16-жағдаят Сіздің ұжымыңызда есепте тұрғанымен, жұмыс істемейтін қызметкер бар. Оған бұл жағдай ұнайды, ал Сізге ұнамайды.
Бұл жағдайда Сіз не істейсіз?
A. Мен ол адаммен көзбе-көз сөйлесемін. Оған өз еркімен жұмыстан кеткені дұрыс болатынын ұғындырамын.
Ә. Жоғары басшыға осы бірлікті «қысқарту» туралы ұсыныс жазамын.
Б. Ұжымға бұл жағдайды талқылауға және бұл адамға қатысты не істеу керектігі туралы өз ұсыныстарын дайындауды ұсынамын.
В. Бұл адамға қолайлы жұмысты туып, тәлімгерді бекітемін, оның жұмысын бақылауды күшейтемін.
ҚҚ
адамдармен қарым-қатынасқа, ұжымдағы психологиялық ахуалға бағдарлану
Ө
өз тұлғасына бағдарлану
Р
ресми бағыныстылыққа бағдарлану
1
В
Ә
Б
А
2
Ә
А
В
Б
3
А
В
Б
Ә
4
А
Б
Ә
В
5
Ә
А
В
Б
6
Б
Ә
В
А
7
А
В
Ә
Б
8
А
Б
Ә
В
9
Ә
Б
В
А
10
В
Ә
А
Б
11
А
Ә
В
Б
12
Б
В
Ә
А
13
В
Ә
Б
А
14
Ә
А
Б
В
15
В
Б
А
Ә
16
Б
В
А
Ә
Нәтиже
Нәтижелерді бағалау Әрбір жағдаят позиция бойынша жинаған ұпайларыңыздың санын есептеп, басшылықтағы жеке бағдарлардың басымдықтарын анықтаңыз.
Қызметке бағдарлау (Қ) Сіздің құзыреттілік деңгейіңізді, өз бетінше шешім қабылдау қабілетіңізді, жеке өнімділігіңізді сипаттайды.
Адамдармен қарым-қатынасқа бағдарлану (ҚҚ) Сіздің тәрбиелік адамгершілік бағдарыңызды, өкілеттікті табыстау, шешім қабылдау процесіне ұжым мүшелерін тарту қабілетіңізді сипаттайды.
Өз тұлғасына бағдарлану (Ө) Сіздің көшбасшылық жұмыста өз мүмкіндіктеріңізді жүзеге асыруға, жеке мақсаттарға қол жеткізуге деген ұмтылысыңызды, дербестік пен тәуелсіздікке ұмтылысыңызды сипаттайды.
Ресми бағыныстылыққа (Р) бағдарлану Сіздің басшы қызметінің сыртқы көріністерін сақтауға, басшы болып көрінуге, қарамағыңыздағылармен арақашықтық сақтауға, қолыңыздан келгенінше беделіңізді сақтауға ұмтылысыңызды сипаттайды.
Дереккөз: Емельянов С.М. Конфликтология бойынша семинар. СПб., 2003.
3.2.2-тапсырма. Басшының психологиялық құзыреттілігі бойынша кейстерді талдау (тиімді қарым-қатынас және әлеуметтік дағдылар). 1-жағдаят. Сіздің қарамағыңыздағы адам – шығармашылық типтегі кемеліне келген және талантты маман, өзіндік беделі мен жеткен жетістіктері бар, іскерлік әріптестер арасында өте танымал, кез келген мәселелерді шешеді және ұжымдағылармен тамаша қарым-қатынас жасайды. Дегенмен бұл қызметкер мен Сіздің араңызда жақсы қарым-қатынас қалыптаспады. Ол Сізді басшы ретінде мойындамайды, өзінің көкірегі мен тәкаппарлығын көрсетеді.
Сіз оның жұмысынан бірқатар кемшіліктер тауып, оған сын ескертпелеріңізді айтқыңыз келеді, бірақ өзіңіздің бұрынғы тәжірибеңізден оның сынға жағымсыз реакция көрсететінін білесіз: ол ашуланып, секемшіл бола бастайды. Сіз қалай әрекет етесіз?
2-жағдаят Сіз қызметкеріңізге алдымен қысқа сөгіс беріп, артынша бірнеше жағымды сөздер айттыңыз. Әріптесіңіздің көңіл-күйін бақылай отырып, Сіз оның бастапқыда біршама бойын тартып, ширыға түскенімен, артынша тез көңілденіп кеткенін байқадыңыз. Онымен қоймай, ол көңілді әзілдер айтып, қалжыңдай бастады, бірнеше жаңа әзіл-оспақтар мен бүгін өзінің үйінде болған оқиғаны айтып берді.
Әңгіменің аяғына қарай Сіз әңгімені бастаған кезде айтылған сын қабылданбағанын және тез ұмытылып кеткенін түсіндіңіз. Әріптесіңіз әңгіменің жағымды бөлігін ғана естіген естіген сияқты. Мұндай жағдайда Сіз қалай әрекет етесіз?
3-жағдаят Сіз өзіңіздің қарамағыңызда жұмыс істейтін әйел адаммен байыпты әңгімелесіп, оның жұмысын сынап, неге бұлай істейтінін сұраған кезде, ол әрдайым үндемей құтылады. Сіз үшін бұл жағдай жағымсыз, Сіз оның неліктен үндемейтінін, оның сынды қабылдайтынын не қабылдамайтынын білмейсіз, бұл Сіздің ашу-ызаңызды туғызады. Жағдайды өзгерту үшін не істеуге болады?
4-жағдаят Сіз өзіңіздің қол астыңызда жұмыс істейтін қызметкер әйелдің жұмысына сын айтқан кезде, ол оны аса эмоционалды қабылдайды. Сізге әрдайым әңгімені аяғына дейін жеткізбей тоқтатуға тура келеді. Міне қазір де ол Сіздің ескертулеріңізден кейін жылап қалды. Бұл қызметкерге өзіңіздің ой-пікірлеріңізді қалай жеткізуге болады?
5-жағдаят Сіздің бөліміңізде басқалардан оқшауланып, бөлініп жүретін бірнеше қызметкер бар. Сіз олардың үнемі бірге жүргенін көресіз, олардың бейресми көшбасшысы кім екенін де білетін сияқтысыз. Сіз оларды жұмыс орнында «жиын» жасамай, дұрыс жұмыс істеуіне қол жеткізуіңіз керек. Оларды біріктіретін ортақ мүдделері қандай екендігін білмейсіз. Сіз жағдайды өзгертіп, жұмысты жақсарту үшін не істейсіз?
6-жағдаят Сіз жұмысқа қабілетті жас маманды (информатик) қабылдадыңыз, ол жұмысты өте жақсы атқарады. Ол бірнеше сабақ өткізді, оқушыларға оның сабақтары ұнады. Бірақ ол басқа қызметкерлермен қарым-қатынаста өзін дөрекі және менмен ұстайды. Сіз бұл туралы хабарламаны күн сайын естисіз, ал бүгін бір қызметкерден оның дөрекілігі туралы жазбаша арыз келіп түсті. Жас маманның ұжымдағы қарым-қатынас стилін өзгерту үшін оған қандай ескерту жасау керек және оны қалай жеткізу керек?
7-жағдаят Педагогикалық кеңес барысында жаңа қызметкер өзінің қызметіне қатысты Сіздің ескертулеріңізді қабылдамай, қатты ашуланды. Сіз қол астыңыздағы қызметкердің мұндай әрекетіне жол беріп отыра алмайсыз, өйткені бұл Сіздің беделіңізге нұқсан келтіреді. Сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?
8-жағдаят Сіздің орынбасарыңыз – өте тәжірибелі маман, ол жұмысты «өзінің бес саусағындай» біледі, оның орнын ешкім баса алмайды, ол жаныңызда болғанда, жұмыста бәрі жақсы болатынына сенімдісіз. Алайда Сіз оның қатал адам екенін білесіз және оны «қарапайым адами» проблемалар қызықтырмайды. Соңғы кезде бұл ұжымда алаңдаушылық тудырды, ол өздерін ренжіткендіктен, кейбір әріптестер кету туралы өтініш бергісі келеді. Сіз орынбасарыңызбен бейресми әңгіме барысында осы мәселені талқылауға тырыстыңыз, бірақ ол Сіздің не туралы айтқыңыз келгенін түсінген де жоқ, оны тек жоспар мен пайда табу ғана қызықтырады. Қызметкерлермен қарым-қатынас стилін өзгертуі үшін орынбасарыңызға қалай әсер етуге болады? Сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?