Буын және сүйек инфекцияларына остеомиелит, буын немесе буынқап инфекциялары, медициналық көмек көрсетумен байланысты омыртқааралық дискілердің инфекциялары жатады.
Остеомиелитті анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
сүйек тіндерінің себіндісінде микроорганизмді бөлу;
хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын остеомиелит белгілері;
басқа ешқандай себептер болмаған жағдайда келесілердің екеуінің: қызбаның (38 ° С-тан жоғары), локальды ісіну, ауырсыну, қызу, болжамды инфекция ошағынан бөліндінің бөлінуі және келесі жағдайлардың бірінің болуы:
қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
қанды зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер болып табылады.
Буын немесе буынқап инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың біреуінің болуы:
синовиальды сұйықтық себіндісінде немесе синовиальды тін биоптатында микроорганизмді бөлу;
хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық зерттеу деректерімен расталатын буын немесе буынқап инфекцияларының белгілері;
басқа ешқандай себептер болмаған жағдайда келесілердің екеуінің: буынның ауыруы, ісінуі, ауырсыну, қызу, буыннан сұйықтықтың немесе қимыл-қозғалыс амплитудасының шектелуі және келесі жағдайлардың бірінің болуы:
Грам бойынша бояған кезде синовиальды сұйықтық үлгілерінде көрінетін микроорганизмдер және лейкоциттер;
қанды, несепті немесе синовиальды сұйықтықты антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
синовиальды сұйықтықтың инфекцияға тән және негізгі ревматикалық аурудың белгілері болып табылмайтын жасушалық және биохимиялық сипаттамалары;
инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер болып табылады.
Омыртқааралық дискілердің инфекцияларын анықтау критерийі пациентте келесі жағдайлардың бірінің болуы:
инфекцияланған жерден хирургиялық араласу кезінде немесе пункциялық биопсия арқылы алынған тін үлгілерінің себінділерінде микроорганизм бөлу;
зақымдалған жердегі инфекцияның хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистопатологиялық деректермен расталатын белгілері;
басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (38 ° С-тан жоғары) немесе зақымдалған жердің ауыруы және инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер;
басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (38 ° С-тан жоғары) немесе зақымдалған жердің ауыруы және қанды, немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы болып табылады.