Жоба тақырыбы: Мен өз аймағымның экологиясында қандай рөл атқара аламын?


Атырау экологиясын жақсарту бойынша ұсыныстар



бет5/6
Дата17.05.2022
өлшемі32,93 Kb.
#34736
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба экология (1)

3. Атырау экологиясын жақсарту бойынша ұсыныстар

Атырау облысының өзінде экология нашар деуге келеді, себебі мұнда ауаны ластап тұрған мұнай өндіретін зауыт АНПЗ орналасқан. АНПЗ - дан басқа да экологияны бұзып жатырған мәселелер көп. Қарапайым халықтың өзіде экологияны ластап отыр. Мысалға алатын болсақ, Жайықтың жағасына демалысқа шығу, ол жерде отын жарып айналаны ластайды. Мен өз аймағымның экологиясына алаңдаймын. Сол себептен қаламыздың жақсы болуы үшін адмдарды табиғатты қорғауға насихаттау қажет. Адамдарды экологиялық тәрбиелеу ісінде газет-журнал, теледидар, радиоақпараттарда кем дегенде бес минут айтылып отыруы қажет деп ойлаймын. Адамдардың санасына экологияны қорғау жөнінде кітап беттерінде жазылса екен деймін. Өсіп келе жатырған ұрпаққа жақсы болар еді. Мен өз аймағымның экологиясын жақсарту үшін бірнеше ұсыныстар айтқым келеді. Ең алдымен облысымыздың экологиясын кеңінен жариялау. Одан соң экологиялық проблемалар бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер және де түрлі көрмелер өткізу. Бала-бақшадан бастап экологиялық оқытулар жүргізу және де жыл сайын құстар апталығын , бақша апталарын, табиғат күндерін өткізу, ол жерде адамдар экологияның жақсаруы үшін еңбектенеді. Тағы да айта кететін жайт аудан, қалаларымызға тал егуіміз қажет. Қазіргі таңда жастарға көптеген мүмкіншіліктер бар соның бірі табиғатты қорғау үшін арнайы "Жасыл ел "

ұйымы құрылды. Ол жерде жастарымыз еңбектеніп, ақша табу мен қатар табиғатты қорғауды үйренеді. Аудан қалаларымызда көптеп тал отырғызылса, экологиямыз жақсарады деген ойдамын. Қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер өз жұмыстарын бастауда, сол кісілерде өздері үшін және де өсіп келе жатырған ұрпақтары үшін айналамызға тал отырғызуы қажет. Қаламызда зауыт, мащина болғандықтан экологиямыз дұрыс болмайды. Азда болса өз жерімізге пайдамызда тигізіп, тал егуіміз керек деп санаймын. Бұрындары ата- бабаларымыз айтып кеткен кереметтей мақалдарымыз бар, соның бірі, "Артында мал қалғанша, тал қалсын " деген. Талдың рухани пайдасы зор. Біріншіден оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа, және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол. Сондықтан да өзіміздің тұрып жатырған аудан қаламызға әрбір қазақ жастары пайдасын тигізуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет