Жұмысшы спорттық-гимнастикалық қозғалыстары туралы


Буржуаздық спорт қозғалысы туралы



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі23,53 Kb.
#123772
түріРеферат
1   2   3   4
3.3. Буржуаздық спорт қозғалысы туралы.
І-дүниежүзілік соғыстан кейін Германия және оның одақтастары жеңілгенін мойындамай, қайта басқыншылық армиясын құра бастады, әскери реваншқа дайындалып, бұл мақсаттарда спорттық-гимнастикалық қозғалыста пайдаланды. Жеңімпаз елдер (АҚШ, Англия, Франция және т.б.) өз кезегінде жаңа дүниежүзілік соғысқа дайындалу мақсатында спортты милитарланды-руды күшейтті. Осыған байланысты, барлық басты капиталистік елдерде спорттық қоғамдардың ұйымдасқан түрде қайта құрылуы жаңа жүйемен ауысуы болып жатты. Ол елдер спорттық ұйымдардың іс-қызметтерін бақылауды күшейтті. Оқу орындарында, әсіресе, мектептерде дене тәрбиесін жақсылап жолға қою басты назарда болды. Бұл кезеңдегі буржуаздық мектеп таптық жағдайда еді. Мектептердегі дене тәрбиесі халықтық білім берудің буржуаздық жүйесінің құрамдас бөлімі ретінде көптеген «демократиялық» және фашистік мемлекеттерде заңды түрде орнатылды. 20 жылдардың басында АҚШ-тың 41 штаттарында міндетті түрдегі дене тәрбиесі туралы заңдар қабылданған. Германияда дене тәрбиесі мектептегі басты пәндердің бірі болып саналған аталмыш заңнамалар Францияда, Англияда, Италияда қабылданған. Олардың пайда болуы әскери қызмет туралы заңмен, соғыстан кейінгі жылдары өткізілген әскери және мектеп реформаларымен тығыз байланыста болды. Олардың барлығы жастардың әскерден тыс әскери-дене қимылы дайындығын жоғарылатуға бағытталған. Мектеп дене тәрбиесінің әдістемесінде спорт пен ойындардың көбеюіне үлкен мән берілді. Соғысқа дейінгі жасанды жаттығулардан, саптық жаттығулардан тұратын снарядтық гимнастиканы спорттық-ойындық әдістер ығыстырды. Дәл осы уақытта көптеген капиталистік елдерде (Австрия, Польша, Германия, Литва, Латвия, Дания және т.б.) Ж.Эбердің табиғи әдістемесімен қатар, Нильс Буктың (1880-1950жж) негізгі гимнастикасы және Карл Гаульгофердің (1885-1941жж) және Маргарита Штрайхердің табиғи мектеп гимнастикасы кең танымал болды.
Н. Буктың жүйесі швед гимнастикасының модернизацияланған нұсқасынан тұрды. Ол жастардың әскерден тыс дайындығына арналды. Оның жүйесі бойынша сабақ үш бөлімнен тұрды: 1) снарядсыз жаттығулар; 2) шведтік үлгідегі снарядтық жаттығулар; 3) жүру, жүгіру, секіру жаттығулары. Бір сабақта ағымдағы әдістегі орындалған 40-50 жаттығуларды қолдану ұсынылған.
К.Гаульгофер және М.Штрайхердің табиғи гимнастикасы бірінші дүние жүзі соғысына дейінгі мектептерде таралған А. Шписстің неміс гимнас-тикасын ауыстыруға арналған. Олар өздерінің жүйесін еңбек және еркін тәрбиенің жаңа буржуаздық педагогикалық ілімімен байланыстырды. К.Гаульгофер және М.Штрайхер өздерінің «мектеп гимнастикасының жүйесі» (1927 ж.), «табиғи гимнастика» (1930 ж.) атты еңбектерінде дене тәрбиесін кәдімгі табиғи жағдайларда табиғи дене қимыл жаттығуларын қолдана отырып үйретуге арналған өнер ретінде қарастырған. Олар мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы мен мазмұнын 3 бөлімге бөлді. Осы бөлімдердің әрқайсысына жаттығулардың келесі топтары кірді: 1) жандандыратын (тез жүру, жүгіру, секіруді қолданатын ойындар, тыныс алу жаттығулары); 2) денеге, тепе-теңдікті ұстауға күш пен ептілікті дамытуға арналған негізгі жаттығулар (жүру, жүгіру, секіру); 3) тынықтыратын (бір орындағы ойындар, жай жүру). Австриялық педагогтар дене тәрбиесінің негізгі амалдарына таза ауада айналысуға болатын күрес, жеңіл атлетика, бокс, жүзу, қысқы спорт түрлері, семсерлесу, туризм және басқа да жаттығуларды жатқызды.
Австрия мектеп гимнастикасы және дат ғалымы Н.Буктың негізгі гимнастикасынан басқа батыс Еуропа және Америка елдерінде «рух пен дененің үйлесімдігін» насихаттайтын Зуреннің гигиеналық гимнастикасының әдістері, «жеке-табиғи даму» теориясын жарнамалаған Боденің, сонымен қатар тұлғаның дұрыс қалыптасуын, бұлшық еттердің қатаюын, жалпақ табандылықтың, омыртқаның майысуын және басқа да дене кемшіліктерін алдын алатын «кип-фит» жүйесі кең танымал болды. Таза биологиялық негізде жасалынған бұл барлық жүйелер мен әдістер жастарды таптық күрестен арылтып, олардың жаңа дүниежүзілік соғысқа дене қимылы, әскери және идеологиялық дайындығын қамтамасыз ету үшін арналды.
Милитаризм қызметінде мектептердегі дене тәрбиесі ғана емес, сонымен қатар, барлық буржуаздық спорттық-гимнастикалық қозғалыстар да болды. Әсіресе, олар жастардың әскери-дене қимылы дайындығын және идеологиялық тәрбиесін одан әрі дамыту мақсатында Германияда, Италияда, Жапонияда, АҚШ-та, Францияда, Англияда және Скандинавия елдерінде қолданылды. Олар армияны жасақтауда дене мәдениеті және спорт ұйымдарын тарта отырып, солардың дене қимылы дайындығын бетке ұстап, армияны милитарландыра бастады. Әртүрлі гимнастикалық спорттық үйірмелер, мектептер, клубтар ашыла бастады. Онда жеңіл атлетика, күрес, бокс, жүзу, спорттың қысқы түрлері, семсерлесу, туризм т.б. спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс істеді.
І-дүниежүзілік соғыстың нәтижесінің себепкері Германия болғандықтан, халықаралық сот оған ешқандай да әскер жасақтауға рұқсат бермеді. Олар өздерінің құйтырқы әрекеттерін білдірмей, көзбояушылыққа салынып, спорттық жаттығулар өткізіп жатқансымақ болып, армиясын астыртын жасақтай бастады. Неміс жастарының милитаризациялауға, одан кейін фашизмге өтуіне Германиялық гимнастикалық одақ негізгі роль атқарды. Осы одақтың жетекшілері алдау тактикасын қолдана отырып, осы ұйымға жұмысшы жастарды көбірек тартып отырды. Нәтижесінде германдық жастар реакцияшыл күштердің айтақтауына түсіп, герман мемлекеті фашистік мемлекетке айнала бастады. Сол кездегі 30-40-шы жылдарда әлемде небір өзгерістер болып жатты. Соны өз пайдасына пайдалана білген Гитлер үкімет басына келісімен, солшыл күштерді көзін құрта бастады. Сөйтіп, Германия Европада қайтадан билікшіл елге айнала бастады. Дене мәдениеті мен спортты өз пайдаларына жарата отырып, неміс елі армиясын күшті қарулы күштерге айналдырды.
Италия Германия елін жақтайтын, онымен одақтас ел болып алып, өз әрекеттерін істей бастайды. Олар да дене мәдениетін, спортты жақсы жолға қояды. Әскерде дене мәдениетімен, спортпен айналысу, білім ордаларында дене тәрбиесін негізгі сабақ ретінде қарау - бұл елдің де қарулы күштерін жақсартуға септігін тигізеді.
Жапония елі ежелден келе жатқан жаугерші мемлекет ретінде танылған. Гитлермен, Муссолинимен одақтас болған Жапония дене мәдениетін, спортты жақсы жолға қойғанын, олардың самурайды даярлау мектебінің жасаған істері арқылы білуге болады. Шығыс жекпе-жек түрлері жақсы дамығандықтан, әрбір солдаттың жеке психологиялық қабілеттіліктері жақсы дамитын бусидо, харакири, камикадзе терминдері таныс болу керек. Дүние жүзін басып алуға тырысқан жоғарыда аталған мемлекеттердің жалпы дене қимылы дайындығы, ұрыс қимылдары кезінде міндетті түрде керек болатын дене қасиеттерін мектептерде, спорттық клубтарда, арнайы базаларда дамыту жолдары жоғары деңгейде қойылған.
Австрия мектеп гимнастикасы өзіне байырғы көршілес болған неміс гимнастикалық жүйесімен ұқсас болды. Оның негізінде плацтық (саптық жаттығулар өтілетін алаң) жаттығулар және гимнастикалық топтық жаттығулар еді. ІІ-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Австрия Германия елінің саясатын қолдағандықтан, барлық оқу-жаттығу жүйесін осы елден алды. Оның үстіне, дене қимылы қасиеттерін статикалық жаттығулар арқылы дамытқан бұл мектеп, барлық жаттығуларды әскерилендірілген түріне өткізе бастады. Сол кездегі хал-ахуал бойынша, халықаралық жағдай шиеленісіп тұрған еді. Германия елі жәйлап алдымен Чехословакияны басып алды, одан кейін Польшаны, әрнәрсені желеулетіп Англия және Франция елдеріне соғыс ашты. Осындай жағдайлар жалғыз ғана Австрия емес, бүкіл Европа, Азия елдерінің дене қимылы қасиеттерін жүйелі түрде шұғыл дамыту жолдарын қарастырып, дене тәрбиесі жүйелерін қайта қарауға мәжбүр етті.
Сонымен, бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар арасында әлемдегі дене шынықтыру мен спорттың дамуы екі бағытта болды: социалистік және капиталистік. Біріншісі Ұлы Қазан төңкерісі арқасында дүние жүзінде пайда болған тұңғыш социалистік ел - КСРО-ның арқасында болса, екіншісі - әлемнің қалған буржуаздық елдеріндегі спорттық қозғалыс-тың арқасында болды.
Капиталистік елдерде спорттық-гимнастикалық қозғалыс саяси бағытта-маға байланысты, екі топқа - буржуаздық және жұмысшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет