Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, Қатынас.
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, Көркем әдебиет,Айналамен таныстыру..
Тақырыбы:«Құм қаласына саяхат»
Мақсаты: Білімділігі: Өткен сабақтарда өткен математикалық ұғымдарды бекіту, Математикаға деген қызығушылығын арттыру
Дамытушылығы: Көріп сезіну арқылы балалардың сөзік қорын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Балалардың ақыл-ой белсенділігін күшейтіп, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Құммен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік : Құм қаласы, ойыншықтар , пирамидалар.
Қос тілдік компонент: Құм – песок,
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Қол алысып, кәне біз,
Достасайық бәріміз
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Балалар бір біріне қолдарын беріп шаттық шеңберді айтады.
Іздену- ұйымдастырушы -Мен сендермен бірге алыс бір сыйқырлы қалаға саяхатқа барғым келеді. Сендер менімен бірге барасындар ма?
Ол қала жәй қала емес, құмдар қаласы. Ол жерге бару үшін мына сөздерді қайталайық, қолдарыңды алдыға созыңдар.
Алақанға қараймыз
Жылы сезім табамыз.
Ақылды болып өсеміз,
Биіктерге жетеміз.
Құмның бетіндегі матаны алады.
Балалар сендермен бірге құм қаласындағы саяхатымызды бастаймыз. Бұл жерде сендер ештеме көріп тұрған жоқсыңдар, қазір сендер ең ақылды , іздемпаз балалар боласыңдар, бұл қаланың адамдары сендер қандай бала екендеріңді білмей жатыр. Кәне қандай бала болуға болады.
-Ашуланған бала
-Жылауық бала
-Таңқалған бала
- Күлген бала
Мінекей қараңдаршы құм баласында да күлген ақылды балаларды жақсы көреді.
Ақылды бала туралы кім маған тақпақ айтып береді.
Ал кір қожалақ кір бала туралы не білесіңдер?
Балалар сендерге бір айта кететін жағдай.
Құмды ауызға салуға болмайды
Шашуға тағы да болмайды
Жеуге болмайды келісеміз бе?
1.Балалар құмды
алақандарыңмен ұстаңдар қатты ма жұмсақ па?
Құрғақ құм ба, су құм ба?
2. Балалар құмды да өзіміз сияқты күлдірейікші.
3. Балалар қолдарыңмен құмды алыңдар да ақырындап тырс – тырс жеп жаңбыр жаудырыңдар.
4. Балалар сендер білесіңдер ме осындай жаңбыр қатты жауып ойыншықтардың барлығы құмның астында қалып кеттіпті. Кәне іздеп шығарайық.
-Қандай пішін?
-Түсі қандай?
-Пирамиданың қайсы
үлкен, қайсы қысқа. -Пирамиданың қайсы ұзын, қайсы қысқа?
Қандай пішіндерді жинадық?
Балалар мен мына бір хатты тауып алдым. Хатта
Балалар сендер мына
ойынды бізге ойнап көрсетіңдерші, құм жаласының балалары депті
«Көңілді адамдар»
Мақсаты: Қандай түсті адам болса, сондай түсті пішіндерді жинау.
Балалар қараңдаршы мына кішкентай біздің достарымызда бір жылауық баладан қашып «Құм қаласына» қонаққа барғысы келеді екен. Олардың баруына біз көмектесе алады екенбіз осы достарымыз туралы тақпақ айтсақ оларды кіргізеді екен..
Дұрыс балалар енді апарып құмның ішіне достарымызды жылауық баладан тығып қойалық.
Балалар біз «Құм қаласында» ойнадық, қыдырдық енді бізде өзіміз әкелген сыйымызды тастап кетейік. Топта жасаған гүлдерімізді құм қаласына отырғызайық.
Балалар келіседі.
Балалар қолдарын созып өлеңді бірге қайталайды.
Балалар таң қалады.
Балалар әр түрлі көңіл күйді көрсетеді.
Мен ақылды баламын
Айтқан тілді аламын
Анам нанға кеткенде
Үйде жалғыз қаламын.
Анау бала
Бетін қара,
Кір – қожалақ қап- қараша Тырнағы өскен
Шашы көптен
Алынбаптау масқара!
Балалар келіседі.
Балалардың жауабы.
Балалар сұқ саусақтарымен құмда жыланша ойнайды.
Балалар құмды жаңбыр етіп ойнайды.
Балалар құмның ішінен ойыншық іздейді.
Пирамиданың дөңгелектерін табады.
Балалардың жауабы.
Балалар хатты тыңдайды.
Ойын ойнайды.
Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қапты масқара
Пеш үстінде мысық отыр.
Екі көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі кеп
Оның тісі қышып отыр.