1.2 Жонғыш бұрама станоктың жұмыс істеу принципі
Өндірістің станоктар паркінде жетекші орындардың бірін жонғыш станоктар топтамасы алады. Арнайы жонғыш станоктар мен автоматтардың даму үдерісіне қарамастан , универсалды жонғыш бұрама станоктар жетілдіру жалғасып келеді.
Жонып өңдеу қайрау жонғыш станоктарда айналмалы дене (білік, диск,ось,сақина, сомын, төлке,жалғастырғыш (муфта),фланц және т.б.) сомын түріндегі бөлшектерді даярлау кезінде кеңінен қолданылатын әдіс.
Осы бөлшек беттерінің цилиндрлік ,конустық, шар тәріздес және профильдік, үшкірлеу мен сыдырып тастау, шөркелеп кесу, қанау жану, ішкі және сыртқы бұранда кесу, кедір бұдырлау, бұрғылау, үңгірлеу, саңлауларды өрістету және жону жұмыстарының басқа түлері жонғыш станокта жасалады. Басқалай айтқанда жонғыш станокта өңдеу ол дайындаманың пішіні мен өлшемі әдіпті алып тастау жолымен өзгертіледі. станок дайындамаға айналуын хабарлайды,ал кескіш аспапқа соған байланысты қозғалысты. Кескіш пен дайындаманың әр түрлі қозғалысына байланысты кесу процессі жүреді.
Материалдарды кесу жолумен өңдеу оның химиялық құрамы, құрылымы, механикалық және физикалық қасиеттеріне тәуелді. Қолжазбалық нұсқа өңделуі кезінде сәйкесті жылдамдық пен кесу күшіне байланысты аспап жылдамдығы бағаланады., ал таза нұсқасы - беттің бұдырмақтылаулығы, өңдеудің дәлдігі және аспаптың тұрақтылығымен бағаланады.
14
Әр түрлі кесу жылдамдығы кезінде, кескіш аспаптың тұрақтылығының өзгеруін бағалау негізінде металлдардың өңделу әдіс тәсілдері анықталады. Ұйғарынды кесу жылдамдығын өңдеудің бағалау белгісі ретінде жиі қолданылады, себебі кесу жылдамдығы өнімділікке маңызды әсер етеді, сонымен қатар өңдеудің өзіндік құнына. Кесу жылдамдығының ең үлкен мәнін қабылдайтын металл , ең жақсы өңделетін болып есептеледі. Жонғыш бұрама станокта шойын, болат, түсті металлдар және олардың қорытпалары секілді конструкциялық материалдар өңделінеді.
Өңделуіне түріне байланысты өтетін, кесілген,кертіп жасалған, жонғы, қалыпқа келтірілген, бұранда кескіш және т.б. болып бөлінеді.
а - сыртын бүгілген өтетін кескішпен үшкірлеу, б - сыртын түзу өтетін кескішпен үшкірлеу, в - түзу бұрышпен ойық жану, г - канауды керту, д - радиусты галтельді үшкірлеу, е - саңлауларды кеңейту, ж,з,и - бұранданы сыртқы, ішкі және арнайы кесу.
Сурет 1.3 – Бұранданы өңдеу түрлері
Бөлщектерді өңдеу процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Қауіпсіз жұмыс жағдайы бойынша ең бірінші басты қозғалыс (шпиндель) жетегі іске қосылады. Осыдан кейін өңделетін бөлшекке қарай кескіш аспаппен бірге суппорттың жедел жеткізіп салынуы жүреді. Келесі, жұмысты жіберуге өту болады .Өңделетін бөлшекке аспапты ойып орнату кезінде металл кесу процессі басталады да белгіленген жоңқа қабатын сыдырумен бірге жүреді. Жону процессі аяқталған соң суппорт бөлшектен ажыратылып бастапқы қалыпқа келтіріледі. Содан соң басты қозғалыс жетегі тоқтатылады. Өңдеу жұмысы аяқталғаннан кейін бөлшекті ауыстыруға болады.
Станоктың басты жетегі . Алдыңғы қысқышта жылдамдық қорапшасы мен шпиндель орнатылған , ол таңдап алынған кесу тереңдігі мен жіберуге байланысты өңделетін бөлшекті айналымға келтіреді. 1.4 суретте жылдамдық қорапшасының құрылғысы көрсетілген, ол келесідей жұмыс істейді. Дайындама шпиндельдің фланцына 13 бекітілген жұдырықшалы патронға қыстырылады . Электр қозғалтқыштан 1 білікке 5 айналым, беріліс белдігі 2 мен муфтаның қосылуы 3 арқылы беріледі.
15
Сурет 1.4 - Жылдамдық қорапшасының құрылғысы
Станокта 5 орнатылған үш тегершіктен 7, 8 ,9тұратын блок, төрткілдеш берілісі көмегімен тұтқамен 17 байланысқан. Бұл тұтқамен тегершік блогы, білікте 6 қатты бекітілген тісті доңғалаққа 4(10 немесе 11) ілініседі. 4 және12 доңғалақтары сәйкесінше 15 және 16 доңғалақтарымен ұштастырылған, олар шпиндельдің айналдыру моментін тұтқаға 18 қосылған тісті муфта 14 арқылы береді. Егер муфтны оңға қарай жылжытсақ, онда шпиндель айналуды 16 тісті доңғалақ арқылы , ал егер солға қарай жылжытсақ 15 тісті доңғалақ арқылы алады. Осындай жолмен жылдамдық қорапшасы шпиндельдің айналу жиілігінің алты қадамын қамтамасыз етеді.
Кеңінен таралған аз және орта қуаттағы жонғыш станоктардың басты жетегінде қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқышты жетек негізгі типті жетек болып табылады. Жонғыш станоктың шпинделінің айналу жиілігі жылдамдық қорапшасының тісті беріліске қосу жолымен реттеледі. Кейінгі уақытта өшіріп қосу процессі электрмагниттік үйкелме муфта көмегімен, қашықтықтан басқарылатын станоктар көптеп жасалып шығаруда. Аз және орта қуатты жонғыш станоктарда айналу бағытын өзгерту (реверстеу), іске қосу және тоқтату үшін үйкелме муфталар жиі қолданылады. Осы кезде қозғалқыш үнемі қосулы күйде және бір ғана бағытта айналады. Қозғалысқа жіберу кіші және орташа станоктарда басты жетектен жүзеге асырылады.
16
Жіберуді реттеу қолмен және қашықтан өшіріп қосылатын тісті беріліс қорапшасы көмегімен іске асырылады.
Жонғыш станоктардың көмекші жетектері(суппорт күймешесінің орын ауыстыру шапшаңдығы, бұйым қысу, салқындату насосы және т.б.) ретінде қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқышпен жабдықтандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |