Құрсауды дөңгелет.
Үш-төрт бала тәрбиешіге қарама-қарсы 1,5-2 м жерде тұрады. Тәрбиеші құрсауды кезекпен әр балаға қарай дөңгелетеді, ол ұстайды да керісінше тәрбиешіге қарай дөңгелетеді.
Балалар құрсауды дөңгелетуді және ұстауды жақсы үйренген кезде бір-бірімен өздері ойнай алады.
Кішкене шарды өз жалаушаңа қарай домалат.
Алаңның немесе бөлменің бір жағында сызық жүргізіледі, оның арғы жағында балалар тұрады. Ал бұған қарама-қарсы жақта 1-1,5м жерде әр түрлі түсті жалаушалар қойылады.
Тәрбиеші балаларға жалаушалардың түсіне сәйкес келетін екі-үш түсті кішкене шарларды таратып береді. Бұдан кейін кішкене шарлардың қандай түсті екенін көріп алуды ұсынады да сол түсті жалаушаның қасына тұрып, соған қарай шар домалатуды ұсынады. Балалардың барлығы шарларын домалатып болғаннан кейін, тәрбиеші енді оларды корзинаға салуын сұрайды, одан кейін қайтадан таратып береді, ойын қайта басталады.
Ұя басқан тауық пен балапандар.
Балалар балапандарды, ал тәрбиеші ұя басқан тауықты бейнелейді.
Бөлменің немесе алаңның бір жағында қоршалған орын. Бұл – үй (жалаушалар тізбектеле жіп 40-50см биіктіктегі ағаштардың немесе бағандарының арасымен тартылады). Үйде балапандарымен ұя басқан тауық орналасқан.
Тауық балапандарына тамақ (жем) іздеп кетеді. Біраз уақыттан кейін ол: «Ко-ко-ко-ко» деп балапандарын шақырады. Бұл сигналда естіген балапандар жіптің астынан өтіп, енесіне келеді
Қосымша Ғ
Әуен-сазды ойындар:
АҢШЫ ЖӘНЕ ҚОЯНДАР
Ойын шарты:Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып, немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.
Сылдырмақ
Ойын шарты:Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.
«Малды төлiн емiзуге шақыру»
Ойын жүргiзушi:
Кәне, балалар, төрт түлiк малды төлiн емiзуге бәрiмiз бiрдей дауыстап шақырайық.
Дыбыстардың тазалығына, сөздердi анық айтуға көңiл бөлген жөн.
Ойынды көрнектiлiктер пайдалана отырып, еткiзуге болады.
1) Ұрмалы немесе iшектi аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, кобыз, жетiген, т. б.) дыбыс ерекшелiктерi арқылы айыра бiлуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсендiлiгiн, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешiмiн дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
2) Күйдi тыңдатып, одан алған әсерiн сұрау. Немесе, күйдi тыңдата отырып, оларға күйден алган серiн, көңiл күйiн, ой сезiмi мен толымысын суретке салдыру керек.
З) Ою-өрнектердiң түрлерiн көрнекi кұралдар пайдалану арқылы таптыру. Көрнекi кұралдарға — үй жиһаздарынан: түскиiз, қоржын, киiз, әр түрлi иллюстрацияларды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |