18. Егер оқушыларды партаға 5 адамнан отырғызса, онда екі оқушыға орын жетпей қалады, ал 7 адамнан отырғызса, 2 парта бос қалады. Сыныпта қанша оқушы бар?
A) 37; B) 38; C) 42; D) 47; E) 52.
19. Бөлмеде 36 ұл және 10 қыз бар. Ұлдардың саны қыздардан 3 есе артық болу үшін неше ұл бөлмеден шығу керек?
A) 2; B) 3; C) 4; D) 5; E) 6.
20. Кварталда 8 көпқабатты үй салынды. Олардың орташа биіктігі 38 м. Егер сегіз үйдің төртеуінің орташа биіктігі 29 м болса, онда қалған төрт үйдің орташа биіктігі қандай болғаны?
A) 35,5 м; B) 38 м; C) 42 м; D) 45 м; E) 47 м.
21. Бір жылқы мен екі сиырға күн сайын 34 кг шөп беріледі, ал екі жылқы мен бір сиырға 35 кг шөп беріледі. Күн сайын бір жылқыға қанша кг және бір сиырға қанша кг шөп беріледі?
A) 7 кг; 8 кг; B) 8 кг; 9 кг; C) 9 кг; 10 кг; D) 10 кг; 11 кг; E) 11 кг; 12 кг.
22. Айлақта екі орындық және үш орындық барлығы 6 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 14 адам орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындық қайық, неше үш орындық қайық тұрған еді?
A) 1 және 5; B) 2 және 4; C) 3 және 3; D) 5 және 1; E) 4 және 2.
23. Турбазадағы шатырлар мен үйлердің жалпы саны 25. Әр үйде 4 адам, ал әр шатырда 2 адам тұрады. Турбазада барлығы 70 адам демалып жатқандығы белгілі болса, онда қанша үй және қанша шатыр бар екендігін табыңыз.
A) 10 үй, 15 шатыр; B) 12 үй, 13 шатыр; C) 13 үй, 12 шатыр;
D) 15 үй, 10 шатыр; E) 9 үй, 16 шатыр.
24. Оқушылардың екі тобы әрқайсысы 24 теңгеден төлеп, театрға билет алды. Бірінші топтың әр билеті екінші топтың әр билетінен 20 тиын қымбат болғандықтан, олар екінші топқа қарағанда 10 билет кем алды. Бірінші топ қанша билет сатып алды?
A) 24; B) 26; C) 28; D) 30; E) 32.
25. Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?
A) 12; B) 15; C) 18; D) 21; E) 24.
26. Ағаш кесушілердің үш бригадасының жұмысына 36 мың теңге төленді. Бірінші және үшінші бригадаларға төленген ақша екінші бригадаға төленген ақшадан 2 есе артық, ал екінші және үшінші бригадаларға төленген ақша бірінші бригадаға төленгеннен 3 есе артық болса, осы бригадалардың әрқайсысына қанша ақша төленді?
A) 8; 13; 15 мың; B) 9; 13; 14 мың; C) 9; 12; 15 мың; D) 8; 12; 16 мың;