Жүнісов С. Ж88 Пьесалар



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Алтыншы көрініс
Сахна қараңғы. Аят оқылып болады. Жаназадан та-
раған адамдардың лабыры.
Б а л з и я (қараңғыда). Нағашы, болыс ата, Омар, 
сендер қала тұрыңдар. Басқаларың бара беріңдер...
Жарық жанады. Сәлімгерейдің үйі. Жаназадан кейінгі 
көрініс: қара жамылған Балзия, қайғы жұтып, аза тұт-
қан нағашы – Жаппар бай, болыс ата – Ережеп, Бал-
зияның құрбысы – Омар.
Б а л з и я .  Ал, шалдар, неге осыншама ұнжырғаларың 
түсіп бастарың салбырап кетті? Омар, саған не болған 
осыншама мұқалатындай? (Отырғандар үнсіз.) Білем, 
түсінем: қазір сендердің мені, Атымтайдың қалыңды-
ғын, әкеге ермеген сатқын қызды атарға оқтарың жоқ... 
Іштеріңнен қалай қарғап-сілеп отырғандарыңды да айтпай-
ақ білемін.
Ж а п п а р (Балзияға тіктеп қарай алмай). Қой, 
жиенжан! Біздің сенде не шаруамыз бар? Біз келсек, 
Сәлімгерей марқұмның өліміне қан жұтып, қара жамылып, 
шаһит болған бейкүнә фәндәні фәни жалғаннан бақи дүниеге 
соңғы рет аттандырып салуға келдік. Біздің сенде шаруамыз 
жоқ, қой, тұрайық!
Е р е ж е п. Иә, қарағым, біздің сенде шаруамыз жоқ.
О м а p. Иә десейші, шаруамыз жоқ.
Үшеуі де орындарынан тұрып кете бастайды. Балзия 
орнынан атып тұрып, шаңқ етіп, айғай салады.
Б а л з и я .  Отырыңдар!

220
Ащы дауыстан сескенген азашылар қайтадан отыра-
отыра кетіседі.
Б а л з и я  (аздан соң, байсалды). Менің көкем бәріңе 
де, бар елге, осы өлкеге қадірлі азамат еді. Ол енді жер 
жыла, көр жыла – қайтып келмейді. Еңдеше, құр босқа 
жоқтап, көздің жасын бұлап отырмақсыңдар ма, әлде бір 
қам жасайсыңдар ма? Ендігі ойларың не?
Ж а п п а р .   Шырағым-ау, бізде қайбір ақыл, не ой 
қалды дейсің. Арыстай азаматың, жазықсыз бала-шағаң 
қанға боялып, өліп, малың талапайға түсіп, тоналып жатса, 
бізден не ес, не ақыл сұрайсың?
Е р е ж е п .  Одан да ана Атымтайыңнан сұра ақылды. 
Тұяқ калпақ киіп алып, өз әкесін өзі кім үшін оққа байлапты. 
Кәпір ниеттілерге еріп, өзі де кәпірстан атанып жүре бере 
ме, әлде елге тыныштық беріп, сабасына түсе ме?
Ж а п п а р. Біз ешқайда енді кетпейміз де, кете де 
алмаймыз. Алар малын түгел алсын да, біздің қара ба-
сымызға еркіндік берсінші, батыреке. Соны жеткізші ана 
Атымтайыңа. Енді ешқайда да бармайық, маза берсінші.
О м а р .   Жоқ, олай жалтармаңыз. Жұт болар жылы 
төрт аяқты хайуандар мен қыбырлаған жәндіктерге дейін 
жұртын, мекенін тастап қашпай ма? Астымыздан су шығып 
жатқанда, тышқан құрлы болмағанымыз ба?
Б а л з и я. Ол не жұт, қайдағы жұтты айтасың, Омар?
О м а р .   Жеті атадан қалған ақ-адал малды түк қал-
дырмай сыпырып алса, ертең бала-шағамызды кім асы-
райды? Бұл жұттың басы емей, немене? Атымтай бүгін 
алып кетсе де айтам, оның түрмесінде шіріп, бала-шағаны 
ісіп-кептіріп өлтіргенше, қалған аз малмен айдалаға қашып, 
қаңғырып өлгенім артық.

221
Б а л з и я .  Жарайды, сыңайларыңды байқадым. Ендігі 
сөз мынау: тау асамыз. Елді енді өзім бастаймын. (Байлар 
бір-біріне жалтақтасып, түсініксіз қарасады.) Немене, 
сенбей отырсыңдар ма? Бір шоқып, екі қараған қарғаларша, 
не болды жалтақ-жалтақ ететін... Бүгін кешке дейін ерем 
деген адамдардың көшін жасырын дайындаңдар. Ымырт 
үйіріле көш жылжуы керек. Әр үйден бір-бір жас жігіт 
бес қаруын сайлап қалатын болсын. Біз көштің соңында 
Жылысай аузында күтініп тұрамыз. Қуғыншы бола қал-
са, ағысуға, шабысуға тура келеді. Елді бөріктірмеңдер. 
Түсіндіңдер ме?
Ж а п п а р (күмілжіп). Түсінікті-ау, жиенжан. Бірақ 
кеше мылтық даусын естіген бала-шағада, кәрі-құртаңда 
ес жоқ. Жүректері шайлығып қалған пақырлар бірер күн ес 
жиып алсын да.
Б а л з и я .   Жоқ. Кешеуілдетуге болмайды. Көкемнің 
жетісін бергенше, Атымтайлар да мазаламайды. Біз жетісіне 
қарамай, осы тұста – тез кетуіміз керек.
Е р е ж е п. Егер шын Сәлімгерейден туған намысшыл 
қыз болсаң, мына сөзіңнің жаны бар.
О м а р .   Әлгі Есетті қайтеміз? Бәрін бүлдіріп, 
орталыққа жеткізіп жүрген жымысқы сұмырайдың қасында 
шекарашылары бар. Ол жердің астындағыны біледі.
Б а л з и я .   Есетпен өзім сөйлесем. Ол бұл жолы 
ешкімге де хабар салмайтын болады. Ол – менің адамым!
Мына оқыс оқиғаға әлі де толық түсіне алмай 
жалтақтасқан байлар кетеді. Сырттан Есет кіреді. 
Жайғасып отыра беріп, аузы күбірлеп, бетін сипайды.
Е с е т. Балзия, топырақ салуға келе алмадым... Кінәлімін...

222
Б а л з и я .   Жарайды, ниетіңе рахмет! Мен сені кінә-
ласуға емес, ақылдасуға шақырып едім... (Есет басын оқыс 
көтеріп алып, таңырқап та, сезіктене де қарайды.) 
Есет, сенімен ұзақ сөйлесіп, ұзақ бәтуаласатын уақыт жоқ. 
Қысқасы сол – біз қол ұстасып, тау асуымыз керек.
Е с е т. Тау асамыз? Қол ұстасып деймісің?..
Б а л з и я .  Бұл сөзім саған оқыс естіліп отыр ма? Менің 
өзіме де солай. Бұзылған заманда ештемеге таңырқауға бол-
майды.
Е с е т. Иә, солай, солай! Дегенмен бұл ой саған...
Б а л з и я .  Тұра тұр, әуелі мен айтып болайын. Соңғы 
екі-үш жыл ішінде әкең арқылы сөз салып жүргеніңді білемін. 
Ұнататын шығарсың, жақсы көретін шығарсың, оған кінәлі 
емессің. Жасырмаймын, мен сені сырттай менсінбеуші едім. 
Әлі де жүрегім онша елжіреп тұрған жоқ. Атымтайдан да 
алар кегім осымен орындалмақ. Егер осыған көнсең, бүгін 
түнде ел көшеді, сен де әке-шешеңді жолға қамда.
Е с е т. Апыр-ай, ә... бұл өзі... ә?
Б а л з и я .  Ойлан, ойлан. Кейін қапы ұрылып жүрме. 
Көнсең, мені қаласаң – бізбен бірге кетесің. Ал мен бұл 
жерде отырып, енді Атымтайға да, саған да жар бола ал-
маймын. Қалауың білсін.
Е с е т. Апырмай, Балзияш-ай, маған қиын шарт қойып 
отырсың. Сен үшін мен жердің түбіне кетуге әзірмін. Егер 
жолымыз кешегілердей сәтсіз болса, Атымтайдан еш аяу-
шылық жоқ. Су түбіне біржола кеткенім ғой.
Б а л з и я .  Мұнда қалсаң, сені Атымтай да су бетінде 
қалқытып қоймас.
Е с е т. Оның рас, Атымтайдың кейінгі кезде шүйлігуі 
жаман, оны өзім де сезіп жүрмін.

223
Б а л з и я .   Ендеше, ең қолайлы кез – осы тұс... Ал 
қор қар болсаң, зорлық жоқ. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» 
– егер қолға түсіп қалсақ, не тартсақта, бірге тартамыз. 
Мен әке үшін ашынған, кектенген жанмын. Жаңа үкіметтің 
қайырымсыздығына да көзім жетгі. Тайынарым жоқ. Ал 
сен... тағы да айтам, қалауың білсін.
Е с е т. Сонда қашан... қалай жүрмекпіз?
Б а л з и я .   Ол  менің шаруам. Үйдегі үлкендерді әзірле, 
қошпен бірге кетеді. Сен менімен бірге жүресің...
Е с е т. Балзия, алтыным, мен сенімен....
Б а л з и я .  Жарайды, ондай сөздеріңді кейін айтарсың. 
Қазір үздігуге уақыт жоқ.
Е с е т. Көндім, кеттім бірге.
Б а л з и я .  Айтқандай, қасында неше шекарашы бар?
Е с е т. Екеу. Атымтай қалдырып кетті, егер олай-былай 
бір сыбыс болса, хабар беруге, қарумен көмектесуге...
Б а л з и я .  Оларды қайтесің?
Е с е т. Қыбын тауып атып кетсек...
Б а л з и я .   Жоқ, ертең ұсталып қалсақ, қылмысың 
ауыр лайды.
Е с е т. Иә, иә... ол да мүмкін.
Б а л з и я .  Одан да ештеме сездірмей бір жаққа, алысқа 
жұмсап жібер. Есебін тауып қару-жарақтарын алып қал.
Е с е т. Апыр-ай, өзің не деген тапқышсың. Расында да 
бізге қарасты алыстағы ауылдарда біраз шаруа бар. Сонда 
жұмсап, «мылтықтарыңды шошайтып елді үркітпеңдер» деп, 
қаруларын да алып қалуға болады. (Қуақыланып.) Апыр-
ай, «бір әйелдің айласы қырық есекке жүк болады» деуші еді.
Б а л з и я .  Қырық есекке жүк болмай-ақ, айламыз бен 
ақылымыз бір Есетке жүк болса да жетер.

224
Е с е т. Болды... Көндім... Кеттім бірге.
Б а л з и я .   Ендеше, бар, әзірлен. Мылтық, оқ-дәрің 
бар шығар?
Е с е т. Бар... бар, әрине, бар.
Жетінші көрініс
Тау іші. Алыстан биік, заңғар тау шыңы көрінеді: азу 
тістері ақсиған арыстанға да, аузынан көбік шашқан бұйра 
бас бураға да ұқсайды. Теңкиген-теңкиген қойтастардың, 
сиыр, тотастардың арасында шоқиып-шоқиып қашқын-
дар алдарына орамалдарын жайып, қаужаңдап тамақ ішіп 
отыр. Жалғыз ауыз, қос ауыз, шиті мылтықтар, сойыл, 
шоқпарлар тастарға сүйеулі. Балзия бастаған бір топ 
жігіттің ішінде Есет, Омар, Еркекшора...
Б а л з и я .   Ал, тамақтанып болдыңдар ма? Аттар да 
шалған шығар... Ана шыңды көрдіңдер ме, бағана бұлт 
астында көрінбей тұрған: оны Азулы шыны, Азулы тауы 
деп атайды. Бұл жатжұртқа өтердегі ең қауіпті бірінші өткел.
Е р к е к ш о р а .  Неге қауіпті?
1 - Ж і г і т. Несі қауіпті?
О м а р .   Оны мен айтайын, Балзия. Бұл араға біз 
талай рет аң аулап жүріп келгенбіз. Солай емес пе, Балзия? 
Атымтай да болатын.
Е с е т .  Соның атын атамашы.
О м а р .  Иә, бұл төңіректе арғы бетке өтетін бір-ақ өт-
кел – ана шыңның бауыры. Онда шұбыртпалы жалғыз аяқ 
соқпақ жол бар. Оны «Қылкөпір» дейді. Десе дегендей 
– пы шақпен кескендей тіп-тік қызыл жардың бауырымен 
құзға көтерілетін жолға аттылы бір-ақ адам зорға сияды. 

225
Екін ші жағы көз жетпейтін түпсіз шыңырау, терең құз. 
Құздың түбінде аласұрып ағып жатқан тау өзені – Қас. Ол 
өзенге талай адам зымырап, құздан басы айналып, құлап 
түскен. Сол себепті Қастың суын қанды су дейді.
Е р к е к ш о р а   (үрейленіп). Біз содан атпен өтеміз бе?
Е с е т. Атпен өтпегенде, құс боп ұшып өтейін деп пе 
едің? Ах-ха-ха!
Е р к е к ш о р а .  Ой, сіз де бір жөн-жосығы жоқ, ыржа-
лаң-ыржалаң етіп, Балзия әпкеме қолыңыз жеткен екен...
Е с е т. Немене, қызғанып отырмысың? Қажет болса сені 
де алам тоқалдыққа, бойжеткен, ах-ха-ха...
Е р к е к ш о р а .   Пшту, сені қайтем? Саған тигенше 
құздан құлап өлгенім жақсы.
Е с е т. Қаласаң ол да болады.
Б а л з и я .  Жетті тәжікелесулерің!..
Е р к е к ш о р а .   Сонда, Омар аға, егер деймін-ау, 
әгәрәкім жолдың екінші басынан тағы біреулер келе жатса
қарама-қарсы кездескен адамдар қалай өтеді?
Е с е т. Ә, мына сұрағың орынды.
О м а р. Ол былай: жолға түстің бе, ә дегеннен-ақ әнге 
саласың. Ана басына келген адам, тау жаңғырықтырған ән 
шығысымен-ақ бері қарай аттамайды.
Е р к е к ш о р а .  Өмірі өлең айтпаған адам болса ше?
О м а р .  Жан керек болса айтасың. Шын жыласа соқыр 
көзден жас шығады демей ме?
Б а л з и я .   Бүгін бірінші рет ән салмай өтетін жолау-
шылар біз болармыз.
О м а р .  Қане, қас қараймай тұрып «Қылкөпірден» өтіп 
алуымыз керек. Аржағында Қытай жері басталады. Бүгін 
үшінші күн, Жылысаймен кеткен көш те жеткен шығар.

226
Б а л з и я .  Ал, аттарыңа қоныңдар.
Е р к е к ш о р а .  Балзия әпке, бүгін осы жерде тыны-
ғып, күн жарықта өтсек болмай ма?
Д а у ы с т а р. Иә, сүйтсек те болар.
– Сүйткеніміз дұрыс шығар.
– Аттар да, өзіміз де тынығып алайық та.
– Қараңғыда кім біледі, құздан құлап, жазым боп жү-
рерміз. 
Б а л з и я .  Жетті, оттамаңдар. Өңшең сужүректер. Ер-
теңге дейін артымыздан қуғыншылар жетсе қайтпек сіңдер? 
Е с е т. Көздеріңді ойып, өздеріңді суға лақтырса... 
Д а у ы с. Енді қайдағы қуғыншы, қайдағы жау? 
О м а р .  Жау жоқ деме, жар астында.
Сахна қараңғыланады. Омар салған ән естіледі.
Тәуекел түбі жел қайық, 
Мінерсің де өтерсің, 
Қайғының түбі – тұңғиық, 
Батарсың да кетерсің.
Бұл әнді біразы ыңылдап, біразы айғайлап қосылады. 
Дауыстарында жарықшақ үрей бар. Ара-арасында, дауыс-
тар:
– Аттарыңды бір-бірінен алысырақ ұстаңдар.
– Үзеңгіден аяқтарыңды шығарып отырыңдар.
– Аттарыңды қыспаңдар.
– Жүгендеріңді бос қоя беріп, аттарыңды еркіне жі-
беріңдер.
– Құлаған, тайған біреу болса, құзға төмен қарап әуре-
ленбе, бәрібір құтқара алмайсын.

227
– «Тәуекел түбі жел қайық»...
«Бұл кім-ай?» – деген Балзияның үрейлі үні шыққанда, 
жарық көмескілене жанады. Сахнада құздағы жалғызаяқ 
жолдың бейнесі. Жолдың екі жағынан өрмелеген салт 
аттылардың аңды дәл орта тұста ошарылып, бір-бірімен 
бетпе-бет түйісіп тұрып қалған.
Б а л з и я .  Бұл кім-ей? 
А т ы м т а й. Мен ғой, Балзия. 
Б а л з и я .  Атымта-ай? 
А т ы м т а й .  Иә, біз ғой, Балзия.
Б а л з и я .   Көкемнің соңынан қуып өлтіріп ең, еңді 
менің алдымнан шықтың ба? Бізде не алашағын бар? Кет 
былай жолымнан! 
Д а у ы с т а р   (соңғы жақтан басталады). Не боп 
қалды?
– Неге тоқтадыңдар?
– Әй, не боп қалды?
О   м   а   р  (Балзиядан кейін тұр. Артына бұрылып). 
Бөрлікпеңдер, шыдаңдар!
Д а у ы с т а р (бірінен соң бірі соңына дейін қақпақш-
дап). Бөрлікпеңдер, шыдаңдар!
А т ы м т а й. Ақылға келсейші, Балзия!
Б а л з и я .  Кім ақылға келу керек, сен бе, мен бе?
А т ы м т а й. Ойлан, Балзия, райыңнан қайт. Әлі де кеш 
емес.
Б а л з и я .   Мен ойланғанмын. Жазықсыз көкемнің 
сақалы қанға боялып жатқан күні ойланғанмын.
А т ы м т а й. Балзия... неге жазықсыз дейсің?
Б а л з и я .   Ә-ә, солай ма? Әлі де жазғырады екенсің 
ғой. Ойланып, түсінді ме десем! Жо-оқ, сенде ой да, сана 

228
да жоқ екен. Сен өйткені ойы бар, зердесі бар адам емессің, 
жаңа үкіметтің жансыз, мисыз қара қолшоқпарысың. Бүгін 
әкеңді өлтірдің, ертең өлтір десе балаңды да өлтіресің. 
Сендер тірі тұрғанда, қазақта ұрпақ қалмайды. Мен сол 
болашақ ұрпақты сақтау үшін кетіп барамын, жетті, былай 
тұр жолымнан!
Балзия атын тебініп қалады, омыраулаған ат алдыңғы 
атты кеудесімен қағады.
Д а у ы с т а р (арт жақтан). Не деп жатыр?
– Кімдер өзі, қанша адам?
– Енді не істемекпіз?
– Тұра береміз бе?
А т ы м т а й .  Жарайды, Балзия, сен кеттің дейік, сонда 
қайда бармақсың?
Б а л з и я .  Дүние кең, басымның ауған жағына барамын.
А т ы м т а й. Өз жерінен жеріген адамға дүниенің 
кеңдігінен не пайда?
Б а л з и я. Өз жерінен? Менде өз жерім қалды ма? 
Бәрін сендер, жаңа үкіметтің кәпірстандары, тартып алған 
жоқсыңдар ма?
А т ы м т а й. Жарайды, біз жазықты болсақ та, енді елдің 
не жазығы бар? «Ерден кетсең де, елден кетпе» демеуші ме 
еді.
Б а л з и я .  Сен қай елді айтып тұрсың?
А т ы м т а й. Қай ел болушы еді? Артында қалып бара 
жатқан еліңді айтам.
Б а л з и я .   Артымда елім емес, әкемді өлтірген, ма-
лымды, жерімді тартып алған жауларым қалып барады. 
Елім – қасымда.

229
А т ы м т а й. А-а-ай, Балзия, бұл ел ме, үркердей ғана аз 
ауыл, бүгін адасқан ауыл, ертең азып-тозған ауыл болады.
Б а л з и я .   Атымтай, сен менің мінезімді білесің ғой, 
сенің ендігі үгітің жүрмейді. Жолымызды бөгеме! Егер 
осы қылкөпірдің үстінде айқасады екенбіз, біз атысуға да, 
шабысуға дайынбыз. Екі жақта тып-типыл болады. Солай 
емес пе?
Балзия бұрылып артындағы Омарға қарайды.
О м а р .  Атымтай, бізде аянар да, қарманар да ештеме 
қалған жоқ. Бізді босатыңдар, ашыңдар алдымызды, әйт-
песе... (Артына бұрылып.) Әй, сарбаздар, оқтаңдар мыл-
тықтарыңды, сайландар сойылдарыңды.
Д а у ы с т а р ( бір-біріне жалғаса may жаңғырықтыра 
қайталап). Оқтаңдар мылтықтарыңды!
– Оқтаңдар мылтықтарыңды, сайлаңдар сойылдарыңды!
Оқтаңдар мылтықтарыңды, сайлаңдар сойылдарыңды! 
(Бұлардың дауыстары may ішінде жаңғырығып кетеді.)
А т ы м т а й   (жаңғырық басылған соң). Балзия, мен 
жібергенмен сендерді менің соңымда тұрған әскерлер жібер-
мейді. Мен жалғыз шеше алмаймын. Ақылдасайын.
Атымтай артына бұрылып сөйлеседі. Қашқындар 
шы дам сызданып, айқайлап, шулап тұр.
Д а у ы с т а p. Енді не тұрыс?!
– Жетті енді тұруымыз.
– Бүйтіп ұйқыдан қажып, аштан аш тірідей жаурап 
өлгенше, жағаласып жүріп таудан ұшып өлейік!..
– Тірі жанға бір өлім!
– Бұзамыз қамалды!

230
– Қане, оқтаңдар мылтықтарыңды!
Осы оқиғаға, тау жаңғырығына лайық музыкалық әуен.
Сегізінші көрініс
А т ы м т а й .   Ал, Балзия, келістік. Қалай өткілерің 
келеді? Қандай шарт қоясыңдар?
Б а л з и я .  Шартымыз сол. Екі жақтың аттары да кейін 
шегіне алмайды. Сендер аттарыңды жардан құлатыңдар. 
Біз өтеміз.
А т ы м т а й .  Жоқ, ол болмайды. Біздің де шартымыз 
бар. Екі жақ та алма-кезек жар жағалап, ат бауырынан 
амалдап өтеді.
Б а л з и я .  Осылай дейтіндеріңді білгенмін. Жарайды, 
әуелі біздің жақтың адамы бастасын. (Артына бұрылып.) 
Омар, кейінгілерге бұйрық ет!
О м а р (кейін бұрылып). Сарбаздар, жол ашылды. Екі 
жақтан да кезекпе-кезек жаяулап өтіп, орын алмасамыз, бәрін 
де кезек тиісімен бері шыға бере аттарыңның ер-тоқымын 
алып, жүгенін сыпырып, құздан төмен лақтырыңдар!..
Дауыстар қайталап жатады да, адамдар музыка 
аясын да алма-кезек өте береді. Соңғы жақтан айғай-шу 
шығады. Омар Балзиядан кейін тұрған.
О м а р (арт жағына қарап, айғайлап). Не боп қалды 
сендерге, не жетпей келеді?!
1- Ж і г і т. Омар аға, мына жексұрынның кесірінен 
құлақасқадан айрылдым, құздан ұшып кетті.
О м а р .   Жарайды, бастан құлақ садаға. Бәрібір ит-
жемеде қалатын ат! Ал сен... мынауың не?
1- Ж і г і т. Ертоқым.

231
О м а р .  Көріп тұрмын. Таста салақтатпай!
2 - Ж і г і т. Жоқ, тастамаймын, өзім көтерем, өзім алып 
өтем.
Б а л з и я .   Бұл неменің дүниеқоңызына не берерсің, 
атып таста, Омар, әкесіне өзім берем жауабын.
2 - Ж і r і т. Апатай-ай, Балзия тәте... (жыламсырап) 
жеті атадан бері келе жатқан қасиетті ертоқым, малымыздың 
құты еді...
О м а р .  Жеті атаңның қай дүниесін түгендеп арқалап 
өтпексің, қалған жоқ па бәрі... Таста, қане лақтыр! Бір, 
екі...
Бетін бүркеніп Есет өте береді.
А т ы м т а й .  Тоқта... кімсің-әй? (Бүркенішін жұлып 
алады.) Ә, сұмырай, сен екенсің ғой?
Е с е т. Ренжіме, Атымтай! Екеуміздің жолымыз айы-
рылысатын күн туды. Енді көпке дейін көріспейтін шы-
ғармыз, қош бол!
А т ы м т а й .  Жоқ, сен кері қайт. Сенің талай жыл ГПУ-
дың жансызы болған еңбектерің үшін есеп айырысуымыз 
керек.
Е с е т .   Мен есеп айырысып болғам. Ендігі жерде өз 
есебім өзіме жетеді.
Б а л з и я .  Атымтай, жібер Есетті, саған жүз кісі өтті 
не, бір кісі өтті не? Бәрібір емес пе?
А т ы м т а й. Мұндай сатқындар жүз кісіден де қауіпті. 
Сендер – қашқынсыңдар. Бұл – сатқын! Балзия, мұнда 
шаруаң болмасын, бұл – біздің адам!
Б а л з и я .  Жо-оқ, Атымтай, ол сендерге адам болудан 

232
кетті, ол енді біздің адам. Менің адамым. Ендігі есеп біздің 
арамызда болады.
Е с е т .   Атымтай, ендігі әрекетіңнен түк шықпайды. 
Егер біздің адамдардың біреуінен шашау шығады екен, 
аянып қаларымыз жоқ, атысамыз. Солай емес пе, Балзия?!
Б а л з и я .  Иә! Оны ескерткенбіз.
А т ы м т а й .  Әттең!.. Бар, сұмырай! Жоғалт көзіңді, 
сілімтік!
Есет өтіп кетеді. Жалғыз қалған Балзия киімін түгел 
шеш кен. Белін ораған барқыт орамал-белбеуді босатып 
жатыр.
А т ы м т а й. Не істеп жатырсың, Балзия, мұның не?
Б а л з и я .  Қорықпай-ақ қой, сені зорлар деймісің, бері 
кел!
А т ы м т а й .   Жетті енді басынуың. Кетеді екенсің, 
миды ашытпай кет ана қашқындардың соңынан. Әбден 
мазақтап қорлап болдың ғой.
Б а л з и я .   Жо-оқ, қателесесің, Атымтай, енді сенің 
маған керегің жоқ.
А т ы м т а й .  Білем, ендігі саған керегі – ана оқыған, 
білімді сұмырай ғой. Бар, бар.
Б а л з и я .   Иә, сенің маған керегің жоқ, бірақ мына 
сәбиге керексің, ертең «Әкем қайда?» – деп сұрағанда не 
дермін? Бүйірімді тебуін қараш, сотқар болар ма? Шыда, 
шыда! Атымтай, өз қолыңмен соңғы рет байла, басқа кімге 
байлатамын. Қане, тастай ғып орап, қатты байла. Аяма – 
одан бала тұншықпайды. Көкем кейінгі кезде «О, заман-
ай!» деп жиі күрсінуші еді. Соны есіне сақта. Егер ұл туса 
атын Заманай қоямын. Қыз туса – білмеймін! Заманның 

233
аласапыран кезінде жат жерде туар ұрпағыңды бір іздерсің. 
Мен сені енді іздемеймін.
Жүгіріп кете барады.
Тоғызыншы көрініс
Кек үңгір – Тастам. Маңында ірілі-уақты қойтас-
тар мен түйетастар, піл-тастар. Өзен шуылы. Әр 
таста шо қиып-шоқиып отырған босқындар. Қастары-
на Ережеп шал келеді.
Е р е ж е п. Шырақтарым, жігіттер, құдайға құлшылық 
етіп, жолымыз болғай деп, құрмалдыққа бір мал шалдық. 
Ac піскенше Тастамға кіріп тынығып алыңдар.
Е р к е к ш о р а .   Ата, Балзия осы араға жиналыңдар 
деген, әне өздері де келе жатыр.
Қасында Есет, Омарлар бар Балзия келеді. Қолында 
мылтық. Тасқа отыра бере сөзге кіріседі.
Б а л з и я .  Ал, елдің ақсақал, қарасақалдары, міне, біз 
екі жұрттың – кеңес жұрты мен қытай жұртының қақ ор-
тасында отырмыз. Бұл араны нейтральная зона, яғни қалыс 
тұс дейді.
Е с е т. Екі елге де қатысы жоқ аралық жер.
Б а л з и я .   Менің айтарым: артымызда кіндік кескен 
атамекен жер қалса да, сонымызда айтылмай ішке бүккен 
сөз қалмасын. Осы арада арылайық. Мүмкін осы көшке 
ілескеніне өкініп келе жатқан адам да бар шығар.
О м а р .   Мүмкін ішімізде ертең іргеден ши шығарып, 
ұйтқыдан іріткі жасайтындар бар шығар.
Е с е т. Қане, ешкімнің айтары жоқ па? Шығаршықпаста 

234
елін-жерін сағынғансың, кеңестің қызыл қасқырларының 
ордасына қайтып оралғысы келетіндер бар шығар?!
О м а р .  Иә, тап ондай болмаса да, қане, қане!
Е с е т. Немене, құрмалдық еті алдарыңа келгенше 
ауыздарың ашылмай, жақтарың байланып қалды ма?
Балзияға қолым жетті екен деп масайрал, жайраңдаған 
Есетке жұрт жақтырмай, үнсіз түйіле қарап отыр.
Б а л з и я .  Сендер, ақсақалдар, жолымыз оңғарылсын 
деген тілекпен жол айырығына құрмалдыққа мал шалып 
отырсыңдар. Ал мен жолымыз тазарсың, ішімізде қара ниет 
жымысқы болмасын деп адам шалғалы отырмын... (Жұрт 
үрпиісіп, бастарын оқыс көтеріп алады.) Ол кім дейсіңдер 
ғой? Ол... Ол – бүкіл елді, бәріңді сатып, арандатып, ұстап 
берген, менің көкемнің өліміне себепкер болған сұмырай 
Есет.
Балзияның ымын түсінген Омар мен бір жігіт Есетті 
бас салып, қолын артына қайырып байлап тастайды.
Е с е т. Елім-ау жұртым-ау! Бұларың елде-күнде жоқ 
жаза ғой. Қол ұстасып тау асайық деп, соншама алдап 
әкелетіндей...
О м а   p.  Өйтпесе сен тағы да бәрімізді ұстап беретін ең.
Б а л з и я .  Мұны мен байсырап әкелді деп ойладыңдар, 
білем! Енді түсінген шығарсыңдар – көкемнің кегін алатын 
кез келді. Бердім өздеріңнің әділ соттарыңа. Не жаза 
кесесіңдер? Осы арада атып кетеміз бе, ағаштың басына 
асып кетеміз бе? Мұндайдарға жер басып жүру артық.
Е с е т. Елім-ау, жұртым-ау!..
Е р е ж е п. Қарағым Балзия, бағана орталарыңдағы 

235
Есетті көргенде, қой қораға түскен қасқырды көргендей 
болып ем. Оның саған болашақ күйеу болатынына ренжігем 
жоқ, оның болашақта бәріміздің үстімізден қарар әміршіміз, 
бізді әлі де жер соқтыратын қара жүрек осы болатынынан 
қорқып ем. Жарайсың, Балзияш, Есетті ондырмай мұзға 
отырғыздың... Ал осы жерде сазайын тартқызып өлтіріп 
кетейік деушілерге өз басым қарсымын.
Д а у ы с т а р:
– Неге?
– Бұл тірі қалса, әлі талайдың басын мүжиді.
– Мұндайды о дүниеге аттандыру керек – сауап!
Е р е ж е п (қолын көтеріп). Ежелден бері, қазақ 
қазақ болғалы бір-бірімізді үрит соқ деп құртып болдық 
қой. Елден, жерден ауып бара жатып, қолымызды қандап 
кеткеніміз кешірілмейтін күнә. Ұрпағымызға таңба. Маған 
салсаңдар, Есетті осы жерден кері қайтарайық, соңымыздан 
ермесін. Соттала ма, айдала ма – сол жақта тартсын сазайын. 
Атымтайлар, тұяқ қалпақтардың бұған тегіс жиіркене 
қарайтыны анық. Бұған социал жұрты өмір бойы сенбей, 
дүдамал қарайды. Бұл жалғанда адамзат алдында сенімсіз 
болудан асқан жаза да, азап та жоқ. Маған салсаңдар – осы 
менің үкімім!
Д а у ы с т а р:
– Дұрыс үкім. Дұрыс!
– Сол дұрыс!
– Бұдан асқан үкім жоқ!
Есетті бір түйіп қоя береді. Ол анадай жерге барып, 
қасқырша одырайып тұрады. Балзия үстінен мылтық 
атқан соң барып тұра қашады.

236

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет