Жұмыс дәптері 3-модуль менеджмент және көшбасшылық


-тапсырма. «Қызметкерге тапсырма» кейсі



бет21/31
Дата20.10.2022
өлшемі140,62 Kb.
#44426
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
28.09-Жұмыс дәптері.Модуль 3docx (3)

3.2.4-тапсырма. «Қызметкерге тапсырма» кейсі. Ұсынылған кейсті оқып, талдаңыз: Білім беру ұйымы басшысының құзыреттілік типін анықтаңыз. Ұсынылған жағдаятта басшы қандай қателіктер жіберді? (Директордың қызметкерге ақпарат жеткізу барысында жіберген барлық қателіктерін атаңыз).

Аудан басшылығынан мектеп директоріне шұғыл түрде мектептің барлық қызметкерлеріне арналған лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу тапсырылды. Бұл оған үлкен қиындық туғызды: ол мұндай құжаттарды дайындаумен бұрын-соңды айналыспаған еді. Бұған қоса уақыттың жетіспеуіне байланысты ол әлі де нұсқаулықтар әзірлеуге кірісе алмады. Ал ертең директор бір аптаға іссапарға кетуі керек.
Таңертең жолға шығар алдында мектеп дәлізімен келе жатқан директор оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қарсы келе жатқанын көрді. Директор орынбасарының бұл өызметке келгеніне алты ай ғана болды, оған дейін ол мектептің педагог-психологі болып жұмыс істеген. Директордің ойына бірден лауазымдық нұсқаулықтарды дайындауға қатысты бір идея келді. Ол орынбасарын қолынан ұстады да, жетелеп сыртқа алып шығарып, асығыс түсіндіре бастады:
- Қымбаттым, Сізге қызметтік емес, достық өтінішім болып тұр! Мен бір шұғыл жұмысты тындыруым керек еді, бірақ оны орындай алмай кетіп барамын: алдымызда қандай шаруа тұрғанын білесіз ғой! Жалпы айтқанда, абыр-сабыр дүрмек болайын деп тұр! Бізге қызметкерлердің құзыреттілік аймағын белгілеу керек немесе қазір бар нәрсені жаңалау керек. Ең алдымен, мұғалімдердікін әзірлеу керек: олар бәрін орындайды, бәрін жасайды ғой, ал нұсқаулыққа сәйкес не істеуі керек екендігі тек негізгі нормативтік құжаттарда ғана бар. Ал егер біреу бірдеңе жасаудан бас тартса, оларға не істеу керектігін және не үшін жазалау керектігін қалай түсіндіреріңді білмейсің. Біздің құжаттамалық қамтамасыз етуімізге мониторинг жүргізуге келгенде, бізді «ойыннан тыс» қалуымыз мүмкін. Қысқасы, қымбатты орынбасарым, тап-тұйнақтай жинал да, осы жұмысты тындыр. Оның үстіне, сен өзің жақында ғана қатардағы қызметкер болдың, қатардағы қызметкер ғана емес, психолог қызметкер болдың, психологтер барлық адамдар туралы бәрін біледі ғой, сондықтан сен нені енгізіп, нені бекітуді білесің. Саған бір апта уақыт беремін! Келесі сейсенбіге жұмысың дайын болсын! Қолыңнан келсе, менің сізге құрметім шексіз. Ал қазір мен іс-сапарға кеттім!
Осыны айтып, ештеңе түсінбей, таңданғаннан аузына сөз түспей қалған орынбасарына қолын бір бұлғап, директор жол жүріп кетті.
Бір аптадан кейін іссапардан оралған директор дайын лауазымдық нұсқаулықтарды көрейін деп, орынбасарын өзіне шақыртты. Алайда оның орынбасары ешқандай материалсыз келді, ол өзінің нақты не істеуі керек екендігін мүлдем түсіне алмағандықтан, директордың тапсырмасын орындай алмағанын айтты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет