарамағыңыздағы адамның тәртіпсіздігі туралы мәселені ұжымның жиналысына шығарамын.
В. Тапсырманың орындалуын күтпей, қызметкерді жазалау туралы мәселені активтің шешуіне ұсынамын. Алдағы уақытта оның жұмысына талап пен бақылауды арттырамын.
9-жағдаят Сіздің қарамағыңыздағы адам кеңестеріңіз бен нұсқауларыңызды елемей, барлығын өзінше жасайды, Сіздің түсініктемелеріңізге назар аудармай, өзіне көрсеткен нәрселерді түзетпейді.
Сіз қарамағыңыздағы бұл адамға қатысты қандай әрекет істейсіз?
A. Оның қырсығуының себептерін анықтап, олардың негізсіздігіне көз жеткізген кезде әдеттегі әкімшілік жазаларды қолданамын.
Ә. Ортақ істің мүддесі үшін оны ашық әңгімеге шақыруға, онымен ортақ тіл табысуға тырысамын, іскерлік қарым-қатынас бейімдеймін.
Б. Ұжым активіне жүгінемін – олар оның дұрыс емес іс-әрекетіне назар аударып, әлеуметтік ықпал ету шараларын қолдансын.
В. Алдымен қарамағымдағы осы адаммен қарым-қатынаста қандай қателіктер жіберуім мүмкін екендігін анықтауға тырысамын, содан кейін не істеу керектігін шешемін.