Жобалау аа-аа 69. А. Файоль ұсынған басқару құрлымының жетістігі мен кемшілігін талдаңыз


ММ-ММ 19. Мақсатты-бағдарлы жобалардың ерекшеліктері мен белгілері



бет30/50
Дата02.05.2023
өлшемі120,42 Kb.
#89182
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50
Байланысты:
Жобалау аа-аа 69. А. Файоль сын ан бас ару рлымыны жетістігі

ММ-ММ
19. Мақсатты-бағдарлы жобалардың ерекшеліктері мен белгілері
Педагогикалық жүйе компоненттерін мақсатты түрде дамытуды жүзеге асыру мақсаттық - бағдарлы жобалар жасалуын қажет етеді. Бұл жобалар, ең алдымен, ұйым мүшелері мен топтардың қарым-қатынасын, ішкі тәртіптері мен жұмыс нәтижелерін өзгертуге бағытталады. Басқаша айтқанда, жобалау қызметін ұйымдастыруды өзін-өзі дамытатын жүйе қалыптастыру әдісі деуге болады.
Осындай педагогикалық жобалаудың ерекшеліктері: – қоршаған ортаның динамикалық өзгерістеріне сәйкес жаңа мақсаттарға бейімделе алады; – педагогтар мен басшылардың бірлескен қызметтері арқылы қоғамдағы өзгерістер талабына жауап бере алады; – ұйым мүшелерін дамытуға және ӛздерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызылады, өзара сенімге құрылған қарым-қатынастың жоғары болуынан туындаған қайшылықтар дер кезінде шешіліп отырады; ұйымдағы мақсат қою және шешім қабылдау үдерістеріне әр адам міндетті түрде тартылады, өйткені, олар жүйедегі өзгерістерді жоспарлау мен оларды басқаруға өздерінің тікелей қатысы барын ұғынады. Педагогтарды мақсатты бағдарлы жобалау қызметіне тарту арқылы педагогикалық немесе оқыту жүйесін дамытудың жобасы жасалады. Онда: біріншіден, нені жасау керек? деген сұраққа сай, педагогикалық жүйенің шығудан көрінетін күтілетін нәтижелері құрастырылады. Олар жүйенің ішкі және сыртқы өзгерістеріне, ұйымның мүмкіндіктері мен ресурстарына сай жасалады; екіншіден, неге олай жасау керек? сұраққа сай атқарылатын әрекеттердің мақсаты мен міндеттері анықталады. Олар сыртқы орта, үлкен жүйе талаптарына сай жасалған педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымының жалпы мақсаты мен соған сәйкес жүйедегі әрбір құрылымның мақсаттары мен міндеттері үйлестіріледі. Ол жобалауға қатысушылардың мақсаттар жүйесіндегі өз міндеттерін ұғынуға мүмкіндік береді; үшіншіден, қалай жасау керек? деген сұраққа сай, яғни, мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда қандай құндылықтардың басшылыққа алынатыны, қандай әдіс - тәсілдер мен құралдар пайдаланатыны белгіленеді.
НН-ННН.Г.Алексеев бойынша жобалауды жүзеге асыруда қандай кезеңдер болды?Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді. Оның бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады. Бұл кезеңде стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында, кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі мен оның мәдениеті қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне негіз қалыптасты деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет