Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер


Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер



бет4/17
Дата21.10.2022
өлшемі201,28 Kb.
#44607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Жұмыс пен еңбек өнімділігін анықтауға берілген мәтіндік есептер.


А топ.


1. Бірінші жұмысшы жұмысты 10 күнде бітіреді, ал екінші жұмысшы сол жұмысты 15 күнде бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше күнде бітіреді?
А) 6; В) 8; С) 7; D) 5; E) 4.
2. Бригада қаңтарда 62 деталь шығарады, ал келесі айлардың әрқайсысында алдыңғысынан 14 деталь артық шығарып отырады. Маусымда шығарған детальдар санын табыңыз.
А) 218; В) 138; С) 216; D) 139; E) 132.
3. Белгілі жұмысты бір ұста 12 күнде, сол жұмысты екінші ұста 6 күнде бітіреді. Екі ұста бірігіп сол жұмысты неше күнде бітіреді?
А) 4 күнде; В) 5 күнде; С) 6 күнде; D) 8 күнде; E) 3 күнде.
4. Оқушы күніне бірдей беттен оқи отыра 480 беттік кітапты оқып шықты. Егер ол күніне 16 беттен артық оқыған болса, онда ол кітапты 5 күн ертерек оқып шыққан болар еді. Оқушы кітапты қанша күнде оқып бітірген?
A) 10 күн; B) 13 күн; C) 32 күн; D) 15 күн; E) 48 күн.
5. Екі жұмысшы бірігіп жұмысты 3 күнде бітіреді. Егер бірінші жұмысшы осы жұмысты 4 күнде аяқтайтын болса, екінші жұмысшы сол жұмысты қанша уақытта бітіре алады?
A) 3 күн; B) 4 күн; C) 6 күн; D) 9 күн; E) 12 күн.
6. Үйді сырлауға бір жұмысшыға 2 сағат, ал екіншісіне 3 сағат уақыт қажет. Егер екі жұмысшы бірігіп істесе, сол жұмысты қанша уақытта бітіреді?
A) 1,3 сағ; B) 1 сағ; C) 1,5 сағ; D) 1,4 сағ; E) 1,2 сағ.
7. Екі жұмысшы бірігіп бір жұмысты 4 күнде аяқтайды. Егер 1-ші күні екеуі бірігіп істесе, онда жұмыстың қалған бөлігін бірінші жұмысшы бір өзі 7 күнде аяқтайды. Бірінші жұмысшы жалғыз өзі істесе сол жұмысты неше күнде бітірер еді?
A) 7; B) 10; C) 12; D) ; E) .
8. Үш жұмысшы бір жұмысты 8 күнде бітіреді. Бірінші және екінші жұмысшы осы жұмысты сәйкесінше 48 және 16 күнде бітіретін болса, онда үшінші жұмысшы сол жұмысты неше күнде бітірер еді?
A) 20 күн; B) 22 күн; C) 24 күн; D) 26 күн; E) 28 күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет