Жұмыста кернеудің автономды инвертор базасына негізделген жиілік түрлендіргіш асинхронды қозғалтқыш сұлбасы бойынша жонғыш бұрама станоктың автоматтандырлған электр жетегі қарастырылады


Өндіріс қондырғыларында қолданылатын элетржетектің жүйелеріне әдеби шолу



бет6/22
Дата20.06.2022
өлшемі2,27 Mb.
#37090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Металл жонатын станоктың электр жетегін жиілікті түрлендіргіш-асинхронды қозғалтқыш негізінде автоматтандыру

2.2 Өндіріс қондырғыларында қолданылатын элетржетектің жүйелеріне әдеби шолу


Асинхронды қозғалтқыш және жылдамдық қорапшасы. Кейбір станоктарда қазіргі таңға дейін жылдамдықты таза механикалық реттеу жүйесі бар, үш фазалы бір және екі жылдамдықты асинхронды қозғалтқыштар қолданылады. Жылдамдық қорапшасының тегершіктерінің өшіріп қосылуы электромагниттік үйкелме муфталар көмегімен іске асады. Бұрыштық жылдамдықтың баспалдақ тәрізді механикалық реттелуі әр түрлі диаметрлі өңдеу аспаптарының аса тиімді жону жылдамдығын қамтамасыз етпейді. Сәйкесінше, станок жоғарғы өнімділікті әр түрлі диаметрлі аспаптар кезінде бере алмайды. Бұдан басқа жылдамдық қорапшасының құрылысы күрделі болып келеді, баспалдақ саны көбейген сайын бағасы сәйкесінше артады.


Жиілікті түрленгіші бар асинхронды электр жетегі. Электржетек құрамы: асинхронды қозғалтқыш; тиристорлы жиілікті түрлендіргіш, күштік сұлбаға кіретіндер: тұрақты ток түйіні бар үшфазалы көпірлі реттелетін түзеткіш (кернеу түрлендіргіші); кернеудің автономды инверторы, сүзгі; конденсатор зарядтау блогы; күштік ток бөгеттеуіш түйіні; ток датчигі.

Электржетектің тұйықталған жүйесі белгіленген ток сигналы мен қозғалтқыштың ішкі тогының кері байланыс сигналын салыстыру қағидасы бойынша тұрғызылған.


Тиристорлы жиілікті түрлендіргіште фазалық коммутациясы бар кернеудің автономды инверторы қолданылады, коммутациялық құрылғысы инвертордың бір фазасына сәйкес келетін тиристордың екі вентиль иінін ауыстырап жауып отырады. Автономды инвертордың сұлбасының құрамы: коммутациялық тиристорлар көпірі; айырғыш диодтар.


Коммутациялық конденсатордағы кернеудің тәуелсіздігін қорек кернеуінен қамтамасыз ету мүмкін, негізгі тиристордағы ток коммутациясы аяқталған соң, тиристор зарядтаушы арқылы конденсаторларды басқа қорек көздерінен зарядтау. Сондықтан амплитуда мен шығыс кернеуінің жиілігін реттеу кезінде инвертор тұрақты коммутациялық қасиетін қамтамасыз ету


21
үшін, түрлендіргіштерде үшфазалы көпірлі сұлба бойынша орындалған басқарылмайтын түзеткіші бар коммутациялық конденсаторды зарядтаушы көзі қолданылады.




ЭТА-1 Электржетектері. ЭТА-1 айнымалы ток электржетектері байсалды реттеу мен бірқалыпты жылдамдықты қажет ететін әр түрлі өндірістік механизмдерде қолданылады. Электржетектер екі фазалық қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш пен жиілікті түрлендіргіш тиристорлар негізінде жасалған. Қозғалтқыштың статор орамалары гальваникалық байланыспаған, сондықтан әрқайсысы өзінің түрлендіргішінен қоректенеді. Қозғалтқыштар түйіспелері жоқ тахогенератор мен ротор күйінің фотоимпульсті датчигі бар, кеңістіктік кешенді датчикпен жабдықталған. Электржетектің автоматты реттеу жүйесі ПИ - жылдамдық реттегіші мен ток реттегіш ішкі контуры бар екі контурлы болып орындалған және асинхронды қозғалтқыштың жиілікті – токты басқару қағидасын іске асырады. Жылдамдықты реттегіштің кірісіне белгіленген сигнал мен тахогенератордан жылдамдықтың теріс кері байланыс сигналы беріледі. Жылдамдық реттегіш шығысында сырғу жиілігінің тапсырылған сигналы қалыптасады, ол токтың тапсырылған сигналы ретінде координаталық түрлендіргішке беріледі. Координаталық түрлендіргіш жиіліктік түрлендіргішке екі басқару сигналын қалыптастырады.


ЭПБ-1 және ЭПБ-2 сериялы айнымалы ток тиристорлы электржетек жиынтығы. ЭПБ электржетектері бір, екі және үш координаталық беріліс механизимі бар металл кесетін станоктарға арналған. Бұл электр жетек жүйесі жиіліктік –токты басқаруы бар тиристорлық түрлендіргішті синхронды қозғалқыш тұрғызылған. Ол қозғалтқыштағы жоғарғы тез әрекет ету қасиеті мен шудың төменгі деңгейі және электрмагниттік шығындарды қамтамасыз етеді. ЭПБ құрамына кіретіндер: ротордың бұрыштық күйдегі датчигі мен енгізілген тахогенераторы бар тұрақты магниттен қоздырылатын роторлы коллекторсыз синхронды қозғалтқыш; реттегіш блогы; қоректену блогы; автоматты ажыратқыш; ток шектеуші резисторлар; контактор.

Ток инверторы қозғалтқышты қоректендіреді және қозғалтқыштағы кернеу жиілігін реттеп қажетті жылдамдық пен момент сәйкес келетін статор орама фазасындағы токты қамтамасыз етеді. Ток инверторы күй датчигімен бірге коллектор рөлін атқарады.


Электр жетегінде келесі электрлік қорғаныстар қарастырылған: нөлдік, максималды – токты; қозғалтқыштың қызып кетуден қорғау; тахогенератордағы вентиляцияның тоқтап қалуы мен қоздырылудың үзіліп кетуі. Қозғалтқышта жылжымалы жылдамдықтан бұғаттаушы болады.


22
Басты қозғалыс жетегі



Сатылы жетек




Сатылы емес жетек













Сатылы тегершікті




спалы тістегеріштіАуы




Қозғалмалы тістегерішті







муфталы




Үйкелме дискілі







Үйкелме сақиналы




Жылжымалы берілісті







Иілимелі байланысты


















































































































































































Асинхронды қозғалтқыш




Тұрақты ток қозғалтқышы














































көпжылдамдықты




біржылдамдықты




біржылдамдықты




біржылдамдықты




біржылдамдықты




























Cурет 2.1 - Басты қозғалыс жетегінің негізгі түрлері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет