9. Егер оқушыларды 2-ден отырғызса, онда 6 оқушыға орын жетпей қалады, ал егер 3 адамнан отырғызса, онда 4 парта бос қалады. Сыныптағы оқушылар санын табыңыз.
A) 41; B) 42; C) 43; D) 44; E) 45.
10. Марат жұмысты 12 күнде, ал Самат осы жұмысты 36 күнде бітіреді. Екеуі бірлескен жағдайда осы жұмысты неше күнде бітіреді?
A) 9; B) 10; C) 11; D) 12; E) 13.
11. Үш жұмысшы жұмысты 4 күнде бітіреді. Егер бірінші жұмысшы осы жұмысты 24 күнде, ал екіншісі 8 күнде бітірсе, онда үшінші жұмысшы осы жұмысты неше күнде бітірер еді?
A) 10 күн; B) 11 күн; C) 12 күн; D) 13 күн; E) 14 күн.
12. Үйдің қабырғасын қалауға Асан 18 күн, ал Досан 24 күн жұмсайды. Егер екеуі бірлесіп 8 күн жұмыс істесе, онда қабырғаның бітпеген қанша бөлігі қалады?
A) ; B) ; C) ; D) ; E) .
13. Қанат пен Жанат жұмысты 12 күнде бітіреді. Егер Қанат 3 күн, ал Жанат 2 күн жұмыс істесе, онда жұмыстың бөлігі бітеді. Осы жұмысты Қанат неше күнде бітіреді?
A) 27; B) 28; C) 29; D) 30; E) 31.
14. Бірінші кран бассейінді 8 сағатта, ал екіншісі 10 сағатта, үшіншісі 40 сағатта толтырады. Үш кран бірлесіп осы бассейінді қанша сағатта толтырады?
A) 3; B) 4; C) 6; D) 8; E) 10.
15. Егер екі кранның біреуі екіншісінен 3 есе жылдам ағып бассейнді 9 сағатта толтырса, онда жылдам ағатын кран жалғыз өзі осы бассейнді қанша уақытта толтырады?
A) 30 сағ; B) 32 сағ; C) 34 сағ; D) 36 сағ; E) 38 сағ.
16. Автобус ішінде 50 бала бар. Аялдамада автобустан 5 ұл және 5 қыз түсіп қалғаннан кейін, ұлдардың саны қыздардан 3 есе көп болады. Бастапқыда ұлдардың саны қанша еді?
A) 28; B) 30; C) 34; D) 35; E) 40.
17. Сумен толтырылған ыдыстың салмағы 30 кг. Егер ыдыстағы судың салмағы бос ыдыстың салмағынан 5 есе артық болса, ыдыстың салмағы қандай?
A) 7,5 кг; B) 6 кг; C) 5 кг; D) 4,5 кг; E) 4 кг.