Жүнісов С. Ж88 Пьесалар



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 Үшінші  көрініс
Екінші көріністегі хал: бильярд үстелінің айналасында 
Мұхтар, Сәбит, Ғабит.
С ә б и т. Жарайды, Мұхтар, сен партия қатарынан қа-
лай кеткеніңді дәлелдедің. Маған әлі күнге дейін түсінік-
сіз жағдай, егер коммунистік партияның ісін шын қолдасаң, 
оған адал ықыласты болсаң, неге сол партияның қатарына 
қайтадан кірмедің? Біреу қолыңды қақты ма, жолында тұрды 
ма?
Ғ а б и т (киімін борлап тұрып). Ң-ай, Сәбит, сен де, 
әйтеуір, бір тақымдасаң, қоймайсың-ау. Екеуміз осында 
Мұх тардың партиялық мәселесін шешуге келіп пе едік, 
басқа мәселе емес пе еді шешетініміз?
С ә б и т. Иә, өзім де сол мәселені шешкелі отырмын.
Ғ а б и т. Ендеше неге қазымырланып, бір араны қазғылай 
бересің? Тұзды өзім жақ ортаға. (Шарды ұрады.)
М ұ х т а р. Бұл арада Сәбиттікі жөн, Ғабит. Бір сөз 

284
екінші сөзді түртіп оятады. Бір бастаған соң аяғына дейін 
ашып алайық, көңілде кір қалмасын.
С ә б и т. Иә, менікі де сол. Осындайда айтып алайық.
М ұ х т а р. Егер айтар болсақ, алдымен – мен партия 
қатарына қайта сұранып өтетіндей уақыт болды ма, оты-
зыншы жылы менің тіршілігіме түскен көлеңкелер отыз 
жетінші жылға дейін келмеді ме? Ал екіншіден, сол отыз 
жетіде менің партияда жоқтығымнан кім не зардап шегіпті? 
Қайта партияда барлардың зауалы асып кетпеді ме?
С ә б и т. Мұхтар, сен олай сөзді бұрмалама. Отыз жеті – 
бар халыққа жаппай келген апат еді ғой, оны әркімге жауып
жауыздықты үлестірудің не қажеті бар?
М ұ х т а р. Әйтсе де өзіңе тиер сөзді кейде байқа-
майтыныңды айтам да. Отыз жеті – көмусіз жатқан ұйқы-
дағы алып жылан, құйрығын басып қайтесің?
С ә б и т. Сонда немене, үндемесең, үйдей пәледен 
құтыласың дегенің бе? Жо-оқ, Мұхтар, ол жылдың иіріміне 
бәріміз де түскеміз, қане, көрейік, сол жыланның құйрығын 
басып, несіне тарғыншақтап, күмілжиміз?
Ғ а б и т .   Ң-ай, Сәбит, сол ескі көнімізді қопарып, қо-
қы рымызды шығарғаннан, өшкен қоламтаны түртіп, ес кімізді 
көңірсіткеннен түсер түсім, келер пайда бола қояр ма екен?
С ә б и т. Мен жасырғаннан пайда көріп жүрген адам 
емеспін, айтады екенбіз, ашық айтайық, ашық кінәласайық... 
Кейін, бізден кейін де ескі қоламта бықси бермесін...
Ғ а б и т. Он екіні екі борттан бұрышқа.
Көлеңкелер.
Ду қол шапалақтай гуілдеген көпшілік. Солардың 
ішінде екілене-екілене сөйлеген шешендердің (көлеңкелер) 
сөз дері.

285
1 - к ө л е ң к е .  Қазақ халқының ежелгі жаулары бай-
тұрсы новшылдар, дулатовшылдар, жұмабаевшылдардың 
іні не су құйып едік, понимаете, енді солардың құйыр-
шықтары, жапон шпиондары Тоғжановтар, Жансүгіров-
тар шықты.
2 - к ө л е ң к е .  Нағыз ұлтшыл-фашистер.
3 - к ө л е ң к е .   Олардың түп-мақсаты – кеңестік 
қа зақ әде биетінің, понимаете, жас өкілдерін ұлтшылдықпен 
ұлау.
4 - к ө л е ң к е .  Олардың әдісі – әдеби-көркем тілмен, 
сылдыр сұлу сөзбен мәнерлеп, қазақ даласының кеңдігін, 
тазалығын дәріптеп, сол арқылы байлардың тұрмысын 
әшекейлеп, қазақ жерінде тап тартысы болмады дегенге 
иландырмақ. Иә, иландырмақ.
1 - к ө л е ң к е .  Жолдас Сталиннің БК(б)П Орталық 
Ко 
митетінің ақпан-наурыз пленумында жасаған тарихи 
баяндамасынан бері партия бар тарапта троцкийшілдер 
мен бухариншілдердің, ұлтшыл-фашистердің түп-тамырын 
қазып, тазалап жатқанда, Жазушылар одағындағы жағдай 
құлаққа ұрған танадай.
2 - к ө л е ң к е .  Бұған, алдымен, ертеден бері партияға 
қарсы топ құрушы, понимаете, Сәкен Сейфуллин кінәлі. 
Ол өзінің «Қызыл сұңқарлар» деген пьесасы мағында өзін 
көкке көтере мақтап, понимаете, орыс пролетариатының 
рөлін жоққа шығарған.
3 - к ө л е ң к е .   Онымен қоймай, обербан дит тер Троц-
киймен Зи но вь ев терді уағыздайтын «Тар жол, тай ғақ кешу» 
ро манын қайта бастыруға әрекеттенген. Иә, әрекеттенген.
4 - к ө л е ң к е .   Оны қолдаушы сол кітаптың ре-
дак торы, бүгінде Жазушылар одағының бастығы, буржуа-

286
зияшыл ұлтшылдыққа дем беруші, залалды роман «Бай 
баласының» авторы Сәбит Мұқанов.
1 - к ө л е ң к е .  Сәбит Мұқанов Сәкен Сейфуллинді 
ғана емес, алашорданың белді қайраткері болып тұрған кез-
де жазған Мұхтар Әуезовтің революцияға қарсы ұлтшыл-
дықтың қаны сорғалаған әңгімелер жинағының алғысөзін-
де былай деген: «Егер идеологиялық жағын алып тастасақ, 
Әуезовтің бұл әңгімелері мен басқа шығармалары оның аса 
шебер жазушы екендігін көрсетеді, тіпті Еуропадағы ең 
үздік шығармалармен қатар қоюға болады».
2 - к ө л е ң к е .  Егер идеологиялық жағын алып тастай 
берсек, ондай шеберліктің, понимаете, қажеті қанша?
3 - к ө л е ң к е . Яғни бұл дегеніміз, қазақ кеңес әдебие-
тіндегі контрреволюциялық бандылардың партиялық жол-
дағы арсыздық тарының белгісі.
4 - к ө л е ң к е .  Жолдастар, Мұқанов солай дедік. Ал 
БК(б) ПОК мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, жазушы, 
жолдас Ғабит Мүсірепов ай қарап отыр ма? Иә, ай қарап 
отыр ма?
1 - к ө л е ң к е .   Өте дұрыс. Жазушылар одағының 
ішін де осындай контрреволюциялық ұлттық-фашистік топ 
құ рылғанда Мүсіреповтың жоғарғы орында, Орталық Ко-
митетте аузын буған өгіздей үн-түнсіз томсырайып отыруын 
қалай түсінеміз.
2 - к ө л е ң к е .   Ол, өзінше ұлтшылдықтың қаулаған 
қау даны ның арасында бөденеше бұғып қалмақшы.
3 - к ө л е ң к е .   Жоқ,ондай қулықтың уақыты бітті, 
пони маете.
4 - к ө л е ң к е .  Олардың тамырына аяусыз балта шабы-
лады. Шабамыз!..

МАЗМҰНЫ
Тұтқындар ............................................................................................ 5
Әр үйдің еркесі ..................................................................................... 55
Жығылып-сүрініп, өліп-өшіп... ........................................................... 124
Құстар айтысы .................................................................................... 182
Төгілген қандар, шашылған жандар .................................................... 192
Кемеңгерлер мен көлеңкелер ............................................................... 257

Әдеби басылым
Жүнісов С.
ШЫҒАРМАЛАРЫ
7-том
(Қазақ тілінде)
 Редакторы  Назира Биғараева
Техникалық редакторы  Гүлмаржан Сәбитова
Компьютерде беттеген  Әйгерім Молдахметова
Баспаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
№ 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген
Басуға  09.10.14 ж. қол қойылды. Пiшiмi 60х90
1
/
16
. Офсеттiк қағаз.
Әрiп түрi “AkademyDT”. Офсеттiк басылым. 
Шартты баспа табағы 18,0. Есептік баспа табағы 10,0. 
Таралымы 2000 дана мемлекеттік тапсырыс + 100 дана баспа есебі бойынша 
“Таймас” баспа үйi” ЖШС. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 153-үй, 27-офис.
Факс: 266-21-14, тел.: 250-09-95, 250-09-96, 250-09-97, 250-09-98.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет