2. Қоғамдық қатысым және қоршаған ортаны қорғау
Біздер өз аймағымыздағы экологияны жақсарту мақсатында бірнеше маңызды рөлдер атқара аламыз. Атап айтқанда қазір елімізде көптеген ұйымдар мен еріктілер тобы жұмыс атқаруда, мысалы "Жасыл ел " деп аталатын 3 айлық еліміздің жастарын тазалыққа ұмтылдыратын ұйымды алайық. Бұл ұйымның аймағымыздың экологиясына берер пайдасы өте көп. Осындай сынды ұйымдар мен шараларға қатысу еліміздің жастарына үлкен мүмкіндік береді. Яғни, осы іспеттес шаралар аймағымыздың экологиясын таза ұстауға, біздерді тазалыққа немқұрайлы қарамауға үйретеді. Осылайша біз басқа да еріктілермен бірінші тазалық мақсатында, одан кейін өзіміздің жазғы демалыстағы уақытымызды босқа өткізбей түрлі ұйымдар мен шараларға қатысып, аймағымыздың экологиясына құрттай да болса өз үлесімізді қоса аламыз. Тек ұйымдарға қатысып қана қоймай, күнделікті қала ішінде немесе өз аймағымыздағы жерде шашылып жатырған қоқыстарды жинап немесе даладағы жұмысшыларға көмектесу арқылы үлкен рөл атқаруымызға болады.
Тазалық – қашанда саулықтың кепілі. Еліміздің алға қарай дамуы да, шетте қалып кету қаупі де елдің тізгінін қолға алар келешек ұрпақтың қолында. Ал келер ұрпақ қазіргі үлкендердің айнасы іспетті. Біз қазір қоршаған ортаны қорғау жолында мынадай шараларды жүзеге асыруымыз қажет:
Айналаны, табиғатты таза ұстап, күл – қоқыстың, түрлі ластағыш заттардың дендеп кетуінің алдын алып, айналамызды үнемі жинақы ұстауға дағдылануымыз қажет. Қарапайым әрбір сенбі – жексенбі демалыс күндері өзіміз өмір сүріп отырған аймақтың қоқыстан таза болуын қадағалап отыруымыз шарт. Себебі барлық жағдай ұсақ – түйектің бастау алуының негізінде өрбиді, сондықтан әрбір дүниенің алдын өршіп кетпей тұрған кезінде алып отырған жөн.
Айналамызды таза ұстап қана қоймай, ауаның да таза болуы үшін, көбірек тал – терек егіп, оны ерінбестен суғарып, өсімдіктер мен әртүрлі, жасыл ағаштар өсіріп отырған жөн. Себебі тал – терек жасыл өсімдік сәндігімен қоса, атмосфераның таза болуына үлкен септігін тигізері бәріне мәлім.
Келесі айта кететін жайт – қарапайым үйіміздің жанында болсын, әр нәрсені өртеу мен көк түтін ауаға кері әсерін тигізері анық. Сондықтан да ауаны ластаушы бірден – бір зат – түтін қалдығы. Ол адамның тыныстауына да кері әсерін тигізіп, жүтел, және т.б. денсаулыққа әкелетін зияны көп. Сондықтан да ауа – барлығымыз тыныстайтын ортақ, қоршаған ортаның көзге көрінбейтін адамның тіршілігі үшін маңызы орасан зор нәрсе.
Табиғат ананы қорғау мен қоршаған ортаны көркейту мақсатында осындай бірқатар қарапайым шараларды жүзеге асырсақ, өзімізден жақсы, қоршаған орта үшін жағымды элементтерді жасауға үлесімізді қоссақ, сіз бен біз болып еліміздің көркейтіп дамыта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |