Кішкене өзен арқылы. Ойынға бір топ (6-8 адам) бала тартылады. Алаңда бір-бірінен 1,5-2 қашықтықта екі линия сызылады. Бұл – өзен.
Ойнаушылар сызықтың жанында – өзеннің жағасында тұрады. Олар өзеннен анық сызылған дөңгелектер арқылы аяғын суламай, тастан-тасқа секіріп өтуі керек. Дөңгелектердің арасының қашықтығы балалардың оларға бірінен-біріне секіре алатындай болуы керек. Өзеннен қатарынан екі-үш бала өтеді, ал қалғандары тәрбиешімен бірге оларды бақылап тұрады. Секіре алмай, аяғын сулап алғандары оны күнге кептіруге кетеді – орындыққа отырады. Кейін олар ойынға қайтып араласады; тәрбиеші оларды қалай болса да мақтап, жағаның екінші жағына өтуіне көмектеседі.
Аттар.
Балалар аттарды бейнелейді. Бөлменің немесе алаңның бір шетіне жиналып, мынадай өлең айтады:
Топ-топ түсіп төрт тұяқ,
Шоқырақтап шап, атым.
Құйрық-жалын суылдап,
Ұш оғындай садақтың. Өзен кешіп, тау асып,
Шабысыңнан танба сен.
Дүрсілдетіп дүниені
Ытқып, ытқып заула сен.
Соңғы сөзді айта бергенде, балалар алға қарай ұмтыла секіреді. Тәрбиешінің «үйге» деген сигналы бойынша жай ғана орындарына оралады. Тәрбиеші тексті қайталайды, аттар қайтадан бөлмені айнала шаба жөнеледі.
Тәрбиеші өлеңді түгел айтып болмайынша, балалардың орындарынан қозғалмауын қадағалаған жөн.
Кегли.
Ойынды пластамассадан жасалған кеглилер қолданылады.Оларды бір-бірінен 10-15см қашықтықта орналастырады.
Балалар 1-1,5 м жерден бір-бір доптан домалатады.
Тәрбиеші балалардың қайсысының кеглиге тигізгенін белгілеп тұрады; жеңілгеніне онша назар аудармай, тигізе алмағандарға көмектеседі.
Допты домалат. Балаларға әр түрлі түсті доптар немесе онша үлкен емес шағын ғана (диаметрі 6-8 см) шарлар беріледі де, оларды балалардан онша қашық емес жерге орналастырған жалаушаға (линияға) дейін домалатып жеткізу ұсынылады. Тәрбиеші допты жақсы домалатып жеткізген балаларды атап өтеді, тапсырманы дұрыс орындағаны үшін алғыс айтады, допты тағы да домалатуға мүмкіндік береді. Балалар допты бірнеше рет домалатқаннан кейін тәрбиеші оларды кәрзеңкеге жинауды ұсынады.