Жұмыста кернеудің автономды инвертор базасына негізделген жиілік түрлендіргіш асинхронды қозғалтқыш сұлбасы бойынша жонғыш бұрама станоктың автоматтандырлған электр жетегі қарастырылады


Жонғыш станок жайлы жалпы мәлімет



бет2/22
Дата20.06.2022
өлшемі2,27 Mb.
#37090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Металл жонатын станоктың электр жетегін жиілікті түрлендіргіш-асинхронды қозғалтқыш негізінде автоматтандыру

1.1 Жонғыш станок жайлы жалпы мәлімет

Электр машина жасау зауыттарында механикалық өңдеу жалпы электр машиналарын жасау барысында елеулі орын алады.


Металл кескіш станок кеңінен пайдаланылатын өндірістік машиналар, кескіш құралдарымен металлдан жасалған дайындаманы механикалық өңдеуден өткізу үшін арналған. Дайындаманың жоңқасын жону арқылы керекті пішіні мен көлемі келтіріледі.


Жонғыш станок топтамасы көп таралған және өндіріс орындары мен жөндеу шеберханаларында кеңінен қолданылатын металл кесетін станоктар қатарына кіреді.


Жонғыш станок ол металлдан және басқа материалдан жасалған айналмалы түрдегі денелер дайындамаларын кесіп (қайрап) өңдейді. Жонғыш станокта цилиндрлік, конустық және бір қалыпта құйылған беттерді қайрап жұмырлау мен жонып тегістеу, бұранда кесу,шөркелерді жону және өндеу, бұрғымен тесу, саңлауларды үнгірлеу және т.б. жұмыстар орындалады. Дайындама шпиндель көмегімен айналады, кескі кесетін аспап жіберу механизмінен айналым алатын қозғалмалы білік немесе қозғалмалы бұрамадан, суппорттың жылжымалы бөлшегімен бірге жылжиды.


Жонғыш станоктар топтамасының құрамына әр түрлі ұштату операцияларын жасайтын станоктар кіреді :сыдыру, қайрау, жану және т.б. Станокка қосымша арнайы құралдарды қолдану қырсауласу үшін, радиалды саңлауларды бұрғымен тесу және өңдеудің басқа түрлері құрылғының технологиялық жағдайын жақсартады.


Жонғыш станок,жартылай автоматты және автоматты, көлденең және тік болып өңделетін бөлшектің дайындамасын қондырып ыңғайлануы шпиндельдің орналасуына байланысты бөлінеді. Тік станоктар негізінен қомақты салмақты, үлкен диаметрлі және орташа ұзындықтағы бөлшектерді өңдеуге арналған.


Жонғыш станоктар түрлері:

  • Жонғыш бұрама кескіш станок;

  • Жонғыш айналма үстелді жонғыш станок;




  • Жонғыш револьверлі станок;




  • Көшіргіш жонғыш станок;

  • Бойлық ұштату автомат;

  • Көпшпиндельді жонғыш автоматы;

  • Орталықты өңдейтін жонғыш фрезерлі станок.

Өлшеміне қарай жонғыш станок үстелге қоятын, қалыпты өлшемдегі

орташа станоктар және бірегей болады. Өңдеудің тазалығы мен дәлдігі бойынша терең өңдейтін, қалыпты және жоғарғы дәлдікті станоктар болып бөлінеді. Жалпы барлық жонғыш станоктар үшін өңделетін бөлшектер


11
айналымга келтіріледі бұл қозғалыс негізгі, ал аспап кескі берілген өңдеу контуры бойымен орын ауыстырады бұл қозғалыс жіберу деп аталады.


Технологиялық қондырғыларда , жартылай өткізгішті техника негізінде жасалған машина мен механизмдерде, жоғары сезімталды реттелетін және бақылап өлшеу аппаратураларында жаңа құрал жабдықты электрлік автоматтандыру кеңінен қолданылады. Бұл жағдай станоктардың электр жабдықтарын автоматтандыру қажеттілін түсіндіреді, жаңасын сатып алып орнатқаннан станоктардыі автоматтандыру арзанға түседі.


Дипломдық жобада 16К20 модельді жонғыш бұрамастаноктың электр жабдықтарын автоматтандыру және басқару сұлбасы келтірілген.


Жонғыш бұрама станок қара және түсті металлдарда әртүрлі жону жұмыстарын жасауға арналған сонымен қоса модульді, дюймдік бұрандаларды конустық ұштату мен метрлік кесу жұмыстары да орындалады.


Жонғыш бұрама станок жонғыш станок топтамасында универсалды станок болып табылады, ол негізінен дара және аз сериялы өндіріс жағдайларында қолданылады. Тәжірбиеде станоктардың құрылыстарын үйлестіру біртипті. Мысал ретінде алынған 16К20 модельді станок негізгі түйіндері мыналар болып табылады:


– тұғыр, станоктың бүкіл механизмі монтаждалады;


– алдыңғы шпиндельді қысқыш, жылдамдық қорапшасы, шпиндель және басқа да элементтер орналастырылады;


– жіберу қорапшасы, шпиндельден суппортқа (бұранданы кескен кезде қозғалғыш бұраманың немесе басқа денелерді өңдеу кезінде қозғалғыш білікше көмегімен) қозғалыстың керекті қатынасын береді ;


– белдемше, бұраманың немесе білікшенің айналуы суппорттың аспаппен бастапқы қозғалысына түрленеді;


– артқы қысқыштарда , патронда орнықтырылған бөлшектің орталық саңлауын өңдеу үшін стерженьді аспап немесе өңделетін бөлшекті ұстап тұру орталығы орнатылу мүмкін;


– суппорт кескіш аспапты бекітіп және оның қозғалысқа келтіруін білдіру үшін қызмет етеді.


12
Жонғыш бұрама станоктың жіктелуі мен құрылысы 1.1суретте көрсетілген:


1 – алдыңғы қысқыш, 2 - суппорт, 3 – артқы қысқыш, 4 -тұғыр, 5 және 9 – тапал тіреу, 6 - белдемше, 7 – қозғалғыш бұрама, 8 - қозғалғыш білікше, 10 – жіберу қорапшасы, 11 ауыспалы тегершіктің гитарасы, 12 –электр жүргізу аппаратурасы, 13 – жылдамдық қорапшасы14 – шпиндель.


Cурет 1.1 - Жонғыш бұрама станоктың құрылысы Суппорттың құрылымы мен жұмыс істеу реті 1.2 суретте көрсетілген:


Сурет 1.2 – Суппорттың құрылысы


Суппорт кескіұстағышта бекітілген кескіш аспаптың өңдеу кезінде орын ауыстыру үшін арналған. Ол төменгі жылжыма бөлшектен (бойлық суппорт) 1 тұрады, ол тұтқыш 15 көмегімен бағыттаушы тұтқыр бойымен орын ауыстырады және кескіштің дайындаманы бойлай орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Төменгі жылжыма бөлшекте 12 бағытталушы көлденең


13
жылжыма бөлшектер (көлденең суппорт) 3 орын ауыстырады, дайындаманың бөлшек айналу осіне кескіштің перпендикуляр орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Көлденең жылжыма бөлшекте 3 сомынмен 10 бекітілген бұрылу тақтасы 4 орналасқан, бұрылу тақтасының 4 бағыттаушысы 5 бойынша жоғарғы жылжыма бөлшек 11(тұтқыш көмегімен) орын ауыстырады, ол тақтамен 4 бірге бойлық жылжыма бөлшекке қатысты горизонталь бетте бұрыла алады және дайындаманың (бөлшек) айналу осіне кескіштің бұрыш жасай отыра орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Кескіұстағыш 6 бұрандаларымен, тұтқыш көмегімен 9 жоғарғы жылжыма бөлшектерге бекітіледі, ол бұрама 7 бойымен орын ауыстырады. Суппорттың жетегі қозғалғыш бұраманың астында орналасқан қозғалғыш бұрамадан 2, қозғалғыш білікшеге орын ауыстырады немесе қолмен атқарылатын. Автоматикалық жіберу тұтқыш арқылы іске қосылады 14.


Станоктың негізгі параметрлері тұтқыр үстіндегі өңделетін бөлшектің ең үлкен диаметрі және орталықтар арасындағы ең үлкен арақашықтық болып табылады. Сонымен бірге суппорттың көлденең жылжыма бөлшегінің үстінде өңделетін дайындаманың ең үлкен диаметрі станоктың басты өлшемі болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет