Жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыстары туралы


Соғыстан кейінгі дене шынықтыру



бет4/4
Дата15.11.2023
өлшемі23,53 Kb.
#123772
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ

3.4. Соғыстан кейінгі дене шынықтыру
Ұлы Отан соғысының зардаптары кеңес халқына орасан зор зиянын тигізді. Елдің экономикасы құлдырап, басқыншылар жаулап алған аудандардың үй, ғимарат, егіншілік жерлері т.б. түгелімен тып-типыл етті. Соғыстан кейін дене шынықтыру ұйымдары алдында жаңа міндеттер тұрды. Бірінші кезекте соғыста талқандалған спорттық ғимараттар, стадиондар, залдар т.б. ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары тұрды. Әсіресе, уақытша неміс басқыншыларының қол астында болған аудандардың (Украина, Белоруссия, Ресейдің кейбір облыстары, Молдавия, Балтық жаға-лауы елдері) спорттық ғимараттары түгіл, баспаналары тып-типыл болған еді. Одан басқа, дене шынықтыру қозғалысының барлық сатыларын бейбіт өмірге байланысты, қайта құру, елдегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуының соғысқа дейінгі деңгейін одан әрі көтеру т.б. жұмыстарын орындау керек болды. Бірақ, оған қарамастан, спорт қоғамдары, комитеттері өздерінің берілген жұмыстарын жан аямастан істеді. Тылдағы қалаларда стадиондар, спорттық залдар мен алаңдар т.б. ғимараттар жұмыс істей бастады.
1943 жылдан бастап, соғыстан азат етілген жерлерде басқа салалар мен өндіріс орындарымен бірге дене шынықтыру және спорттық жұмыстар да орындала бастады. Атап айтса, жергілікті дене шынықтыру және спорт бөлімдері ашылып, бұқаралық спорттық іс-шаралар қолға алынды. Қайта жөнделген стадиондарда, залдарда, алаңдарда спорт түрлерінен жарыстар, біріншіліктер басталып кетті. Спорттық мерекелердің дабырасы одаққа тарап, шетелге асып кетті. Ол туралы көптеген шетел ақпарат құралдары жазды. 1944 ж. маусым айында Киевте Орталық стадион ашылды. Соған байланысты, дене шынықтыру мерекелері өтті. 1945 ж. Мәскеуде Қызыл алаңда дене мәдениеті қызметкерлерінің, спортшылардың парады өтті. Содан бері жыл сайын тамыздың екінші демалысында «Дене шынықтырушы күні» аталып өтеді. Бұл парадтың сол кезде маңызы зор еді. Соғыстан кейінгі халықтың көңіл-күйін көтеруге, соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарды, ғимараттарды т.б. объектілерді қайта қалпына келтіру үшін, халықты ынталандыруға, еңсесін көтеруге арналған іс-шара еді. Спорттық шеберлілікті жетілдіру мақсатында мемлекеттік жаттықтырушы қызметін тағайындап, спорт түрлері бойынша елде 80-нен астам жастардың спорттық мектептері ашылды.
Дене шынықтыру қозғалысының аясы жыл сайын өсе берді. Одақтас республикалар арасында өзара туыстық көмек үлкен мәнге ие болды. Соғыс өрті шарпыған Украина, Белоруссия, Молдавия, Эстония, Латвия, Литва республикаларына спорттық жабдықтар, құралдар, әдебиеттер көптеп жіберілді. Спорт түрлерінен ел біріншіліктері, дене шынықтыру мерекелері, спартакиадалар өте бастады. Бұл өз кезегінде спортшылардың спорттық шеберлілігін жоғарылатуға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары бірнеше ірі жарыстар өткізілді, онда спортшылар өз шеберліктері-нің өскенін дәлелдеді. Сол жылдары ІІІ және ІҮ кәсіподақтардың бүкілодақ-тық спартакиадалары (1946 және 1948 ж.ж.), «Ғылым» ЕСҚ студенттік спар-такиадасы (1947 ж.), Ресей спортшыларының жазғы және қысқы мерекелері (1947 және 1948 ж.ж.) өтті. 1946 және 1947 жылдары «Динамо» стадионында 40 мыңдай спортшы қатысқан денешынықтырушылардың бүкілодақтық парады өтті.
Спорт және дене мәдениеті жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында 1945 ж. 28 қыркүйекте КСРО ХКК (Халық Комиссарлары Комитеті) «Дене мәдениеті және спорт комитеттеріне көмек көрсету және жұмысын жақсарту» туралы қаулысын шығарды. Содан тез арада басқа бағытта жұмыс істеп жатқан спорт ғимараттарын өз мақсатында пайдалану, дене мәдениеті және спорт мамандарын даярлау секілді жұмыстарды қолға алды. Қайтадан спорт түрлерінен жарыстар, спартакиадалар өткізіле бастады. 1947 ж. спорт шеберлігін арттыруды одан әрі жандандыру мақсатында өткізілген жарыстарда алтын, күміс, қола медальдармен марапаттай бастады. Бұл іс-шара халықтың дене мәдениеті мен спортқа қызығушылығын арттыра бастап, жандандыра түскен еді. Кәсіподақтық, студенттік, қысқы, жазғы спартакиадалар, спорттық шерулер өткізілді. 1948 ж. аяғында Мәскеу, Ленинград, одақтас республикалардың дене шынықтыру ұйымдарының жұмыстары соғысқа дейінгі деңгейге жетпек түгілі, кейбір көрсеткіштер бойынша тіпті, асып та кетті. Бірақ, халық шаруашылығының, ғылымның, мәдениеттің дамуы, кеңес адамдарының дене шынықтыру деңгейін одан әрі жоғарылатуға талап етті. Спорт саласында халықаралық жарыстардағы көрсеткіштерді жақсарту, шетелдік спорттық ұйымдармен қарым-қатынас-тарды кеңейту секілді, міндеттер қойылды.
Алапат соғыстан кейін еңсесін енді жинай бастаған ел ішкі, ел арасын-дағы жарыстардан сыртқы, яғни, халықаралық, дүниежүзілік жарыстарға шыға бастады. Соған себепкер ретінде 1948 ж. 27 желтоқсанда Коммунистік партия Орталық Комитетінің «Партияның нұсқауларын спорт және дене мәдениеті комитеттерінің орындауы, дене мәдениеті қозғалысының дамуы, Кеңес спортшыларының шеберлігін арттыруы» туралы қаулысы шықты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет