Жүнісов С. Ж88 Пьесалар


ЕКІНШІ АКТ Бірінші көрініс



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата24.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10331
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

ЕКІНШІ АКТ
Бірінші көрініс
Жиһазды үй. Бұтына шортик киген Молик өр ас-
папта ойнап, өз санын өзі шапалақтап билеп, му-
зыка жазып әлек. Әлден уақытта іштен шешесінің 
(Жәмила) даусы шыға ды.
Ж ә м и л а (іштен). Молик, Мо-о-лик! (Молик 
естімейді.) Молик, Молдабай, Молдабай! 
М о л и к. Не айтады, мама? 
Ж ә м и л а.
Молик, Молик, шай қойдың ба? 
Салат жасап, 
Үстелге қант, нан, 
Май қойдың ба?
М о л и к .  Мам, менде қол бос емес. 
Ж ә м и л а (шығып. Басы орамалмен таңулы). 
Бас сынып, ауруын қоймайды, 
Бүгінде аптекте дәрінің тәуірі де болмайды.
М о л и к.
Мам, сен рас айтады, 
Аптекада саған керек дәрілер жоқ. 
Даже тымауға, жөтелге, 
Тағы ана бір «бөтенге» – 
Бәріне жоқ.

148
Ж ә м и л а.
Әрине, аптекке бармасаң, 
Күні-түні мына аспаптарыңды безілдетіп, 
Тынымсыз сарнасаң, 
Дәрі-дәрмек өзі келетін шығар.
М о л и к.
Мам, мүмкін аптекаға телеграмма салсақ, 
Өздері-ақ посылкамен жіберетін шығар.
Ж ә м и л а.
Е-ей, Молдабай,
Молик, бала емессің.
Соқталдай жігітсің.
Міне, бақандай отыз беске толдың,
Бірақ титімдей ақыл болсашы,
Әбден жүйке-тамырымды тоздырып болдың...
Базарға қашан барасың?
М о л и к .
Мам, базардан мен не алады? 
Ж ә м и л а.
Сен базардан қауын алады,
Сәбіз алады,
Бір-екі кило ет тауып алады. 
Шыныға сүт, қаймақ құйып, 
Шаңнан бетін жауып алады... 
Неден жалқау болдың, Базар ғой,
Базар мына арада – тиіп тұр. 

149
М о л и к .
Мам, базарда қазір бәрі қымбат, 
Өзің айтқандай – «күйіп тұр».
Ж ә м и л а.
Ендеше, бір-бірімізді жұмсап, 
Аштан-аш, 
Осы төртінші этаждан жерге түспейік.
М о л и к.
Мам, дұрыс айтады,
Күзде бәрі арзандайды,
Оған дейін, давай, ештеме ішпейік.
Ж ә м и л а.
Ә-ә, енді солай кәләкәйт қылғың келді ме?! 
Менің ауыруға да қақым жоқ екен. 
Кешке шейін сен музыка жаз, 
Көңілің де, тамағың да тоқ екен
Мен кіріңді жуып, асыңды пісіріп, 
Алдына бәрін түсіріп, бәйек болсам, 
Онда сенің түк шаруаң жоқ екен, 
Енді мені жұмсауға қақың да, ақын да жоқ. 
Мен сенің қолжаулығың да, 
Майлық-сулық сүлгің де емеспін, 
Сенің жалдап алған прислугің де емеспін.
Бұдан кейінгі сөздерді аналы-балалы қосылып, дуэт 
етіп айтады. Бұл сөздерді Моликтің бұдан бұрын талай 
естіп, жаттап алғаны байқалады.

150
– Жасың отыздан асып, қырыққа жеткенше, 
Қашан көзім жұмылып, о дүниеге кеткенше, 
Сенің өз алдыңа үй болғаныңды, 
Өз отауыңда жұрт құсап би болғаныңды, 
Көре алмаспын...
Алпысқа жетпеген бүлдіршіндей кезімде, 
Бойымда қуат та, сезім де, 
Қайтпаған шағымда, 
Сенің қамыңды ойлап пенсияға 
Шығып ем,
Жасым жетпей кемпір атанып, 
Үйкүшік боп,
басылып,
жаншылып,
Жасқаншақ бөденеше бұғып ем, 
Әйел алатын,
Қолымды жылы суға малатын түрің жоқ, 
Жетеді енді!
Шешең қартайып тұрған жоқ, 
Бір кетік шалға тиіп кетеді енді...
Жәмила шығып кетеді. Молик жалғыз. Гитара тар-
тып, мұңын шағады. 
М   о   л   и   к .
Мам, мен әйел алмайын деп жүр дейсің бе?
Анада үш қыз әкелдім,
Фигура қандай,
Түр десең, түр дейсің бе...
«Бірі темекі тартады,

151
Бірі қиқандап билеп,
Шыңғырып өлең айтады.
Бірі шалқасынан диванда жатып алады,
Замечание жасасаң, сұрланып,
Бұлданып, сіресіп қатып қалады», – деп
Бірін де менсінбейсің...
«Жуан да болса жуас ауыл қызы
Осы үйге келін боп енсін», – дейсің...
Сырттан Жұмаш кіреді.
Ж ұ м а ш. Рұқсат па екен? Саламатсыз ба? 
М о л и к. Келіңіз, келіңіз, салам, салам! 
Ж ұ м а ш (қолын алып). Таныдыңыз ба? 
М о л и к. Өзім таныңқырамайды, көзім таныңқырайды.
Ж ұ м а ш.
Қала жұртының өзі емес, 
Көзі шырамытқаны жетеді! 
Мен – түнеугүні осында келіп кеткен, 
Совхоз режиссері, дирижері, 
Концертмейстері, хормейстері, мал дәрігері. 
Кейде жедел жәрдем ауылдан әріде, 
Болмай қалғанда жан дәрігері, 
Суырыпсалма ақыны,
Тоқетері – совхоздың бар жұмысына бақылы...
М о л и к .
А-а, есіме жаңа түстіңіз... 

152
Ж ұ м а ш.
Түнеугүні сізбен ақылдасып едік қой, 
Сол уәдемен сізге тағы келіп қалдық.
М о л и к. Ұмытып тұрамын.
Ж ұ м а ш.
Олимпиадаға келдік,
Ансамбльді кілең қыздарға бердік.
М о л и к. Во-от, есіме түстіңіз...
Ж ұ м а ш.
Совхоздың екі, үш жүз қызының, 
Ішінен дұрыстап, 
Сұлуларын сұрыптап алдық.
М о л и к. Сұрыпта-а-п? 
Неше бір түрлері бар?
Ж ұ м а ш.
Бар болғанда қандай, 
Бәрі де тәтті балдай, 
Таңдай суырады, таңдай!..
М о л и к. 
Таңдай,таңдай? 
Айтыңызшы, ол енді қандай?
Ж ұ м а ш .
Қандай болғанда, 

153
Ол, енді-і-і, 
Тоқаш бар ғой, 
Ім-м... қазақша енді-і, 
Піскен нандай. 
М о л и к. На-андай?
Ж ұ м а ш.
Сызылғаны да, созылмағы да, 
Жуан-жіңішкесі де,
М о л и к .   Арық, семізі де?
Ж ұ м а ш.
Бір күнде туған егізі де...
М о л и к .   Ұзыны да.
Ж ұ м а ш. Қысқасы да,
Әйтеуір, бәрінің нұсқасы бар.
М о л и к (қуанып). 
Бәрі де күйеуге... 
Тимеген қыздар?
Ж ұ м а ш. 
Былайша айтқанда...
Тигені де, 
Тимегені де,
Енді-енді тиейін деп жүргені де. 
Тиіп болғаны да, 

154
Күйеуін қуып жіберіп, 
Үйінде соқа басы қалғаны да, 
Жесірі де,
Қартайғанша күйеу таңдап жүрген кесірі де 
Бәрі, бәрі бар.
М о л и к . 
Характер?
Мнэз қандай? Мнэз?
Ж ұ м а ш . 
Әр түрлі: үндемейтін 
Үндегенді күндемейтін
Тұйығы да бар. 
Көп сөйлемейтін, 
Бір сөйлесе бет бақтырмай
Адамды жеп сөйлейтін, 
Құйыны да бар.
М о л и к .
Профессия қандай, профессия? 
Ж ұ м а ш
Біреу үйде, біреу түзде істейді.
Біреу сиыр сауады,
Біреу бульдозерден түспейді.
Біреу бармағынан бал тамған аспазшы,
Біреу қас қаққанша атан түйенді сойып тастайтын
            қасапшы.
Біреу шаш алғыш,

155
Ал біреу шаш ал десең, бас алғыш.
Мектепте сабақ беретіні де,
Асханада тамақ беретіні де бар.
М о л и к .
Тамаша,
Оригинальный ансамбль!
Бұл бірінші орын алады, сенсеңіз.
Ж ұ м а ш.
Аузыңызға май, астыңызға тай! 
Содан енді өзіңіз барып көрсеңіз.
М о л и к.
Сізді енді мүлдем таныдым...
Ж ұ м а ш.
Кеттік онда,
Такси күтіп тұр жолда.
М о л и к.
Жарайды, бара беріңіз, 
Мен киінемін... Ма-ма!
Екінші көрініс
Тағы да қуыршақтар концерті. Бір-екі өлең аяқтал-
ған соң шам сөнеді де, қайта жанғанда сахнаға жанды 
қуыршақтар – Жұмаш пен Молдабай шығады.
Ж ұ м а ш. 
Ал, Молдабай, 
Тоис Молик,

156
Біздің қыздар қалай-қалай айтады? 
Бар емес пе өнер десе 
Қозып кетер сайтаны! 
М о л и к. Сайтаны? 
Ж ұ м а ш. Былай, енді, арқасы.
М о л и к .
Арқаларды көрмедім,
Но, қолдар, бастар – бәрі бар.
Ж ұ м а ш.
Дұрыс айтасың – бәрі бар, 
Әлі талай тамылжытар әні бар.
М о л и к . 
Әрине...
Әлі көп-көп репетиция тағы бар.
Ж ұ м а ш. Әрине, әрине,
Бұларды біраз жөндеу керек. 
Содан соң, ең бастысы – 
Комиссияның кері тартқанына көнбеу керек.
М о л и к .  Жюридеңіз...
Ж ұ м а ш. Иә, тоқетері –
Осы ансамбльді өзіңіз жөндейсіз, 
Қыңыр жюриге де өзіңіз көнбейсіз. 

157
Бұл – менің қолқам, 
Директордың қолқасы, 
Қыздардың қолқасы!
М о л и к (қуанып). Қыздардың?! 
Ж ұ м а ш. Иә, жас қыздың да, кәрі қыздың да. Тіпті 
бәріміздің. 
М о л и к.
Онда, менің де құлқам бар.
Ж ұ м а ш. Айтыңыз, айтыңыз, 
Құрғақ қасық ауыз жыртады,
Егінді де жұрт тегін ормайды.
М о л и к. 
Дұрыс айтады –
Еңбек еш уақытта тегін болмайды... 
Ж ұ м а ш.
Ал сонда, тоқетері – 
Өзіңізге нешеуі керек? 
М о л и к. Әрине, біреуі.
Ж ұ м а ш. 
Біреуі, біреуі... 
Сонда ол, тоқетері, – 
Жасырмай айтыңыз бізге, 
Мың ба, әлде жүз бе?

158
М о л и к.
Сіз олай мазақ етпеңіз, 
Сөз шетіне жетпеңіз,
Ж ұ м а ш. Оу, ол неғылған шет, неғылған мазақ?! 
М о л и к.
Әрине, ауыл қызын алу – 
Бізге, как говорится, азап. 
Ж ұ м а ш. Қы-ыз?
М о л и к. 
Ия, қыз.
Әрине, кемпір емес, бір қыз.
Ж ұ м а ш (қарқылдап).
Оу, мен жүз сом мен
Мың сом ақшаның арасын айтып тұрсам,
Сен жүректің жарасын,
Махаббат шарасын айтып жүр екенсің ғой.
М о л и к . 
Ақша-а?
А-а, гонорар?! 
Керек жоқ, 
Ауыл қыз керек!
Ж ұ м а ш. 
Ауыл қыз?..

159
Қателеспеймісіз? 
Қайсысы ұнады?
М о л и к .
Жоқ, қателеспейді,
Мен жақсылап көзбен сынады.
Ж ұ м а ш.
Сонда қайсысы ұнады?.. 
Ана қызыл жемпір ме?..
М о л и к .
Ана бір қзыл, қзыл...
Ж ұ м а ш. А-а, түсінікті. Қой, ол кемпір ғой! 
М о л и к .  Жо-оқ!
Ж ұ м а ш. Ә-ә, ана инелікше имиген бе? 
Қой, оның жаласына қаласың, 
Бесікте баласы бар. 
М о л и к .  Жо-оқ!
Ж ұ м а ш. 
Ә-ә, екі беті консерві қаңылтырдай, 
Біздің бұғалтыр ма, ей?! 
М о л и   к.  Жо-оқ!
Ж ұ м а ш.
Ә-ә, ендеше, анау әдемі қыз?.. 
Одан бәріміз де дәмеліміз!
(Жағасынан ана түседі.) 
Ансамбльді құлатпақ түгілі, 

160
Жылатсаң да, ол жоқ саған. 
Маған да сұлу керек, маған!
М о л и к. 
Атамаңыз, ондай қыздар қалада да толып жатыр. 
Ж ұ м а ш.
Ендеше, басқа бізде қыз жоқ, 
Осымен бәрі тәмәм болып жатыр.
М о л и к. 
Ана-а...
Көзілдірікті гитаристканы...
Айтқыңыз келмейді, ә-ә?
Оны бізге тағы кім бермейді, ә-ә?!
Ж ұ м а ш.
Көзілдірікті?..
Қайсысы тағы,
Айтып тұрған өзіңдікі?
Ә-ә, Алтынбек пе?
Тоис Алтын ба?
(Ішек-сілесі қатып күледі.)
М о л и к.
Сонша неге күлдіңіз,
Ол қыздың не жамандығын білдіңіз?!
Ж ұ м а ш (күлкісін тыйып).
Ол жаман емес,
Тамаша маман!
Әттең, сондай алтын қыз да,
Жүрегі жігіттерге мұздай салқын қыз.

161
М о л и к .
Сіз «мен сүйеді» айтыңыз. 
Мұздай болса да,
Махаббат костеріне күйеді айтыңыз.
Ж ұ м а ш. 
Ол сүйеді, күйеді, 
Жақсылыққа иеді, 
Біреуге біреу тиеді,
Ондайды мүлдем білмейді. 
Көзіне ешкімді ілмейді... 
Сөз салсаң, арс ете қалады.
М о л и к. Үйленемін, аламын айтсам? 
Ж ұ м а ш. Онда жүрегі жарылып, тарс ете қалады...
М о л и к  (зілмен).
Ал, сіздей айтқанда тоқетері мынау: 
Сіз, ауыл адамысыңыз, 
Қызбен сөйлесе білесіңіз, 
Алтынды маған көндіресіңіз. 
Әйтпесе, мені біржола өлтіресіңіз, 
Тю-тю! (Кетеді.) 
Ж ұ м а ш (бұл да қоштасып). 
Тю-тю-тю! (Жалғыз.) 
Апырай,
Менің ең қорыққаным:
Совхоз есебінен беретін тиын мәселесі еді,
Енді Алтынбекті үйлендіру –

162
Одан да қиын мәселе болды-ау.
(Ойланып.)
Таптым, таптым:
«Алтынбек Моликке ғашық екен
Тез арада үйленуге асық екен», – деп, 
Тәрбиенің басын шатастырып, 
Өзіме матастырып алайын...
Сырттан шуылдасып ЬІбырай, Мария, Алтынбек, 
Тәр бие, Сәниялар кіреді.
Б ә р і (жамыраса). Көнді ме?
(Жұмаш тымырайып үнсіз отыр.)
Д и р е к т о р .   Е,  көнбегенде қайда барады?!
М а р и я .  Әрине, совхоздан қыруар ақша алады.
А л т ы н б е к .  Неше рет репетиция жасайтын болды?
С ә н и я. Қанша ақша жашайтын болды?
Т ә р б и е. Жұмаш-ау, айтсаңшы қасармай?
Д и р е к т о р .
Оу, несіне түнеріп отырсың,
Албасты мен әбілет кеп басардай?!
Ж ұ м а ш (басын оқыс көтеріп). 
Ол репетиция да жасамайды, 
Совхоз ақшасын да ашамайды.
М а р и я .
Қазір адам ақшаға құныққан, 
Әсте бір тоймайды,

163
Т ә р б и е.
Иә, берген сайын ала түсуді қоймайды.
А л т ы н б е к. 
Қап,
Жаңа мен Жұмашпен қала тұруым керек еді, 
Налогты ескертіп,
Біраз өзін заңмен қорқытып ала тұруым 
Керек еді.
Ж ұ м а ш. 
Міне, тамаша,
Өзі де сенімен сөйлескісі келеді, 
Аздап... былай... үйлескісі... 
Яғни, шаруаны жөндескісі келеді.
А л т ы н б е к. Несі бар,
Ол қаланың қуымен сөйлесіп көрейік, 
Елдің қамы үшін достасып, үйлесіп те көрейік. 
Егер қиқандар болса, сес көрсетіп, 
Тілмен түйресіп те көрейік.
Ж ұ м а ш.
Болды, болды, тамаш-ша! 
Сен сөйлессең бәрі қалпына келейін деп тұр. 
Айтқаныңа көніп, айдауыңа жүріп, 
Теліген жетім бұзауша, 
Сөлең-сөлең соңыңнан ерейін деп тұр. 
Ал енді, аздап өзді-өзіміз ақылдасайық, 
Ертең дау шықпайтындай бақылдасайық. 

164
Ыбеке, Алтеке, сіздер қала тұрыңыздар,
Басқаларыңыз миды ашытып
                       уламай-шуламай, 
Жатақханаға бара тұрыңыздар.
Ыбырай мен Алтынбектен басқалары кетеді.
А л т ы н б е к. 
Сонымен түсіндірші өзің, 
Әлгі сұм қанша ақша сұрайды?
Ж ұ м а ш. 
Бір тиын да... 
Тек сені ғана қалайды. 
А л т ы н б е к.
Мені ғана қалайды?
Д и р е к т о р . 
Сонда қалай,
Совхоздан бір тиын алмайды, 
Тек Алтынбекті ғана талайды?
Ж ұ м а ш.
Талай ма, таламай ма?
Жей ме, жемей ме?
Ол арасын білмедім.
Әйтеуір, біздің қыздардың ішінде
Осы Алтынбек қана ұнайды екен.
Көргелі,
Ұйықтай алмай дөңбекшіп, 
Жүрегі аттай тулайды екен.

165
Д и р е к т о р ,   А л т ы н б е к . 
Түсінсем бұйырмасын 
Ж ұ м а ш.
Түсінбейтін түгі жоқ,
Ол жігіттің енді бетінен қайтатын түрі жоқ. 
Консерватория бітіргелі он жыл болыпты
Жасы бақандай отыз беске толыпты. 
Енді үйленем десе қақысы бар шығар.
Д и р е к т о р . 
Eh, үйлене берсін,
Онда кімнің ақысы бар. 
Ж ұ м а ш.
Егер ол Алтынбекті ғана,
Тоис Алтынды өліп-өшіп сүйем десе.
Мынаның несі кетеді,
Алдап-сулап,
Біраз күнге тием десе?!
А л т ы н б е к .
Оу, өзің не айтып тұрсың,
Есің дұрыс па?! (Ұмтылады.)
Д и р е к т о р .
Шырағым, әдеп керек, 
Жоқ нәрсеге бола ұрыспа!
Ж ұ м а ш.
Міне, Ыбекең бәрін де түсінеді! 

166
Ал сен істің мәнін түсінбей, 
Бетімен олай ісінбе!
  А л т ы н б е к .
Мен жынданатын шығармын!
Д и р е к т о р . 
Жоқ, шырағым,
Совхоз үшін, мен үшін, өзің үшін, 
Аз уақыт қалыңдық болып, 
Әлгі жігіттің алдында бұралып, 
Былай... ырғалатын шығарсың!..
А л т ы н б е к   (көзі алайып, былқ-сылқ етіп). 
Мен енді о дүниеге аттанып, 
Бәрінен де құр қалатын шығармын!.. 
(Құлайды.)
Д и р е к т о р .  Су, су! 
(Жұмаш су әкеліп бүркеді.)
Д и р е к т о р  (Алтынбектің басын сүйеп отырып). 
Шырағым, менің қызымда ойың бар ғой?
А л т ы н б е к  (зорға). Б-б-ба-ар!
Д и р е к т о р .   Сендерге жасайтын менің тойым бар 
ғой?
А л т ы н б е к .  Б-б-ба-ар!
Д и р е к т о р .  Олай болса бастаған істі тастама.
Ж ұ м а ш. Біз енді, сені қыз емес деп айта алмаймыз.
Д и р е к т о р .  Ел-жұртқа күлкі болып қайта алмаймыз.
Ж ұ м а ш. Ендеше, музыкантқа тимесең де...
Д и р е к т о р .
Шын жүрегіңмен сүймесең де, 

167
Біраз күн бірге жүресің. 
Ж ұ м а ш.
Әрине, жай жүрмейсің, 
Қысылып, қымсынып, 
Қыз болып күлесің... 
Сосын... 
Д и р е к т о р . 
Сонда ғана... әлгі-і... 
Репетицияны тездетесін. 
(Алтынбек тағы талықсиды.) 
Ж ұ м а ш.
Талмақ түгілі, мүрдем кетсең де, 
Ертең музыкантпен оңаша кездесесің!..
 Үшінші  көрініс
Түнгі қала көрінісі. Сквер. Демалатын орындықтар. 
Жәмила мен Молик шығады.
М о л и к. Мам, қалшы енді!
Ж ә м и л а. Қалайын, қалайын.
М о л и к .  Жо-оқ, үйге баршы енді!
Ж ә м и л а. Осы арада теріс қарап отырайын.
М о л и к .  Мам, сен отырғанда мен ұялады.
Ж ә м и л а.
Жаным-ау,
Келінді бір көріп кетпей, 
Көңіл қалай қия алады?!

168
М о л и к.
Мам, келін жақсы... 
Ж ә м и л а.
Құдай-ай, балам жолын өзің онда!
М о л и к.
Ия, онды, онды,
Мускула мынандай,
Тура Амазонка.
Ж ә м и л а.
Қарағым-ай, нағыз шаруаның қолы екен ғой.
М о л и к. Қолы, қолы.
Ж ә м и л а. Ал енді, қапы қалма осы жолы.
М о л и к. Мам, баршы, тіл ал, таласа берме.
Ж ә м и л а.
Жарайды, ұлым...
Ал, соңғы айтарым:
Көзінен көзіңді алмай өзеуреп,
Қараса берме!
Отырғанда алысырақ отыр,
Иық түйістіріп жанаса берме!
Сосын,
Ауыл қызы қала қызындай түсінбейді – 
Жебір бұзауша жаласа берме! 
М о л и к. Жарайды, мам... (Қолтықтайды.) 
Ж ә м и л а (шығып бара жатып).
Сосын,

169
Әкеңнен қалған төрт бөлмелі үйіңді, 
Он жыл бойы оркестрге жазып жүрген 
Семпонияңды, күйіңді, 
Әйтеуір, қаратып алуға не тиімді – 
Бәрін түгел айт. 
М о л и к.
Айтады, бәрін айтады. 
Мам, енді үйге қайтады?!
Екеуі де кетеді. Екінші жақтан Алтын келеді. 
А   л   т   ы   н .
Безобразия,
Жігіттің жігітті күтуі не деген азап,
Жоо-оқ, бұл – барып тұрған мазақ! 
(Жұртқа қарап.)
Безобразия, 
Бұл әлі аз, иә?!
М о л и к (жүгіре басып, ентігіп). 
Алтынка,
Сізді көру не деген бах-ы-ыт. 
А л т ы н  (ол да Маликше). 
Бах-ы-ыт, Бах-ы-ыт! 
Одан да мерзімінде келмейсің бе?! 
Қанша болды уақыт?!
М о л и к .
Әуелі мен бұрын келеді, 
Сіз кешігеді. 
Сіз келеді, 

170
Мен кешігеді,
Сондықтан екеуміз де кешіреді! 
А л т ы н.
Жарайды, кешірген-мешіргенді, 
Жоққа джентельмен боп есіргенді қояйық 
Мына жерге отырайық.
М о л и к. 
Иә, отырайық!..
А л т ы н . 
Қане, сосын,
Тездетіп анкетамызды толтырайық.
М о л и к .  Анкета-а?
А л т ы н .
Иә, ауызша толтырамыз, 
Алдымен, осы араға неге келдің? 
М о л и к .  Танысуға.
А л т ы н . 
Жай танысуға ма,
Әлде қыз бен жігітше сыр ақтарысып, 
Біраз күн табысуға ма?
М о л и к .  Табысуға... 
А л т ы н .
Анығырақ айтқанда: 
Мен аулыма қашан кеткенше

171
Біраз күн ойнап-күліп қалуға ма? 
Әлде, шынымен әйелдікке алуға ма? 
М о л и к. Алуға...
А л т ы н .
Тәмәм қыздың ортасынан 
Мені неге қаладың, 
Неге мені аласың? 
М о л и к
Мен сізді ұнатады, 
Әсіресе мамам...
А л т ы н . 
Сонда,
Мені өзің аласың ба, 
Мамаң ала ма?
М о л и к . 
Әуелі мамам, 
Сосын өзім алам...
А л т ы н . 
Міне қызық,
Бұрын-соңды көріп жүріп, 
Үй болғандардың жасын да кәрісін, 
Көрген емен,
Тап мынандай үйленудің жаңа әдісін.
М о л и к. 
Көресіңіз әлі, бәрісін, бәрісін.

172
А л т ы н. 
Е-е, көрешегім әлі алдымда екен ғой.
М о л и к (түсінбей құптап). 
Ну, алдымызда, алды мызда
А л т ы н .
Жарайды! 
Ал сонда, 
Мамаң мені неге ұнатады,
Көрмей жатып сыртымнан?
М о л и к.
Мамам ауыл қызы жақсы айтады, 
Шықпайды айтады... уысынан, ырқынан.
А л т ы н .
Е-е, мені алған соң үйге қамап,
Күліп отырам де мұртымнан.
М о л и к.
Да, да... Мамам айтады:
«Ауыл қызы бейсуат, иу-у, бейсауат
Қыдырмайды» айтады.
Үй ішіндегі кір-қондарын өзі реттейді,
Прачечныйға жудырмайды» айтады.
«Базарға барады, продукт алады,
Байымен ұрыспайды» айтады.
«Өз үйінде прокурор болуға тырыспайды» айтады.
А л т ы н .
Осындай бесаспап келінге «бақыл» болған 
Мамаң нағыз ақылды екен.

173
М о л и к. Ну-у.
А л т ы н .  Әрі прачка.
М о л и к. Әрі грузчик.
А л т ы н .  Әрі носильщик.
М о л и к. Әрі повар.
А л т ы н .  Әрі сторож.
М о л и к. Әрі уборщица...
  А л т ы н .
Молдабай, Молик.
Сен ғой музыкантсың қатардағы.
М о л и к .  Ну...
  А л т ы н .
Ал музыка жазу – әшейін ермегің,
Мамаң үшін жазып жүрген,
Ұйықтар алдындағы, ну жатардағы.
М о л и к. Ну...
А л т ы н .
Одан да ауылға,
Совхозға неге бармайсың?
Елге қаншама пайдаңды тигізер едің, 
Сен ғой, композитормын деп, 
Өзіңді-өзің алдайсың.
М о л и к.
Мамам: «Ауыл іші шаң-топырақ. 
Денсаулық жақсы қалада отырсаң» айтады. 

174
А л т ы н. 
Өзі қайдан шығыпты?! 
М о л и к . 
Ну... 
А л т ы н .
Ендеше, шынын айтайын – 
Екеуміздің тұзымыз жараспайды. 
М о л и к. 
Ол не? Туз? 
А л т ы н .
Екеуміз пар емеспіз,
Пар еместер – шын жар емес.
  М о л и к .
Алтын, Алтынка...
Енді... берсеңізші...
А л т ы н . 
Нені беремін?
М о л и к .
Сөзіңізді.
А л т ы н .
Сен ауылға келе алмайсың, 
Мен қалаға келе алмаймын. 
Саған анда-санда соғып, 
Заочниктерше,
Сырттан емтихан бере алмаймын.
М о л и к .
Алтын, Алтынка...
Мамам, тағы да:

175
«Ынжық, жасық» айтады ғой,
Ауыл қызымен сөйлесе алмайсың
«Пасық» айтады ғой.
Берсейші сөзіңізді. Берсеңізші!
А л т ы н .
Жарайды, келісім былай болсын: 
Ансамбльге репетиция жасап,
Күні-түні үйретесің, 
Алға қарай сүйретесің, 
Сосын,
Ауылға бару мәселесін кейін қараймыз, 
Әзірше осы уағдамен тараймыз! 
Уағда?
М о л и к (қуанып). 
Рақмет, Алтынка! 
Хорошо, когда уагда!.. 
Уагда, Уагда!..
Шам сөнеді. Музыка. Қуыршақтар концерті. Дири-
жерлік етіп тұрған Молик. «Стоп!», «И, И», «Стоп», 
– деп бір әнді қайта-қайта қайталайды. Ән аяғы ырс-
ырс, пыс-пыс етіп тұрған пойыз үніне ұласады. Қуыр-
шақтар кетеді. Сахнада жанды қуыршақтар. Директор, 
Алтынбек (милиция киімінде) шығады.
Д и р е к т о р  (екі бесік-арбаны бірдей селкілдетіп). 
Біліп ем-ау осылай боларын! 
(Жұртқа қарап.)
Оу, бұлармен жүріп қашан ғана оңармын,
Лаңмен жүріп құрған ансамблім
Бірінші орын түгіл, оныншы орын ала алмады.

176
А л т ы н б е к .
Қашанғы осылай тіршілік етпекпіз,
Жығылып-сүрініп,
Қайда әлгі, мықты бөспебайлар
Білектерін сыбанып, түрініп,
Комиссияның сонынан салпақтап, жүгіріп,
Түк бітірмей қалғандар,
Ал, қане, елді де, мені де
Осылай, өмір-бақи алдаңдар
Өңкей уағдашыл,
Сөзінде бәтуа жоқ, жалғандар!
(Сәния мен Мария келеді ентігіп.)
Қайда жүрсіңдер?
С ә н и я .   М а р и я .
Магазинге бардық,
Елге сәлем-сауқат,
Базарлық алдық.
Д и р е к т о р .
Сендердің жұмыстарың біткенше, 
Пойыз күтіп тұратын шығар.
М а р и я .
Немене осы, келсек те, 
Кетсек те әбігер!
Д и р е к т о р .
Қайда әлгі біздің қыз бен дәрігер?! 
Мал дәрігері?
(Сәния мен Мария жарыса сөйлейді.)

177
С ә н и я. 
Енді сизларға қыз да юк. 
М а р и я . 
Жігіт те жоқ. 
С ә н и я. 
Аларнын куңілләрі тук. 
М а р и я . 
Уайым-қайғы жоқ.
Сәния. Бір-бірларыблән кул ұстасып киткен икэн. 
М а р и я . 
Армандарына жеткен екен. 
А л т ы н б е к . 
Д и р е к т о р  (жарыса). 
Не дей-ді?! Не айтып тұрсыңдар?!
М а р и я . 
Екеуі қашып кетіпті.
С ә н и я.
Сіздің қызды, дәрігер малай 
Қой хатлы, машинаға басып китіпті. 
Д и р е к т о р . 
Машина басып кеткен бе? 
А л т ы н б е к . 
Машинаға басып кеткен бе?

178
М а р и я .
Түсінбейтін несі бар, 
Сенің Моликпен жүргеніңді, 
Қыз бен жігіт боп сүйісіп, 
Күліскеніңді қызғанып, 
Ашуланып, тұлданып...
С ә н и я. 
Тәрбиән,
Жұмаш білән ұрланып 
Бір жула қашып киткән.
О, аллам, бу қызық ниткән?!
А л т ы н б е к (талықсып). 
Оһ, мен жынданатын шығармын! 
С ә н и я.
Тилі булмай тұра тұр, 
Әне, күйәуін,
Түзуірәк айтқында – байысың киле иатыр.
Д и р е к т о р .
Пойызға мініңдер, пойызға,
Көрсетермін ол қызға ма, ол қызға!
Бәрі пойызға қарай ұмтылады. 
Сырттан Молик пен Жәмила келеді.
Ж ә м и л а.
Келінім қайда, келінім,
Алдынан жүгіріп шықпас па ерінің.

179
А л т ы н б е к (қарсы тұра қалып). 
Ал, сізге не керек
Шықтық алдарыңнан.
Ж ә м и л а. 
Қарағым,
Бұл арада милицияның түкке керегі жоқ,
Келінімді көремін тек.
М о л и к .
Мам, осы келініңіз! 
Алтынка! Мамама қолыңызды беріңіз. 
Ж ә м и л а. 
Молик, мынау еркек қой?!
М о л и к . 
Бәрібір осы, 
Қазір ауыл қызы, 
Қала қызы,
Өзің айтқандай еркек шора, 
Бәрі де тентек қой.
А л т ы н б е к (Моликке ұмтылады). 
Ә, Молик деген сен бе едің?!
Ж ә м и л а (араға түсіп).
Әй, мынау қайтеді,
Төбелессең кел бері!
(Жүгіріп келіп директор ара түседі.)

180
Д и р е к т о р  (ажыратып).
Бұл Алтын емес,
Алтынбек, Алтынның ағасы.
Ж ә м и л а. 
Ағасы болса, қойсын айғайлағанын.
А л т ы н б е к .
Неге жуытасыңдар осындай,
Қағылған-соғылған қай-қайдағыны.
Д и р е к т о р  (даусын көтеріп, жаңылдырып). 
Алтынбек қарындасын ешкімге бермеймін дейді.
Ж ә м и л а.
Бермесе, мына әумесер ағасы құсаған 
Ондай қызды менің де көргім келмейді.
Пойыз сигнал береді. Сырттан пойыздың жүретінін 
хабарлаған дауыс жатады.
Д и р е к т о р . 
Көрмесеңіз көрмеңіз, 
Ол қыз өзі, көруге де тұрмайды, 
Ал кеттік, балаңызды бізге жібер. 
Шертіп жүріп қыз әперем, 
Сізге де, оған да ұнайды.
Ж ә м и л а  (сөмкесіне қол салып).
Балам, мә, ақша,
Жолда билет аласың,
Мына кісінің түрі,
Келбеті, ишараты, нышаны – бәрі,

181
Бәрі жақсы екен,
Аулына бірге барасың,
Таңдап қыз аласың,
Ұнаса, сонда қаласың,
Мына құрдасымды мен де 
Кейін іздеп табармын.
Пойыз жылжи береді.
Д и р е к т о р . 
Замандас,
Көріскенше аман болыңыз. 
Ж ә м и л а.
Жиірек келіп тұрыңыз, 
Қолыңыз тисе, қолыңыз, 
М о л и к . 
Мам, cay бол! 
Өзің айтқан соң 
Тіліңді аламын, – 
Ауылға барамын, 
Саған ұнайтын қызды, 
Өзім сүймей-ақ, 
Жүрегім күймей-ақ, 
Ала саламын!
Пойыз доңғалағының дыбысы. Музыка. 

182
ҚҰСТАР АЙТЫСЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет