Айжан қыз: - Балалар, мен сендермен ойнауға келдім. Мен жалғыз келген жоқпын. Қуыршағымды ала келдім. Қуыршағыммен таныстырайын қуыршағымның аты – Нұрай. Менің қуыршағымның беті, қолы кірлеп қалды. Балалар, ойнамастан бұрын қуыршағымды жуындырып беруге көмектессеңдер екен.
Тәрбиеші: - Балалар, қане бәріміз Айжан қыздың қуыршағын шомылдыруға көмектесейік.
Тәрбиеші алдын ала дайындаған ванна, су құйылған ыдыс, сабын, орамалды ортаға қойып Нұрай қуыршақты шешіндіреді.
Тәрбиеші: Инабат, суды ұстап көрші, су қандай екен?
Су жылы, таза. (Тәрбиеші екі-үш баланы шақыртып судың жылы, таза екенін байқатады).
Балалар, қараңдаршы Нұрай суға шомылғысы келіп тұр, - деп қуыршақтың қолын жетер-жетпес көтеріп, бір-екі бастырып жүргізеді. Қуыршақты ваннаға отырғызады.
- Қане, балалар, тақпақ айтып берейік.
Жуын, жуын, жуынсаң,
Қандай жақсы қуыршақ.
Әйтпегенде бөпешім,
Кірлеп кеткен екенсің.
Қазір аппақ боласың,
Қуанады анашың.
Тәрбиеші: - Алишер, сен сабынды әперші.
- Балалар, Айжан қыз, бәрің де қараңдар. Нұрайдың басын былай сабындаймыз, содан кейін жуамыз. (Балалар, сабын қайтті? Деген сұрақ қойып, «көпіршіді» деген жауап аламыз).
- Көрдіңдер ме, Нұрай басын жуғанда жылаған жоқ. Сендер де шомылғанда алдымен бастарыңды жуыңдар.
- Қане, Інжу сен Нұрайдың басына су құйшы, сабыны кетсін. (Інжу су құйып тәрбиешіге көмектеседі).
- Бәрің көрдіңдер ме, Нұрайдың басы таза болды. Орамалмен басын сүртіп құрғатайық.
- Аблайхан, сен ормалады әпер. (Аблайхан ормалады әперді, тәрбиеші қуыршақтың басын сүртеді).
Тәрбиеші: - Енді Нұрайдың қолын, мойнын, денесін, аяғы міне былай жуамыз. (Жуып көрсетеді).
- Зарина, сен Нұрайдың үстіне су құй. (Зарина Нұрайдың үстіне су құяды). Жанияға орамал алғызып, Нұрайдың үстін сүртеді.
- Нұрай шомылып болды. Қандай таза, әдемі.
- Қане енді сендер Нұрайды киіндіруге көмектесіңдер.
- Қылышбек, сен Нұрайдың көйлегін әпер. (Нұрайға көйлекті кигізуге тәрбиеші көмектеседі).
- Ершат, сен шалбарын әпер. (Шалбарды кигізеді).
- Нұрайды киіндіріп болдың, енді оның ұйқысы келді. Қуыршақтар бұрышындағы бесікке жатқызайын.
- Ал, енді Нұрайдың ұйқысы тәтті болсын деп «Әлди, әлди» әнін айтайық.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Тербетейін жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Тәрбиеші: - Қуыршақ Нұрай ұйықтасын, демалсын, содан кейін бәріміз ойнаймыз.
- Балалар, енді біз Нұрайдың киімдерін реттеп қояйық.
- Балалар, біз бүгін сабақта не істедік?
- Қуыршақты шомылдырдық.
- Қандай жаңа сөздер үйрендіңдер?
- Жылы, көпіршіді.
Тәрбиешімен бірге балалар жаңа сөздерді 2-3 рет қайталайды. Айжан қыз енді өзің қуыршағыңды жуындыра алатын болдың.